• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.04.2021 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкімі

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 03.04.2021 жылғы № 544 Жарлығына сәйкес 
Редакция 28.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
 жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 88 Жарлығына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мынадай:
1) сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
2) әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
3) қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
3-тармақшаға өзгерту енгізу көзделуде ҚР Президентінің 20.05.2015 жылғы № 3 Өкімімен (құпия)
4) саяси-қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
5) ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
6) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
7) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялары құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы өкімге 1-7-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының лауазымдық құрамы;
2) осы өкімге 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының үлгілік ережесі бекітілсін.
3. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкімінің 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының  Президенті   Н.Назарбаев 
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2013 жылғы 19 қарашадағы
 № 248 өкіміне
 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Сыртқы істер министрі, комиссия төрағасы
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Қорғаныс министрінің орынбасары

Ұлттық экономика вице-министрі
«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары
Сыртқы істер министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2013 жылғы 19 қарашадағы
 № 248 өкіміне
 2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (20.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қорғаныс министрі, комиссия төрағасы
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры
Сыртқы істер министрінің орынбасары
Ішкі істер министрінің орынбасары
Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес
Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық экономика вице-министрі
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы
Қорғаныс министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2013 жылғы 19 қарашадағы
 № 248 өкіміне
 3-ҚОСЫМША
3-қосымша өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3-қосымшаға өзгерту енгізу көзделуде ҚР Президентінің 20.05.2015 жылғы № 3 Өкімімен (құпия)
3-қосымша өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығымен (30.10.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ішкі істер министрі, комиссия төрағасы
      
Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
      
Бас прокурордың орынбасары
      
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары
      
Әділет вице-министрі
      
Ішкі істер министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2013 жылғы 19 қарашадағы
 № 248 өкіміне
 4-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің саяси қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (19.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (20.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы, комиссия төрағасы
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Бас прокурордың орынбасары
Әділет вице-министрі
Ішкі істер министрінің орынбасары
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, комиссия төрағасының орынбасары
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығына сәйкес (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Мәдениет және спорт вице-министрі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2013 жылғы 19 қарашадағы
 № 248 өкіміне
 5-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (19.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам тақырыбы өзгертілді ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, комиссия төрағасы
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Бас прокурордың орынбасары
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкімге
6-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (20.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық экономика министрі, комиссия төрағасы
Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары
Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қаржы вице-министрі
Энергетика вице-министрі
Ұлттық экономика министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы
Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің қызметкері
Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкімге
7-ҚОСЫМША
7-қосымша өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7-қосымша өзгертілді ҚР Президентінің 20.05.2015 жылғы № 3 Өкімімен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Энергетика министрі, комиссия төрағасы,
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары,
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Бас прокурордың орынбасары
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Ішкі істер министрінің орынбасары
Білім және ғылым вице-министрі
Денсаулық сақтау вице-министрі
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығына сәйкес (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Энергетика министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2013 жылғы 19 қарашадағы
 № 248 өкіміне
 8-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы
ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі - Қауіпсіздік Кеңесі) қызметін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Ведомствоаралық комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы үлгілік ереже құрайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес (30.10.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
3. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына материалдар дайындау; 
2) Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тапсырмасы бойынша талдамалық және зерттеу жұмысын орындау; 
3) Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің айналысатын бағыты бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау;
4) Қауіпсіздік Кеңесін айналысатын бағыты бойынша хабардар ету.
4. Негізгі міндеттеріне сәйкес ведомствоаралық комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:
1) айналысатын бағытына қатысты ахуалдың дамуын кешенді талдауды жүзеге асыру;
2) айналысатын бағыт бойынша стратегиялық құжаттардың мазмұнын қарау және оларға баға беру; 
3) айналысатын бағыт бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарау; 
4) адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты оқиғаларға жедел ден қою үшін шешімдердің жобаларын дайындау;
5) айналысатын бағыты бойынша ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің жобаларына ұсыныстар дайындау; 
6) ұлттық қауіпсіздік, оны қамтамасыз ету стратегиясы мен қорғау шаралары мәселелері жөніндегі заң жобаларын талдап, олар бойынша Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынымдар беру; 
7) айналысатын бағыт бойынша Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу, Қауіпсіздік Кеңесіне анықталған кемшіліктерді, олардың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
8) адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру.
4-1. Ведомствоаралық комиссияның құзыретінің саласына кіреді:
Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 20.05.2015 жылғы № 3 Өкіміне сәйкес
1) сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - мемлекеттік органдардың сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіру;
2) әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - мемлекеттің әскери ұйымының мәселелерін және даму перспективаларын қарастыру;
3) құпия;
4) саяси қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерін қорғау жөніндегі мәселелерді қарастыру;
5) ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі – Қазақстан Республикасының ақпараттық (кибер) қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді қарастыру;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
6) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау жөніндегі мәселелерді қарастыру;
7) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі - қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын мәселелерді қарастыру;
5. Ведомствоаралық комиссия негізгі міндеттерін және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз қызметінің бағытына қатысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен:
1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ұйымдардан, мекемелер мен лауазымды адамдардан барлық қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдарын және ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;
3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс-қимыл жасауға; 
4) жүргізілген талдаудың, зерттеулер мен тексерулердің нәтижелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырыстарының күн тәртібіне мәселелерді енгізу қажеттігі туралы Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар енгізуге; 
5) ғылыми, ақпараттық, талдамалық жұмыстарын орындау үшін ғалымдар мен мамандарды тартуға құқылы.
3. Ведомствоаралық комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі
6. Ведомствоаралық комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес (30.10.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Ведомствоаралық комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының ұсынуы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бекітеді.
7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес (30.10.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы бекітеді.
Ведомствоаралық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары, сондай-ақ өзге де адамдар кіруі мүмкін.
Ведомствоаралық комиссияның құрамы, әдетте, төрағаны, төрағаның орынбасарын, хатшыны және комиссияның басқа да мүшелерін қамтиды.
8. Ведомствоаралық комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді өкілдері ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысатын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 20.05.2015 жылғы № 3 Өкімімен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның хатшысы ведомствоаралық комиссияның жылдық жұмыс жоспары мен кезекті отырысының күн тәртібін дайындауды қамтамасыз етеді, олар Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен келісіледі.
9. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тапсырмаларына сәйкес өткізіледі.
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 20.05.2015 жылғы № 3 Өкімімен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Отырыстарды төраға, ал ол болмаған кезде орынбасары шақырады.
Комиссияның хатшысы ведомствоаралық комиссия отырыстарының дәлжазбасының жасалуын қамтамасыз етеді. Дәлжазбалар мен сөз сөйлеушілер баяндамаларының көшірмелері Қауіпсіздік Кеңесіне ақпарат ретінде жіберіледі.
10. Ведомствоаралық комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары (немесе олардың орынбасарлары) және өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.
11. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс тең бөлінген жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда ведомствоаралық комиссияның мүшесі өз пікірін жазбаша түрде білдіре алады, ол отырыс хаттамасына қоса тіркеледі.
Ведомствоаралық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы қол қояды және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы бекітеді.
12. Ведомствоаралық комиссияның, хаттамалық шешімдері орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда міндетті түрде қаралуға жатады.
Тиісті мемлекеттік органдардың басшылары ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімдерін қараудың нәтижелері туралы басшысы тиісті ведомствоаралық комиссияның төрағасы болып табылатын мемлекеттік органды белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
13. Ведомствоаралық комиссия әзірлеген ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына ұсынылады.