Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғыртуға бағытталған әкiмшiлiк реформаны тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығы
Осы редакция 16.04.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президенті мен Yкіметі актiлерiнiң жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиiс
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғыртуға бағытталған әкiмшiлiк реформаны тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Мемлекеттiк басқару жүйесiн реформалаудың мынадай негiзгi қағидаттары белгiленсiн:
1) кезеңдердiң бiртiндеушiлiгi мен дәйектiлiгi;
2) реформалаудың алға қойылған мiндеттерiнiң кешендiлiгi және ұсынылып отырған шешiмдердiң жүйелiлiгi;
3) транспаренттiлiк;
4) қабылданған шешiмдердi iске асырудың тұрақты мониторингi;
5) жұмылдырылған барлық мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының тиiмдiлiгi.
2. Мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесi мыналарға негiзделсiн:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 19.03.2010 жылғы № 954 Жарлығымен (21.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) өңiрлердiң дербестiгiн сақтау барысында орталық мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларының тиiмдiлiгiн арттыру;
2) атқарушы билiктiң әртүрлi деңгейлерi арасындағы өзара қарым-қатынастарда икемдiлiктi арттыру;
3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін кешенді бағалау;
4) мемлекеттiк қызметке неғұрлым дарынды кадрларды тарту үшiн жағдай жасау;
5) мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру;
6) бюджет процесiне жаңа тәсiлдер енгiзу;
7) мемлекеттiк менеджменттiң соңғы нәтижеге бағдарланған оңтайлы әдiстерiн енгiзу;
8) сыбайлас жемқорлықты азайту.
3. Осы кезеңде реформалаудың басымдықтары мыналар болуға тиiс деп белгiленсiн:
1) мемлекеттiк басқарудың процестерi мен рәсiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсетудi сапалы жетiлдiру;
2) мемлекеттiк аппарат қызметiнiң кәсiбилiгiн, тиiмдiлiгiн және оның үйлесiмдiлiгiн арттыру.
4. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 27.09.2012 жылғы № 395 Жарлығына сәйкес (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Мемлекеттiк басқарудың өзектi мәселелерiн зерделеу жөнiндегi орталық құру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
2) осы Жарлықтың ережелерiнен туындайтын заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Әкiмшiлiк реформа жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 сәуiрдегi N 46a өкiмi;
2) "Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiруге бағытталған шараларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 қыркүйектегi N 66 өкiмi;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |