• Мое избранное
Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 маусымда № 9478 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 01.04.2020 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С.Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 189 бұйрығына
1-қосымша
  • 1
Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты
басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 13)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін айқындайды.
2. Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (28.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша мемлекттік кірістер департаменттері жатады.
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.12.2018 жылғы № 1067 Бұйрығына сәйкес (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу тәртібі
3. Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу (бұдан әрі – Есепке алу) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміндегі адамдарды әкімші кандидатурасын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай есепке алу үшін енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (18.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2017 жылы "ҚРНҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Уәкілетті орган Есепке алуды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің Бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (18.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2017 жылы "ҚРНҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізіліміне енгізілгені және (немесе) тізілімнен алып тасталғаны туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қызметінің басталғаны туралы хабарламаны берген және (немесе) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күні енгізіледі. Әкімшілер қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (18.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2017 жылы "ҚРНҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды
тағайындау тәртібі
6. Оңалту рәсімінде, егерде кредиторлар жиналысы борышкер мүлкi меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген жағдайда, кредиторлар жиналысында уәкілетті органда тіркелген тұлғалардың ішінен оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдайды.
Банкрот рәсімінде кредиторлардың алғашқы жиналысында уәкілетті органда тіркелген тұлғалардың ішінен банкроттықты басқарушының кандидатурасын кредиторлар таңдайды.
7. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға кандидатураны таңдау кезінде кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кәсiптiк бiрлестiктерiнен алуы мүмкін.
8. Кредиторлар жиналысы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының таңдалған кандидатурасын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне таңдалған кандидатураны ұсынғанға дейін кредиторлар жиналысы оны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы болып таңдалғаны туралы хабарлайды.
9. Осы Заңның 12-бабы 3-тармағында көрсетілген мән-жайларды анықтаған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатурасын тағайындаудан дәлелді бас тартуды ол анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды. Кредиторлар жиналысының тиісті хабарламасы, кредиторлар жиналысының төрағасына жазбаша хабарламаны жіберу деп танылады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, дәлелді бас тартуды алған күннен кейінгі күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірімей кредиторлар жиналысы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етiп тағайындау үшін басқа кандидатураны ұсынады.
10. Оңалтуды басқарушы оңалту жоспарын бекіту туралы немесе борышкердің мүлік иесін, мүлікті басқарудан құрылтайшыларды (қатысушыларды) шеттету туралы сот ұйғарымының заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, ал оңалтуды басқарушыны шеттеткен жағдайда кредиторлар жиналысы кандидатурны ұсынаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен тағайындалады.
Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы кандидатураны ұсынған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен тағайындалады.
11. Тағайындау туралы бұйрық екі данада жасалып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы, не болмаса оның орынбасары қол қояды және мөрмен расталады. Бұйрықтың бір данасы қолма-қол, бұйрықтың екінші данасына алғаны жөнінде қол қойдырып беріледі, бұйрықтың екінші данасы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады. 
12. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау туралы бұйрық қабылданған күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
13. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен өздерінің өкілеттіктерін орындауын бастады деп саналады.
4. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды
шеттету тәртібі
14. Заңның 12 бабының 10-тармағымен көзделген жағдайларда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен оңалтуды және банкроттықты басқарушылар өздерінің өкілеттіктерін орындаудан:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (18.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2017 жылы "ҚРНҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталғаны туралы хабарламаны алған;
2) әкімшіден арыз түскен;
3) кредиторлар жиналысының хаттамасы түскен;
4) тексеру актісі шығарылған күннен бастап екі күні ішінде шеттетіледі.
15. Оңалтуды және банкроттықты басқарушылар өз еркі бойынша босату туралы өтінішін беру жолымен өкілеттіктерін орындаудан бас тартқан жағдайда, жүктелген өкілеттіктерінен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен шеттетіледі.
16. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету (босату) туралы бұйрық қабылданған күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
17. Жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттеткен (босатқан) күннен бір жұмыс күн ішінде ол туралы уәкілетті орган кредиторлар жиналысына хабарлама жібереді. Кредиторлар жиналысының тиісті хабарламасы, кредиторлар жиналысының төрағасына жазбаша хабарламаны жіберу деп танылады.
18. Кредиторлар жиналысы хабарламаны алған күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органда тіркелген адамдардың ішінен оңалтуды және банкроттықты басқарушы кандидатурасын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
19. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету (босату) туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде құрылтайшылық құжаттарын (бар болған жағдайда), есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгiлейтiн құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды, жаңадан тағайындалған оңалтуды және банкроттықты басқарушыларға немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі жойылған жағдайда борышкерге береді.
5. Қорытынды ережелер
20. Осы Қағидаларды енгізуге дейін уәкілетті органда оңалтуды және (немесе) конкурстық басқарушының және (немесе) сырттай байқау әкімшінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген адамдар туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге енгізіледі.
Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша 
және банкроттықты басқарушыларды
есепке алу, оңалтуды және
банкроттықты басқарушыларды
тағайындау және шеттету қағидаларына
қосымша
Нысан
Хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізілімі
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (18.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2017 жылы "ҚРНҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Әкімшінің аты, тегі, әкесінің аты (бар болса)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН )

Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілген күні

Әкімші ретінде жұмыс тәжирибесі

Ағымдағы жылы оңалтушы рәсімдері жүзеге асырылып жатқан борышкерлердің саны

Ағымдағы жылы оңалту рәсімдері аяқталған борышкерлердің саны

Ағымдағы жылы аяқталған оңалту рәсімдердің нәтижісі (мақсатқа қол жеткізді/ жеткізбеді)

Жұмыс өтілі (жыл)

Оңалту және банкроттық рәсімі аяқталған борышкерлердің негізгі қызмет түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9


 


 


 


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Ағымдағы жылы банкроттық рәсімдері жүзеге асырылып жатқан борышкерлердің саны

Ағымдағы жылы банкроттық рәсімдері аяқталған борышкерлердің саны

Ағымдағы жылы аяқталған банкроттық рәсімдердің нәтижесі

Кредиторлардың мәлімдеген талаптарының сомасы (мың теңге)

Кредиторлардың өтелген талаптарының сомасы (мың теңге)

Кредиторлардың өтелген талаптарының пайызы

банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімі (жыл)

Банкроттық рәсімдер барысындағы түсім сомасы (мың теңге)

Әкімшілік шығыстарды жабуға жіберілген сома (мың теңге)

банкроттық рәсімдер барысындағы түсімнен алынған әкімшілік шығыстардың пайызы

10

11

12

13

14

15

16

17

18


 


 


 


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Ағымдағы жылы, тексеру және камералдық бақылау нәтижесі, оның ішінде шағымдар бойынша оңалту және банкроттық рәсімдер барысында жіберілген бұзушылықтар

анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшіні әкімшілік жауапкершілікке тартқаны туралы мәліметтер

біліктілігін арттыру туралы деректер

19

20

21


 


 


 

  • 1
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 189 бұйрығына
2-қосымша
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидалары
1. Осы Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 13)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.
2. Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттырудың мақсаты, теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңарту, сондай-ақ әкімшінің қызметін жүзеге асыру кезінде бұрын алған білімі мен дағдыларын одан әрі жетілдіру болып табылады.
3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар өзінің біліктілігін уәкілетті орган бекітілген Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларына сәйкес әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізіліміне деректер енгізілген күнінен бастап әрбір үш жыл сайын арттырып отырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (18.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2017 жылы "ҚРНҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Біліктілігін арттыру экономикалық, қаржы немесе заң салаларында оқу және дағды алуды, заң және экономикалық жоғары мамандарды даярлайтын білім мекемелерінде өту жолымен жүзеге асырылады.
5. Біліктілігін арттыру бағдарламасы оңалту және банкроттық мәселелері бойынша 120 (жүз жиырма) білім сағатынан кем болмауы тиіс және мыналардан тұрады:
әкімшінің қызметіне қатысты заңнамадағы өзгертулер;
борышкердің қаржы-шаруашылық жағдайын бағалау бойынша ұсыныстар;
оңалту рәсімдері мақсатына қол жеткізуге тәуекелдерді белгілеуді қоса алғанда, оңалту жоспарының тиімділігін бағалау әдістері;
әкімшілердің қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері;
әкімшілердің қатысуымен өткен істер бойынша сот тәжірибесі;
тәжірибені есепке алумен әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау бойынша ұсыныстар;
білімді тұрақты түрде жаңартуды және жетілдіруді талап ететін әкімшілердің қызметімен байланысты басқа да мәселелер.
6. Біліктілігін арттыру курсын бітіргеннен соң уақытша әкімшілер, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар эмтиханды білім мекемесіне тапсырады.
Эмтихан билетіне оңалту және банкрот рәсімінде борышкердің жұмысы және мүлікті басқаруға қатысты теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалар кіреді.
7. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларға білімдерінің оңды нәтижесі бойынша оқуды аяқтау қорытындысымен біліктілікті арттыруды жүргізген білім мекемесі тарапынан білім мекемесі басшысының қолы қойылған, берілген уақытысын көрсетіп, біліктілігін арттырғаны туралы құжат (сертификат) беріледі.
8. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар біліктілігін арттырудан өткендігі туралы уәкілетті органға құжаттардың көшірмесін біліктілігін арттырудан өту мерзімі біткенге дейін отыз күнтізбелік күн бұрын табыс етеді.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 189 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін, тағайындау және шеттету Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7374 тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 112-113 (26931-26932) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).қағидасын бекіту туралы
2. «Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 198 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7651 тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 201-202 (27020-27021) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9153 тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған).