Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 300 Өкімі
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыруын ақпараттық қамтамасыз етудегі зор рөлін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін:
Срайыл Смайылға - «Жас қазақ» газетінің бас редакторына - отандық журналистиканы және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
Лев Юрьевич Тараковқа - «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторына - тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамытуға бағытталған белсенді қызметі үшін;