• Мое избранное
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 7-1/418 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды есептік тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 18), 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
 № 664 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 778-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10) тармақшасы;
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 472-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.