• Мое избранное
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 138/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 маусымда № 9526 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 28 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.04.2015 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 223-ОД бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8215 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (Б.Ә. Смағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев