Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 750 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.03.2017 жылғы № 113 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
«Міндеттерде»:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалаудың тиімділігін арттыру;»;
«8) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту;
9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.»;
«Нысаналы индикаторларда»:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы кемінде 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;»;
«Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:
«Өсімдік шаруашылығының проблемаларын талдау» деген 3.3.1-кіші бөлімнің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бидайдың 2011 жылғы жоғары өнімі кезінде оны асыра өндіру орын алды, бұл өнімді экспорттау кезінде қиындықтар, сондай-ақ астық тасығыштар мен сақтау қуатының тапшылығын туғызды. Майлы дақылдар бойынша сақтау қуатының тапшылығы және АШТӨ-нің агротехнологиялар білімінің жетіспеушілігі байқалды. Соя мен жүгері өндірісінде өндірістің ұсақ тауарлығы өнімділіктің төменділігіне әкелді, сондай-ақ қайта өңдеу саласында проблемалар бар. Ұсақ тауарлы АШТӨ арасында бөлінген суармалы жерлердің тапшылығы, олардың мелиоративтік жағдайының нашарлауы, сақтау қоймаларының тапшылығы, қайта өңдеу өнеркәсіптері үшін шикізаттың жетіспеушілігі жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар болып табылады, бұл осы өнім түрі бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары дәрежесіне әкеледі.»;
«Агроөнеркәсіптік кешеннің қамтамасыз етуші салаларының даму деңгейін талдау» деген 3.4-кіші бөлімде:
«Жер ресурстарын пайдалану» мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикадағы суармалы жерлер 2013 жылғы жағдай бойынша 1991 жылмен салыстырғанда 0,26 млн.га азайды және олардың көлемі 2,09 млн.га құрайды, жыл сайын олардың шамамен 1,5 млн.га пайдаланылады. Пайдаланылмайтын суармалы жерлерден өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру кезіндегі жыл сайынғы шығындар шамамен 275 млрд.теңгені құрайды.»;
«Негізгі тұжырымдар» деген 4-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында:
1) азық-түлікке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуға;
2) шығымдылықты елеулі өсіруге;
3) егістік алқаптарын ұлғайтуға;
4) жаңа технологияларды енгізуге;
5) мал шаруашылығының жемшөп базасын әлемдік деңгейде құруға;
6) жаппай өндіру ірі экспорт нарықтарын игеруге мүмкіндік беретін азық-түлік өнімдерінің түрлерін айқындауға;
7) елдің экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншылар қатарына кіруін қамтамасыз ете отырып, экологиялыққа баса назар аударумен бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құруға;
8) ауыл шаруашылығында, оның ішінде қуаң өңірлерде жаңа технологияларды енгізуге;
9) озық технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттемелерді көздейтін ашық баға қалыптастыру және инвестицияларды тарту қағидаттарында тиімді жер нарығын құруға;
10) агробизнесті енгізуге, кооперация процесіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын кедергілерді жоюға;
11) ауыл шаруашылығы субъектілерінің ұзақ мерзімді қаржыландыруға және өткізу нарығына тікелей қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
12) қарыздарды кепілдендірудің және сақтандырудың тиімді жүйесін құруға;
13) ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, оның ішінде сынақтық ғылыми-инновациялық кластерлерді құруға және құрғақшылыққа төзімді гендік түрлендірілген өнімдер мәселесін зерделеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын.
Республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатын белгілеу кезінде Мемлекет басшысының жоғарыда көрсетілген тапсырмалары мен сыртқы ортада және еліміздің АӨК-тегі ағымдағы жағдайлардың қалыптасқан түйінді үрдістері ескерілді:
1) экстенсивті дамыту мүмкіндіктерінің аяқталуы орын алды, бұл азық-түлікке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуды қажет етеді;
2) алдағы ДҰС-ға кіру және КО шеңберіндегі қызмет жағдайларында, халықаралық сауданы, көлік және коммуникация құралдарын белсенді дамыту, өнім стандарттарын көтеру, тұтынушылар қалауының өзгеруі кезінде бәсекеге қабілеттілігіне және онымен тікелей байланысты еңбек өнімділігі, АШТӨ-нің экономикалық тиімділігі, өнім сапасы мен оның маркетингі мәселелеріне қойылатын талаптар бірінші кезекке қойылады;
3) өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялауды қоса алғанда, саланы қаржылық сауықтыру, АШТӨ үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік және сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту, жер қатынастары, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында АӨК салаларын мемлекеттік қолдау жөніндегі бірқатар жүйелі шаралар талап етіледі.
Бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың күш-жігерін мынадай бағыттарға жұмылдыру қажет.
Өсімдік шаруашылығы.
Өсімдік шаруашылығы саласын дамыту дақылдарды өңдеудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді тарту жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталатын болады.
Бұл ретте егістік алаңдарын әртараптандыру жалғастырылатын болады, ол майлы, жемшөп, бақша сияқты және басқа басым ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған егіс алаңдарын ұлғайтуды болжайды.
Егіс алаңдарын белгіленген ғылыми-негізделген ауыспалы егістерге сәйкес келтіру қажет.
Өсімдік шаруашылығында өнімділікті арттыру мақсатында минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, тұқымдар мен көшеттерді сатып алу кезіндегі шығындарды субсидиялау түрінде ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.
Суармалы егіншілік салалардың қолайсыз табиғат жағдайларына тәуелділігін төмендетуге, тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты суармалы жер алаңдарын қалпына келтіру және су үнемдеу (тамшылатып және жаңбырлатып суару) технологияларын қолдану кезінде инвестициялық субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажет, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлеске ие. Элеваторлар мен астық тасығыштардың жетіспеушілігі проблемасын астықты өңдеу мен сақтауға, сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуатты құру және кеңейту есебінен шешу керек.
Мал шаруашылығы.
Мал шаруашылығы саласында ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру және АШТӨ-ні етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін асыл тұқым базасын дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмысты, оның ішінде одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен жалғастыру қажет.
Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданатын болады.
Сондай-ақ шағын және орта фермаларды және отбасылық үлгідегі шаруашылықтарды құру бойынша жұмыс күшейтілетін болады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |