• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2015 г

Отправить по почте

"Қазақстан Республикасы Көлік және комумуникация министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 маусымдағы № 659 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.04.2015 жылғы № 222 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1070-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 14 маусымдағы
№ 659 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1561 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік-коммуникация кешенін дамытудың озыңқы қарқынын қамтамасыз ету мақсатында көлік және коммуникация саласындағы Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.
Пайымы – экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені.
Теміржол, автомобиль, өзен, әуе көлік түрлерін, автомобиль және теміржолдарды, кеме жолдарын білдіретін республиканың көлік кешеніне шаруашылықаралық және мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл беріледі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі 2013 жылы 7,4 % құрады.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 14,8 мың км теміржолдан; 97,4 мың км автомобиль жолынан; 4,04 мың км ішкі су кеме қатынасы жолынан тұрады.
2013 жылы республика аумағындағы қатынас жолдарының тығыздығы 1000 ш.км аумаққа жалпы пайдаланымдағы теміржолдар бойынша 5,5 км; жалпы пайдаланымдағы қатты жабыны бар автомобиль жолдары бойынша 31,5 км-ді құрайды.
Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2013 жылы 3 277,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың көлемінен 8,7 % артық.
Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушыларды тасымалдау 2013 жылы 8,2 %-ға ұлғайды және 20 001,5 млн. адамды құрады.
Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдаудың қашықтығының алыс болуы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажетті етуде.
Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 14,8 мың км (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34 %), электрлендірілген желілер – 4,2 мың км (28 %), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүк тасымалдылығы – 21,8 млн. тонна-км құрайды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.
 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Кезең

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Тасымалданған жүктер

млн. тонна

267,7 (+8%)

279,6 (+4,4%)

294,7 (+5,4%)

287,7 (-2,4%)

Жүк айналымы

млрд. ткм

213,2 (+8%)

223,6 (+4,9%)

235,8 (+5,4)

231,2 (-2%)

Жолаушылар жөнелтілді

млн. жолаушы

15 (+7,1%)

16,5 (+10%)

19,5 (+18,1%)

19 (-2,6%)

Жолаушылар айналымы

млрд. жкм

13,9 (+8,3%)

14,6 (+4,7%)

16,7 (+14%)

16,9 (+1,2%)

Кірістер

млрд. теңге

518,6



(+19%)

712,1



(+37,3%)

819,3



(+15%)

894,2



(+9,1%)

Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.
Теміржол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:
1) магистральдық теміржол желісін (бұдан әрі – МТЖ) мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда, теміржол көлігін нарыққа бейімдеу;
2) тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті дамыту есебінен теміржол көлігі қызметтерінің қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3) салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;
4) теміржол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.
Қазақстан Республикасының теміржол саласын реформалау барысында мынадай аралық нәтижелерге қол жеткізілді:
1) шаруашылық қызметтің бейінсіз түрлері және мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер бөлінді және жергілікті билік органдарына берілді;
3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидиялау басталды.
2013 жылдың қорытындылары бойынша локомотивтер паркінде 1 892 локомотив, оның ішінде 556 бірлік электровоз, 1 336 бірлік тепловоз бар. Локомотив паркінің жай-күйі 66,7 %-ға жететін жоғары тозумен сипатталады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 128 250 бірлікті құрайды, оның ішінде 64 786 бірлік немесе 50,5 % – мүкәммалдық, ал 63 464 бірлік немесе 49,5 % жеке меншік болып табылады. Жүк вагондарының мүкәммалдық паркінің негізгі проблемасы оның 47,7 %-ға жететін әбден тозуы болып табылады.
Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.
2013 жылғы жағдай бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондар паркі 2043 бірлікті құрады. Пайдалану мерзімі бойынша мүкәммал паркінен 2013 жыл ішінде шығаруға жататын вагондар саны 102 бірлік немесе мүкәммал паркінен 5,3 % құрады. 2014 жылға дейінгі кезеңде жолаушылар айналымының өсуін ескере отырып, жолаушылар вагондары шығуының орнын толтыру үшін 757 жолаушылар вагонын сатып алу қажет.
Бұл ретте 2012 – 2014 жылдар кезеңінде бюджет қаражаты есебінен кредиттік негізде 420 «Тальго» жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған.
Қазіргі уақытта республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидиялардың бөлінуімен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.
Саланың бәсекелестік моделінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияларға толық бақылау және тасымалдау процесіне тартылған активтердің, атап айтқанда, вагондар мен локомотивтердің жаңартылуы үшін жауапкершілік қажет.
Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.
Көрсетілген тасымалдар сегменттерінен үш топты бөліп атауға болады.