«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 139/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 маусымда № 9523 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 28 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.04.2015 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (Б.Ә. Смағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |