Toggle Dropdown
8
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 01.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10) «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
11) «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
12) «Экономика салаларында су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
13) «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
14) «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
15) «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
16) «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
17) «Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
18) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
19) «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
20) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
21) «Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
22) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
23) «Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
24) «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
25) «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
26) «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында жануарлар әлемі объектілерін улы химикаттарды қолдана отырып аулауға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
1
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
Toggle Dropdown
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
лицензияның телнұсқасын және/немесе лицензияға қосымшаны беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;