• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 711 Қаулысы

2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарының ішкі нарығындағы шектен тыс жетіспеушілікті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатын (КО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және басқасын (КО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (КО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салу енгізілсін.