«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 29.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспары
Стратегия өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.02.2017 жылғы № 59 Қаулысымен (18.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) Стратегия жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2017 жылғы № 331 Қаулысына сәйкес (13.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) Стратегия өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысымен (01.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) Стратегия жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.11.2021 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) Стратегияның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе |
3 |
1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ағымдағы жай-күйін талдау: Сыртқы ортаны талдау |
5 |
1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер |
5 |
1.2 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары |
14 |
1.2.1 Ұлт жоспары – 100 нақты қадам |
15 |
1.2.2 Ұттық жобалар |
16 |
1.2.3 Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары |
18 |
2. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ағымдағы жай-күйін талдау: Ішкі ортаны талдау |
20 |
2.1 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен ЕҰ ағымдағы құрылымы |
20 |
2.2 ҚТК орындалуы мен SWOT атқарылуын талдау |
21 |
3. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның миссиясы мен пайымы |
25 |
4. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары |
26 |
4.1 Қызметтің 1-ші стратегиялық бағыты. Кәсіпкерлікті қолдау |
26 |
4.1.1 Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау |
26 |
4.1.2 ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау |
31 |
4.1.3 Экспорттық әлеуетті арттыру |
35 |
4.1.4 Үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту (private equity) |
38 |
4.2. Қызметтің 2-ші стратегиялық бағыты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту |
44 |
4.2.1 Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы жағдай |
45 |
4.2.2 Саланы дамытудың драйвері ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау |
48 |
4.3. Қызметтің 3-ші стратегиялық бағыты. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету |
56 |
4.4 Қызметтің үш бағыты шеңберіндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер |
58 |
4.4.1 Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлесін ұлғайту |
58 |
4.4.2 ЕҰ функциялары портфелін қайта қарау (өлшемшарттар) |
63 |
4.4.3 Басқару функцияларын корпоративтік орталықтан директорлар кеңестері мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру |
64 |
4.4.4 Жаңа құзыреттерді және жұмысты ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру |
71 |
4.4.5 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ны бірыңғай холдингке біріктіру және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдарын одан әрі оңтайландыру |
80 |
5. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі ҚТК және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы |
81 |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына 1-қосымша |
1 |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымша |
3 |
Кіріспе
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) «Даму институттарын1 , қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды.
1 Даму институттары дамушы елдерде жеке сектордың дамуын қолдау үшін құрылған мамандандырылған даму банктерін білдіреді. Бұл институттар, әдетте, үкіметке тиесілі және ұлттық немесе халықаралық даму қорларынан немесе олардың кредитке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып және капиталдың халықаралық нарықтарында үлкен сомадағы ақшаны өте тиімді шарттармен тартуға мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік кепілдіктерді пайдалану арқылы қаржыландырылады. Даму банктері экономиканың өсуін, инновациялық процестерді және инфрақұрылымның дамуын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, ынталандыратын мемлекеттік саясат құралдарының бірі болып табылады. Даму институттарының негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсу мен экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін нарықтық тетіктермен оңтайлы іске асырыла алмайтын міндеттерді шешу үшін «нарықтың құлдырауы» деп аталатындарды болдырмау. Даму институттары экономиканың басым секторлары мен салаларындағы жеке инвестициялар катализаторы ретінде әрекет етеді және экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажетті қаржылық және ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жағдайлар жасайды. (Дереккөз: ЕҚЫҰ)
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Іске асырылуына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысатын мемлекеттік бағдарламаларда 2015 – 2016 жылдары болған бірқатар өзгерістерге, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға байланысты 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) алғашқы өзектілендіру жүргізілді.
2021 жылы өзектілендіру Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы жолдауларынан, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген өзгерістерден, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметіне елеулі әсері бар ішкі және сыртқы ортаның өзгеруінен туындады:
1) әлемдік экономиканың, әсіресе дамушы нарықтардың өсу қарқынының бірқатар себептер бойынша төмендеуін күту: пандемия; энергия ресурстарына бағалардың тұрақсыздығы; санкциялардың күшеюі өңірге және ұлттық валюталарға қысым көрсетеді;
2) 2018 жылы Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы атап өткен бес жаһандық мегатренд;
3) Мемлекет басшысының жолдауларын және ұлттық жобаларды іске асыруға қатысу:
3.1) 2018 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары;
3.2) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы;
3.3) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы;
3.4) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы;
3.5) Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы;
3.6) Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы;
3.7) Ұлттық жобалар: «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 730 қаулысы); Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысы); «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 729 қаулысы); «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 733 қаулысы); Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысы);
4) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының өзгеруі: «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ТДҰА) инновациялық гранттарды беру бөлігінде функциялардың бір бөлігін «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамына берді (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 17-8/2031 тапсырмасы) және венчурлік қаржыландырудың және жекеменшік бизнес инкубаторлардың экожүйесін дамыту жөніндегі жаңа функциялары бар «QazTech Ventures» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – QazTech Ventures) болып қайта құрылды; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның тұрғын үй блогын (ҚТК, БД, ТҚКҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Даму) арқылы құрылыс салушыларды субсидиялау тетігі) Housing and Development Board of Singapore моделі бойынша Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы етіп трансформациялау; Дамудың апекстік тетіктерін дамыту; цифрландыруды қолдау құралдарын енгізу және институционалдық даму.
Бұл құжат өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің бағыттары бойынша өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріліп әзірленді және оның миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, 2014 – 2023 жылдарға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ағымдағы жай-күйін талдау: сыртқы ортаны талдау
1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер
1.1-кіші бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 265 Қаулысымен (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Макроэкономикалық үрдістер
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген. 2017 жылы Стратегия мынадай себептер бойынша өзектілендірілді: жоғары шикізат бағалары циклының аяқталуы, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жөніндегі міндеттер және іске асырылуына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысатын мемлекеттік бағдарламалардағы өзгерістер аясында жалпы экономикалық өсудің бәсеңдеуі.
Стратегия жаңарған кезден бастап 2017 жылы ел экономикасы тұрақты өсу қарқынына шықты. 2019 жылға дейін Қазақстан экономикасы сыртқы экономикалық ахуалдың біртіндеп жақсаруы жағдайында дамыды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 4,5 %-ды, 2018 жылы 4,1 %-ды, 2017 жылы 4,1 %-ды және 2016 жылы 1,1 %-ды құрады2 .
________________________________
2 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері.
Экономиканың өсуі экономикаға жаңа инвестицияларды тартумен, сондай-ақ сауда-саттық жүргізілетін секторларда өндірісті кеңейтумен және экономиканың барлық салаларында дерлік теңгерімделген өсумен қолдау тапқан ішкі сұранысты қалпына келтіру есебінен қамтамасыз етілді.
Оң жағдайлардың негізгі факторларына инвестициялардың өсуімен қатар экономикаға ауқымды бюджет қаражатын құюды жатқызуға болады, бұл мұнай бағасының төмендеуінен болатын теріс әсерді реттеуге мүмкіндік берді және 4,5 % экономикалық өсуді қамтамасыз етті.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 64,03 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 9,9 %-ға төмен3 .
________________________________
3 World Bank Commodities Price Data деректері негізінде
2019 жылдың ішінде оң экономикалық серпіннің сақталуы негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсуіне (+8,5 % г/г) негізделді. 2019 жылы энергетикада (+64,9 % г/г), тау-кен өндіру өнеркәсібінде (+20,5 % г/г), сондай-ақ құрылыста (+5,6 % г/г) негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалды. Күрделі инвестициялардың жалпы көлемінде инвестициялардың тау-кен өндірісіне едәуір шоғырлануы сақталуда, қаралып отырған кезеңнің қорытынды бойынша оның үлесі 45 %-ды құрады.
2019 жылдың ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылдың көрсеткішінен 3,8 %-ға өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,7 %-ды (г/г) құрады. Түсті металл кендерін өндіру ұлғайды (+16,9 %), тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін қызметтер өсті (+19,5 %).
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,4 %-ға өсті. Сусын өнімдерін (+10,2 %), мұнай өңдеу өнімдерін (+6,6 %), негізгі асыл және түсті металдарды (+6,8 %) өндіру және машина жасау (+20,9 %) ұлғайды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнеркәсіп өндірісінің индексі негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемінің 4,6 %-ға (г/г) ұлғаюы есебінен 101,3 %-ды құрады.
2019 жылдың ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы қосылған құн өсімінің қарқыны 3,7 %-ды, өңдеу өнеркәсібінікі 4,4 %-ды, құрылыс ЖҚҚ өсімінің қарқыны 12,9 %-ды құрады.
Жалпы алғанда, елдің 2019 жылғы экономикалық дамуы тау-кен өндіру өнеркәсібінің, құрылыстың, өңдеу өнеркәсібінің өсуі және көрсетілетін қызметтер секторының үлесі арқасында тұрақты болып қалып отыр. Экономиканың ұдайы өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы өсуінің қарқынына тежеуші әсер етуі мүмкін сыртқы факторлар бар.
2020 жылы мұнай бағасының құлдырауы, бірқатар басқа экспорттық тауарлардың құбылмалылығы және COVID-19 пандемиясы салдарынан көрсетілетін қызметтер саласындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі Қазақстан экономикасына әсер етті. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылы ЖІӨ өсу қарқыны -2,6 % құрады.
Өсудің негізгі драйверлері құрылыс (+11,6 %), байланыс (+6,4 %), ауыл шаруашылығы (+5,7 %) және өңдеуші өнеркәсіп (+4,1 %) болды. Нақты көлем индексінің ең көп төмендеуі көлік саласында (-33 %), оның ішінде жолаушылар (-74,8 %) мен жүк тасымалында (-6,6 %), саудада (-3,2 %) тіркелді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) деректеріне сәйкес Қазақстан бойынша Іскерлік белсенділік индексінің (бұдан әрі – ІБИ) жақсарғаны байқалады: 2020 жылғы сәуірде 37,2-ге дейін төмендеуі; 2020 жылғы шілдеде 45-ке дейін, қыркүйекте 47,6-ға дейін және 2020 жылғы желтоқсанда 49-ға дейін өсуі тіркелді, 2021 жылғы сәуірде көрсетілетін қызметтер мен өнеркәсіп секторында қалпына келудің жалғасуының арқасында 50,5 тармақты құрады.
Осылайша, Қазақстан экономикасының секторларында іскерлік белсенділіктің қалпына келу үрдісі байқалады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |