• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережесі бекітілсін.
2. Заң департаментіне (Э.Б. Ибраева):  
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің орынбасары С.М. Жұманғаринге жүктелсін.  
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.  
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы « » маусымдағы
№
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмысын ұйымдастырудың және қызметін реттеудің тәртібін айқындайды.
2. Комиссия жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеуді объективтi және құзырлы жүзеге асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
3. Комиссия өз жұмысында «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін (бұдан әрі – Ереже), осы Ережені және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу саласындағы құқықтық қатынасты регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
4. Министрлік аккредиттеудi, оны жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзiмдi баспа басылымдарда немесе Министрліктің ресми сайтында жариялағаннан кейiн, жыл сайын аккредиттеуді жүзеге асырады.
5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi аккредиттеуге жатады.
6. Егер аккредиттеуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктi, қызметтiң бiр саласын бiлдiретiн екi немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.  
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен қызметтері
7. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру болып табылады.
8. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
1) аккредиттеуді алу үшін Министрлікке жіберілген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің материалдарын қарау;
2) аккредиттеу туралы куәліктің күшін тоқтату мәселелерін қарау;
3) аккредиттеуге бірлестіктер ұсынған материалдарды қарау қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар шығару, оның ішінде аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтарды жоюда оның қолданылуын жаңғырту мәселелері бойынша.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
9. Комиссияны төраға басқарады.  
Комиссия құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
10. Комиссияның жұмыс органыньң функциялары Министрліктің Заң департаментіне жүктеледі.
11. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады.
4. Аккредиттеу жүргiзудiң тәртiбi
12. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтiнiш;
2) салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
13. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi мынадай кезеңдердi қамтиды:
1) Комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
2) Министрліктің аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы;
3) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
14. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады.
15. Құжаттарды қарау Комиссияның мәжiлiстерiнде жүзеге асырылады. Комиссия мыналарға:
1) бiрлестiктi аккредиттеудi;
2) бiрлестiктi аккредиттеуден бас тартуды;
3) аккредиттеу туралы куәлiктiң күшiн тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынуға құқығы бар.
16. Министрлік Комиссияның ұсынымы негiзiнде аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдайды.
Аккредиттеу туралы куәлiк немесе себебiн негiздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама Министрлік тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бiрлестiкке берiледi.
17. Құжаттарды қарау (өтiнiштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдау мерзiмi он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
18. Егер:
1) берiлген құжаттар осы Ереженiң 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;
3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.
19. Аккредиттеу туралы куәлiк осы Ережемен белгіленген нысан бойынша 3 жыл мерзімге берiледi.
20. Аккредиттеу туралы куәлiк иелiктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берiлмейдi.  
21. Аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан кезде бiрлестiк тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде Министрліктен оның телнұсқасын ала алады.
5. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату
22. Комиссия аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату мәселелерiн он жұмыс күнi iшiнде қарайды.
23. Аккредиттеу туралы куәлiк өз қолданылуын мынадай:
1) куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бiр айдың iшiнде жойылмаған;
2) аккредиттелген бiрлестiк қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын ерiктi тоқтату туралы өтiнiш берген;
4) оның қолданылу мерзiмi өткен жағдайда тоқтатады.  
 __________________________
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бұйрық жобасына анықтама – негіздеме
 

Р/с№

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрл i г i

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу Ережесінің 7-тармағына сәйкес

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырудың және қызметін реттеудің тәртібін айқындау мақсатында

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көзделмеген

7 .

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Жоқ

8 .

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарату) туралы мәліметтер

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ



Заң департаменті директорының м.а. Э. Ибраева