Bestprofi Logo

Қаулы № 703 от 2014-06-26г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015 г.

Документ на казахском языке

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 қаулысымен бекітілген

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары

1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары

(бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;

2) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі – жеке тұтынушы) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға;

3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары – (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар;

4) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5) қазақстандық өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында толық өндірілген ретінде айқындалатын тауарларды;

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ретінде айқындалатын тауарларды өндіретін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

6) құрылымдық бөлімше – энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі іс-шараларға басшылықты және оларды іске асыруды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.

3. Мемлекет жеке тұтынушыларға осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.

4. Атаулы көмек беру үшін ауданның жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ауданның ЖАО) шешiмiмен құрамында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, аудан әкiмдiгiнiң, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi бар комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады.

Құрылымдық бөлімше комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру тәртiбi

5. Атаулы көмек алу үшін жеке тұтынушылар ЖЭК қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін екi апта мерзiмде құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттар ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманың (куәлiктiң) көшiрмесi;

3) сенімхат (жеке тұтынушының құжаттарын басқа жеке тұлға ұсынған жағдайда) көшiрмесі;

4) жеке тұтынушының қазақстандық өндірушімен жасалған өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын сатып алуға шарттың көшірмесі;

5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын пайдалануға қабылдау туралы актi;

6) нөмірін көрсете отырып, екiншi деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымда жеке шотының бар екені туралы екі данада анықтама.

1) үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi және комиссияның қарауына енгiзедi.

2) ЖЭК қондырғыларының қондырғыларды пайдалануға қабылдау актілерінде көрсетілген қондырғылар параметрлеріне сәйкес келуін көзбен шолып тексеру мақсатында жеті жұмыс күнi iшiнде комиссия мүшелерiнiң елді мекендерге және (немесе) қоныстарға баруын ұйымдастырады.

7. Комиссия тексеріп қарау қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қуаты 5 кВт аспайтын ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актiсiн (бұдан әрi – тексеріп қарау актiсi) жасайды.

Тексеріп қарау актiсі екі данада жасалады, жеке тұтынушыға және комиссияға бір данадан.

8. Комиссия тексеріп қарау актiсiнiң және жеке тұтынушы ұсынған құжаттар негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЭК қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) жасайды және оны құрылымдық бөлімшеге ұсынады.

9. Комиссияның қорытындысына ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарауды және жеке тұтынушыға тиесілі атаулы көмектің сомасын есептеуді жүргізген комиссия мүшелері қол қояды, аудан әкімі бекітеді, сондай-ақ ауданның мөрімен куәландырады.

Комиссияның қорытындысы үш данада жасалады:

10. Егер Комиссияның қорытындылары бойынша жеке тұтынушыларға берілетін төлемдер сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың көлемiнен асып түсетін жағдайда, комиссияның қарауына бұрын түскен жеке тұтынушылардың өтiнiмдерi басым тәртіппен қанағаттандырылады.

11. Құрылымдық бөлімше комиссия қорытындыларының негізінде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұтынушылардың атаулы көмек алатын тізімін қалыптастырады және аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады.

12. Ауданның ЖАО атаулы көмек төлеуді өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректемелерi көрсетілген өтiнiшiнің негiзiнде алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым арқылы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

13. ЖЭК қондырғылырын сатып алуға бөлінген атаулы көмек туралы ақпарат тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, ауданның ЖАО интернет-ресурстарында жылына бір рет орналастырылады.

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 1-қосымша

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009

жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің

_____________________________________________________________________

(өтінім берушінің ТАӘ, өтінім берушінің ЖСН, өтінім берушінің жеке

басын куәландыратын құжаттың деректері)

қазақстандық өндірушіден төменде көрсетілген, _______________________

________________________________________________________ мекенжайында

орналасқан жиынтық қуаты 5 кВт-қа дейін жаңартылатын энергия көздерін

пайдалану қондырғыларын (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) сатып алуыма

байланысты, маған атаулы көмек беруіңізді сұраймын:

Р/с №

ЖЭК қондырғыларын қазақстандық өндірушінің атауы

Зауыттық нөмірі көрсетілген ЖЭК қондырғыларының атауы

ЖЭК қондырғысының қуаты, кВт

ЖЭК қондырғысының құны, теңге

Өтелетін болжамды сома, теңге

ЖЭК қондырғысының нормативтік пайдаланудың мерзімі (жыл)

1

2

3

4

5

6

7

















































Жиыны:































Барлық берілген құжаттар мен ақпараттың шынайылығына кепілдік

Атаулы көмек сомасын төлеуді мынадай деректемелер бойынша

Алушы (ТАӘ не тұтынушының атауы): __________________________;

Алушының ЖСН немесе БСН: ___________________________________;

Банктік шоттың немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке

Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның атауы:

Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның жеке коды:

Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 2-қосымша

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысын пайдалануға қабылдау туралы акті

облыс, аудан, елдi мекен және /немесе қоныс, көше,

__________________________________________________ мекенжайы бойынша

орналасқан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы (бұдан

әрі – ЖЭК қондырғысы) ______________ пайдалануға қабылдауға ұсынылды.

2. ЖЭК қондырғысы сатып алынған қазақстандық өндірушінің атауы:

_____________________________________________________________________

3. ЖЭК қондырғысын пайдалануға беру жұмыстарының басқа түрлерін

_____________________________________________________________________

(ұйымдардың атауы, әрбiр ұйым орындаған жұмыстардың түрлерi)

4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:

жұмыстардың басталуы __________; жұмыстардың аяқталуы _________

5. Іске қосу-баптау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:

жұмыстардың басталуы __________; жұмыстардың аяқталуы _________

6. Пайдалануға беруге ұсынылған ЖЭК қондырғысы мынадай

_____________________________________________________________________

(оны орналастыру, негізгі материалдары мен конструкциялары,

_____________________________________________________________________

технологиялық жабдықталуы бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар)

7. Энергиямен жабдықтаудың сыртқы коммуникациялары ЖЭК

қондырғысының қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Қабылдануға ұсынылған ЖЭК қондырғысы ________________________

____________________________________________ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ.

Өндірушінің өкілі: ___________________________________________

Жұмыстардың басқа түрлерінің жауапты орындаушылары ____________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 3-қосымша

Жеке тұтынушыны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын тексеріп қарау актісі

___________________________________________________ мекенжайы бойынша

(елді мекеннің және (немесе) қоныстың атауы)

Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия төрағасы:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

бір тараптан және жеке тұтынушы ______________________________ екінші

тараптан мынадай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану

қондырғыларына (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) көзбен шолып тексеру

жүргізілгені туралы осы актіні жасадық:

ЖЭК қондырғысын қазақстандық өндірушінің атауы: _______________

ЖЭК қондырғыcының атауы _______________________________________

ЖЭК қондырғысының атауы _______________________________________

Көзбен шолып тексеру барысында жоғарыда көрсетілген ЖЭК

қондырғыларының шын мәнінде орнатылғаны, пайдалануға берілгені және

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 4-қосымша

«Бекітемін» _______________________ (облыстың атауы) __________ ауданының әкiмi _______________________ (ТАӘ, мөрі)

Жеке тұтынушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытынды

_____________________________________________________________________

(жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының (бұдан әрі

_____________________________________________________________________

– ЖЭК қондырғылары) орналасқан жері, оның ішінде елді мекеннің және

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(кім құрған, ауданның ЖАО атауы, күні, комиссия құрамы туралы

___________________________________________________________ құрылған,

құрамында төраға: ___________________________________________________

(ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)

_________________________________________________________________ бар

(ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)

комиссия қаралған құжаттардың нәтижелері бойынша: ___________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

және ЖЭК қондырғысын тексеріп қарау нәтижелері бойынша жасалған

комиссия актісінің негізінде ________________________________________

_____________________________________________________________________

қондырғыны тексеріп қарау актісінен алынған қорытынды келтіріледі)

_____________________________________________________________________

(атаулы көмекті төлеудің ұсыным берілетін сомасын көрсете отырып,

_____________________________________________________________________

комиссия қабылдаған қорытындының негіздемесі келтіріледі)

2) ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актісі

3) атаулы көмек төлемі сомасының есебі

_____________________________________________________________________

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 5-қосымша

«Бекітемін» _______________________ (облыстың атауы) ___________ ауданының әкiмi _______________________ (ТАӘ, мөрі)

Атаулы көмек алатын жеке тұтынушылардың тізімі (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының 50 %-ын өтеу үшін)

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының атауы (бұдан әрі – ЖЭК қондырғыcы)

ЖЭК қондырғыcы орналасқан елді мекеннің және/ немесе қоныстың атауы

Жеке тұтынушының ТАӘ

ЖЭК қондырғысының қуаты, кВт

ЖЭК қондырғысының құны, теңге

Бюджеттік қаражаттың тиесілі сомасы, теңге

20__ ж. «___» _____ төленуге тиіс, теңге

1

2

3

4

5

6

7





















































































Жиыны:





































Төленетін сома ________ (цифрлармен) ______________ (жазбаша) теңге.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание