Жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 шілдеде № 9562 тіркелді
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталу мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 10,12-эксперименттік сыныптарында - 34 оқу аптасы.
Оқу жылы барысындағы каникулдар: