• Мое избранное

Отправить по почте

38

Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы

Осы Заңның орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
1) ардагер спортшы – спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежедегі спортшы;
1-1) арнаулы спорттық мүкәммал – жаттығу және жарыс әрекетінің қажетті құрамдасын білдіретін, мүгедектігі бар спортшы организмінің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.06.2017 жылғы № 80-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) әуесқой спорт – жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;
2-1) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясы – жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2021 жылдан бастап)
3) бейімдік дене шынықтыру және спорт – мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бұқаралық спорт – халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорт қозғалысы;
5) бірыңғай спорттық сыныптама – спортшылардың, жаттықтырушылардың шеберлiк деңгейiн немесе жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешiлерінiң, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің бiлiктiлiгін айқындайтын спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары, жаттықтырушының спорттық атағы, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешiлерінiң, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілік санаттары жүйесi;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) бірінші жаттықтырушы – жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-2) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері – дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған спорттық медицина ұйымы
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) дене тәрбиесi – денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс;
7) дене шынықтыру – мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы;
8) дене шынықтыру даярлығы – адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс;
9) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi – әдiскер) – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам;
9-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы – кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін практикалық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде бейімдік дене шынықтыруды және спортты жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) дене шынықтыру және спорт жүйесi – халыққа дене тәрбиесiн беру және дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
11) дене шынықтыру және спорт саласындағы маман – дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам;
12) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган – дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары – жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық мүкаммалмен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар);
14) дене шынықтыру-спорт ұйымы – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
15) Дүниежүзілік универсиада – әртүрлі спорт түрлерi бойынша студенттер арасында өткiзiлетiн кешенді халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның сайыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін дисквалификациялау – спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-1) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасынан (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командадан) тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
1-бап 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) жоғары дәрежедегі спортшы – спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесi болып табылатын және (немесе) «Қазақстан Республикасының спорт шеберінен» төмен емес спорттық атағы бар спортшы;
19) жоғары жетiстiктер спорты – спортшылардың спорттық жарыстарда барынша жоғары спорттық нәтижелерге немесе жеңістерге қол жеткiзуiн көздейтін спорт саласы;
20) кәсiпқой спорт – спорттық ойын-сауық іс-шараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны және қатысқаны үшін спортты кәсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі;
21) кешендi ғылыми топ – спортшының функционалдық жай-күйін, резервтік мүмкіндіктерін, даярлығының психологиялық және техникалық деңгейін бағалауға бағытталған ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық, психологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;
22) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері – балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы;
23) мектеп спорты – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;
23-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңымен (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24) мектептегі спорттық лига – мақсаты мектеп спортын кеңінен таратуға және бір немесе бірнеше спорт түрін дамытуға жәрдемдесу, мектеп оқушыларымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын мектеп оқушылары арасындағы спорттық қозғалыс;
25) мемлекеттiк жаттықтырушы – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы;
25-1) мемлекеттік спорттық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;
1-бап 25-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2021 жылдан бастап)
25-2) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;
1-бап 25-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2021 жылдан бастап)
26) мүгедектігі бар спортшы – тыныс-тіршілігінің шектелуіне алып келетін аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, бұзылулардан организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;
26-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27) мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау – мүгедектігі бар спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі ұқсас мүгедектігі бар басқа спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дәрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі;
27-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28) нұсқаушы-спортшы – спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы;
29) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;
29-1) олимпиадалық емес спорт түрі – Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;
1-бап 29-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.05.2017 жылғы № 65-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2017 жылы № 90 (28469) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
29-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29-2) олимпиадалық спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитеті таныған спорт түрі;
1-бап 29-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.05.2017 жылғы № 65-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2017 жылы № 90 (28469) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
29-3) паралимпиадалық емес спорт түрі – Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;
1-бап 29-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30) Паралимпиадалық ойындар – тірек-қимыл аппараты, көру органдары зақымданған және интеллектуалдық дамуы бұзылған мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
30-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.12.2019 жылғы № 280-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30-1) паралимпиадалық спорт түрі - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитеті таныған спорт түрі;
1-бап 30-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.05.2017 жылғы № 65-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2017 жылы № 90 (28469) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
31) спорт – спорттық жарыстар және адамды оған даярлаудың арнайы нысанында қалыптасқан, спорт түрлерінің жиынтығы ретіндегі әлеуметтік-мәдени қызмет саласы;
32) спорт саласы – айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;