• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойлдарды және өзге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойлдарды және өзге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 713 Қаулысы

2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына, 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Тұрмыстық пеш отынынан басқа, жеңіл дистилляттар мен өнімдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), орташа дистилляттарды, керосинді, газойлдарды, дизель отынын (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 110 0 — 2710 12 480 0, 2710 20 110 0 — 2710 20 190 0), мотор майларын (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0), гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтарды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 840 0), ақшырайлы майларды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 860 0), тегершік үшін майлар (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 880 0), электр изоляциялық майларды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 940 0) және өзге де мұнай өнімдерін (КО СЭҚ ТН коды 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын.