• Мое избранное
Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 маусымда № 9507 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 11 желтоқсаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 20.10.2015 жылғы № 857 Бұйрығына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» 11 сәуірдегі 2014 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағы үшінші абзацына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы сертификат нысаны белгіленсін.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық органдарында оқытудан өткен тыңдаушыларға берілетін сертификат нысандары туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 226 бұйрығына қосымша
Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы сертификат нысаны