• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.10.2017 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Редакция 09.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Астана қаласында 2017 жылы өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау  мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2012 жылғы 26
қарашадағы № 436 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 24.07.2013 жылғы № 602 Жарлығымен (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 21.01.2014 жылғы № 734 Жарлығымен (24.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (21.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 06.08.2014 жылғы № 888 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (06.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары
комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары