• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018 г

Отправить по почте

8

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 767 Қаулысына сәйкес
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2016 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2016 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 28 маусымдағы
 № 728 қаулысымен
 бекітілген
1
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2015 жылғы № 15 Қаулысымен (28.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 42 Қаулысымен (22.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2015 жылғы № 284 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 451 Қаулысымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2016 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес (17.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2016 жылғы № 922 Қаулысымен (30.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарламаның атауы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы ;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы ;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері ;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы .
Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау
Бағдарламаның міндеттері 1-міндет. Әр макроөңір үшін инвестициялық басымдықтарды айқындау.
2-міндет. Елді аумақтық дамытуды жетілдіру.
3-міндет. Инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту.
4-міндет. Халықты ауызсумен және су бұрудың көрсетілетін қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету.
Индикатордың атауы 2015 жыл (факт) 2016 жыл 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл Ақпарат көзі Қол жеткізуге жауаптылар
1. Агломерациялар халқының саны, мың адам
Агломерациялар бойынша барлығы: 6049,6 6117,2 6221,9 6332,5 6440,0 ҰЭМ деректері ҰЭМ, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
Астана 1025,4 1021,9 1052,1 1083,2 1115,5
оның ішінде Астана қаласы 872,6 969,3 1014,5 1052,8 1121,3
Алматы 2815,9 2879,3 2939,2 3000,8 3057,9
оның ішінде Алматы қаласы 1703,5 1725,7 1776,5 1828,7 1872,5
Шымкент 1594,2 1599,4 1607,9 1621,5 1635,2
оның ішінде Шымкент қаласы 886,3 929,4 954,1 979,8 1013,2
Ақтөбе 614,1 616,6 622,7 627,0 631,4
оның ішінде Ақтөбе қаласы 397,4 410,7 417,2 427,5 438,0
2. Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Бағдарламада көзделген қаражат шеңберінде), мың теңге
Орта есеппен республика бойынша барлығы: 15,0 10,9 7,1* 6,9* 19,2* ҰЭМ деректері ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
Оңтүстік
Алматы облысы 5,4 2,5 2,0* 1,9* 11,4*
Жамбыл облысы 9,4 3,0 2,8* 2,6* 7,8*
Қызылорда облысы 21,0 11,5 4,7* 5,7* 12,4*
Оңтүстік Қазақстан облысы 3,2 1,5 1,5* 1,1* 6,0*
Солтүстік
Ақмола облысы 12,4 4,4 4,9* 3,1* 16,0*
Қостанай облысы 15,7 4,5 4,8* 4,7* 17,4*
Солтүстік Қазақстан облысы 20,1 5,4 9,1* 6,6* 20,7*
Батыс
Ақтөбе облысы 16,8 3,6 4,6* 3,6* 18,1*
Атырау облысы 5,6 3,9 1,4* 1,5* 14,0*
Батыс Қазақстан облысы 14,7 4,4 6,7* 5,1* 18,5*
Маңғыстау облысы 27,3 7,2 2,7* 2,6* 18,7*
Орталық-Шығыс
Шығыс Қазақстан облысы 13,1 9,3 1,6* 1,6* 8,2*
Қарағанды облысы 10,5 4,1 4,4* 4,2* 13,0*
Павлодар облысы 14,3 5,2 9,1* 4,5* 15,6*
Астана қаласы 61,5 37,2 8,6* 37,0* 34,4*
Алматы қаласы 24,1 4,7 8,3* 2,3* 17,1*
3. Жаңғыртылған/салынған желілердің үлесі, оның ішінде жылумен, электрмен және газбен жабдықтау, %
Орта есеппен республика бойынша барлығы: 4 1,4 1,5* 1,6* 1,5* ҰЭМ деректері ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
Ақмола облысы 2,8 0,5 0,3* 0,7* 0,7*
Ақтөбе облысы 5 1,1 1,9* 1,8* 1,8*
Алматы облысы 16,1 2 0,8* 1,6* 1,6*
Атырау облысы 2,8 1,3 1,9* 1,9* 1,9*
Шығыс Қазақстан облысы 1,1 0,6 0,6* 0,7* 0,7*
Жамбыл облысы 2,2 4,4 3,2* 1,8* 1,8*
Батыс Қазақстан облысы 6,2 1,5 1,5* 1,4* 1,4*
Қарағанды облысы 0 0,5 1,2* 0,4* 0,4*
Қостанай облысы 0,2 0,7 0,6* 0,7* 0,8*
Қызылорда облысы 3,3 2,5 3,7* 4,5* 4,3*
Маңғыстау облысы 6,9 2,3 2,1* 1,3* 1,3*
Павлодар облысы 0,2 1,6 2,1* 5,4* 5,4*
Солтүстік Қазақстан облысы 0,2 1,3 1,4* 1,9* 2*
Оңтүстік Қазақстан облысы 6,7 2,5 2,5* 2,3* 2,2*
Астана қаласы 0,2 0,3 1,2* 1,1* 1,1*
Алматы қаласы 16,8 1,0 0,9* 1,3* 1,3*
4. Орталықтандырылған жүйелерге қолжетімділік, %
Сумен жабдықтау, оның ішінде: ҰЭМ деректері ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО
қалаларда 87 88 90* 93* 97*
АЕМ-де 51,5 52,3 55* 58* 62*
Су бұру, оның ішінде:
қалаларда 82 84 88* 93* 97*
АЕМ-де 11 11,2 11,5* 12* 13*
* Бұл индикаторлар 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Қаржыландыру  Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті
 көздері мен   бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
 көлемі        заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:
Кесте жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2016 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес (30.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)





 



2015 



жыл



2016 



жыл



2017 



жыл



2018 



жыл



2019 



жыл



РБ*



180 755



113 335



69 516



63 296



215 833



ЖБ*



16 158



11 751



5 010



4 415



14 930



Бюджеттен тыс қаражат



212 968



523 712



107 750



109 900



113 200



Барлық қаражат



409 881



648 798



182 276



177 611



343 963

*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануына қарай нақтыланады.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) жаңа өңірлік саясатты іске асырудың құралы болып табылады, оның мақсаты әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде өңірлердің орнықты дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарға сай жаңғырту қажет. Стратегиялық басқару жүйесін республикаішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейлерде ұйымдастыру мемлекеттің стратегиялық жоспарлау институттарының, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және сарапшылар қоғамдастығының рөлін арттырумен қоса жүргізілуі тиіс.
Өткен жылдары Қазақстанда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту деңгейлерін теңестіруге бағытталған өңірлік саясаттың екі Тұжырымдамасы іске асырылды. Бұдан басқа, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған, шағын қалаларды дамытудың  2004 – 2006 жылдарға арналған, Елді аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламалары іске асырылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта бірқатар бағдарламалық құжаттар қолданыста және қабылданды, оның ішінде реттелетін бағыттардағы өңірлік дамудың жекелеген аспектілерін қозғайтын әлеуметтік, индустриялық-инновациялық, агроөнеркәсіптік дамыту және басқа да салалардағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар.
Сонымен бірге, аталған бағдарламалық құжаттарда шектеулі ведомстволық тәсілді көзделе отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында тұжырымдалған мемлекеттік өңірлік саясаттың басымдықтарына жеткіліксіз назар аударылғанын мойындаған жөн. Бұдан басқа, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды сыни тұрғыдан талдау оларда көзделген институционалдық және әкімшілік ресурстардың іс жүзінде өзара жеткілікті үйлеспегендігін, көбінесе бір-бірін қайталайтынын анықтады.
Осындай жағдайларда жоғарыда аталған барлық бағдарламалық құжаттардың ережелерін бір өзектің – өңірлерді дамыту немесе өңірлердің экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру төңірегінде біріктіру талабы туындайды. 
Өңірлік саясаттың базалық идеологиясы ретінде экономикалық өсу орталықтарын басым дамытудың ұтымды теңгеріміне, аумақтық шоғырлану мен басқарылатын урбандалуға, сондай-ақ хаб және шұғыла қағидаттары негізінде макроөңірлік дамуға негізделген теңгерімді даму стратегиясы ұсынылады. Бұл ретте Бағдарлама жекелеген өңірлер, сондай-ақ тұтастай ел шеңберінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру басымдықтарына сәйкес өңірлердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсету құралдарын қамтиды.
Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: "«Өңірлерді дамыту»", "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы", "2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы.
2-бөлімнің тоғызыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2016 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес (30.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін әкімшілік-құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды айқындайды.
Тұтастай алғанда, республика бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлерге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.
Осыған орай, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі барлық жобаларды өңірлерді дамыту саласындағы уәкілетті орган арқылы орталықтандырылған түрде қарау қажет.
Жобалар мемлекеттік органдардың қолданыстағы бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, өңірлерді дамыту саласындағы уәкілетті органның, оның ішінде материалдардың, жабдықтар мен технологиялардың қолданылуы тұрғысындағы келісімімен іске асырылатын болады.
Осы құжаттармен бір кешенде Бағдарлама 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, сондай-ақ Бағдарламада қолданылатын терминдер:
1) агломерация – бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көпорталықты) орталық қалалардың айналасына жақын орналасқан, өзара тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісі бар елді мекендердің урбанизациялық топталуы.
Қазақстандағы агломерацияларды айқындаудың негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
орталық қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, оның Қазақстан жағдайында маңызы зор, себебі ол бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейді;
өңір халқының тығыз орналасуын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтитын демографиялық сыйымдылық;
ыңғайлы географиялық орналасуын, халықаралық көлік дәліздерінің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіретін логистикалық әлеует;
экономикалық әлеует, яғни орталық қаланың дамуы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржы, ғылыми әлеует);
2) моноқала – бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20 % және одан астамы) бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (мономамандандырылу) әрі қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын кәсіпорындарда шоғырланған қала.
Моноқалалар санатына халқының саны 10 мыңнан 200 мың адамға дейінгі, мына өлшемшарттардың бірімен сипатталатын: