• Мое избранное
Әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері мен оны төлеу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері мен оны төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері мен оны төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 18.03.2015 жылғы № 183 Бұйрығын қараңыз
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері;
2) Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 759 қаулысымен
бекітілген
Әкімшілерге төленетін негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері
 

Р/с



Шарттар

Негізгі сыйақының ең төмен мөлшері

1.

Уақытша әкімші

1.1

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

15 АЕК

1.2

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

20 АЕК

1.3

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

2.

Оңалтуды басқарушы

2.1

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

2.2

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

30 АЕК

2.3

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

35 АЕК

3.

Уақытша басқарушы

3.1

Банкроттық туралы іс қозғалған күні активтері жоқ борышкер

1 ЕТЖ

3.2

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

15 АЕК

3.3

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

20 АЕК

3.4

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

4.

Банкроттықты басқарушы

4.1

Банкрот деп танылған күні активтері жоқ борышкер

1 ЕТЖ

4.2

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

4.3

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

30 АЕК

4.4

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

35 АЕК

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 759 қаулысымен
бекітілген
Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидалары «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу тәртібін белгілейді.
2. Әкімші деп сотта істерді қарау және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар түсініледі.
Негізгі сыйақы деп уақытша әкімшіге, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыға кредиторлар жиналысында белгіленген ай сайынғы тіркелген сыйақы түсініледі.
3. Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі мөлшерден төмен болмайды және уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының уәкілетті органда тіркелуі (қайта тіркелуі) кезінде өтініште көрсетілген банк шотына аударылады.
2. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
4. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақының мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.
5. Уақытша әкімшінің негізгі сыйақысы уақытша әкімшінің өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.
6. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны оңалтуды басқарушы немесе төлем қабілеті жоқ борышкердің лауазымды адамы, сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін немесе оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін төлейді.
3. Оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
7. Оңалтуды басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.
8. Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысы оңалтуды басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі ішінде кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.
9. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан оңалтуды басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
10. Негізгі сыйақының мөлшері кредиторлар жиналысында қайта қаралуы мүмкін. Жұмыс істеген кезеңі үшін негізгі сыйақының мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.
4. Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
11. Уақытша басқарушының негізгі сыйақысының мөлшері кредиторлардың бірінші жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.
12. Уақытша басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және уақытша басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін оның қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.
13. Борышкер банкрот деп танылған жағдайда, уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны банкроттықты басқарушы ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы төлейді.
14. Негіздердің болмауына байланысты борышкерді банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінген кредиторлар негізгі сыйақыны уақытша басқарушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі мөлшер шегінде төлейді.
Негізгі сыйақыны төлеу сот борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін ақшалай қаражатты кредитордың банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
5. Банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
15. Банкроттықты басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлар жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.
16. Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және банкроттықты басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін кезектен тыс банкроттың мүлкі есебінен өтеледі.
Тарату мерзімі 9 айдан асып кеткен жағдайда 9 айдан кейінгі кезең үшін кредиторлар жиналысы белгілеген негізгі сыйақы мөлшері мен ең төмен мөлшер арасындағы айырма банкроттықты басқарушыға қорытынды есепті кредиторлар жиналысының келісу нәтижелері бойынша өтеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген ең төмен мөлшер көлеміндегі негізгі сыйақы ай сайын, банкроттықты басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі ішінде борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.
17. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан банкроттықты басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
18. Негізгі сыйақының мөлшері кредиторлар жиналысында қайта қаралуы мүмкін. Жұмыс істеген кезең үшін негізгі сыйақының мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.
6. Қорытынды ережелер
19. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы өзіне жүктелген міндеттердi орындаудан босатылған немесе шеттетiлген жағдайда, босатылған немесе шеттетiлген күннен бастап оған сыйақы төленбейді.
20. Осы Қағидалар уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысын қоса алғанда, банкроттық істі қозғауға және банкроттық рәсімді жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор есебінен өтелген жағдайларға қолданылмайды.