• Мое избранное
«Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 143, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-1/484, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 290-Ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 466 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2012 жылғы 9 қазандағы № 474 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 143, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-1/484, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 290-Ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 466 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2012 жылғы 9 қазандағы № 474 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 22, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/145, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 198-Ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 113 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 229 бірлескен бұйрығы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 143, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 6-1/484, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 290-Ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 466 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2012 жылғы 9 қазандағы № 474 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 15 қарашада № 8084 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 26 қаңтарда № 54 (27993) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) белгіленген тәртіппен бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Ұ Қарабалин
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Н. Әбіқаев