• Мое избранное

Отправить по почте

«Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 18-1-бабының 2-тармағына БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидалары бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.  
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.  
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.  
3) көшірме қағаз және электронды түрінде күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ресми жариялау үшін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдансын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға  
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасы
  ____________ А. Смаилов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
  ____________ Е. Досаев
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
20__ жылғы «___» ___________
№____-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Настоящие Правила представления и рассмотрения ходатайств о даче согласия на совершение сделок с имуществом субъекта естественной монополии, найма субъектом естественной монополии имущества, осуществление субъектом естественной монополии иной деятельности, приобретение субъектом естественной монополии акций (долей участия), а также иные формы его участия в коммерческих организациях, реорганизацию и ликвидацию субъектов естественных монополий (далее - Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан с Законами Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках» (далее - Закон), от 7 марта 2014 года «О реабилитации и банкротстве», от 13 мая 2003 года «Об акционерных обществах», от 22 апреля 1998 года «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью» и определяет порядок представления и рассмотрения ходатайств на их согласие.  
  Осы Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштер беру және оны қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, 1998 жылғы 13 мамырдағы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), 2014 жылғы 7 наурыздағы  «Оңалту және банкроттық туралы», 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы», 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін анықтайды.        
2. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
1) аумақтық уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
2) географиялық шекаралар - Субъект қызметтер ұсынатын (тауарлар, жұмыстар өндіретін) шектердегі аумақ;  
3) мүлікпен мәмілелер келісуді көздейтін Субъектінің мүлкі (бұдан әрі - Субъектінің мүлкі) – ақшаны, оның ішінде шетелдік валютаны қоспағанда, Субъектінің иесіндегі жылжитын және жылжымайтын мүлік;  
4) мүлiк иесi - субъект мүлiгінің иесi немесе меншiк иесiнiң уәкiлеттi органы, құрылтайшы (құрылтайшылар), сондай-ақ субъектiнiң уәкiлеттi құжаттарымен субъектiнi қайта құру және тарату жөнiнде шешiм қабылдайтын орган;  
5) табиғи монополия субъектісінің өзге қызметі – табиғи монополия саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын табиғи монополия субъектісінің қызметі;
6) өтініш - Субъектінің мәміле жасауға, жалға алуға, акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім алу туралы, өзге қызметті жүзеге асыруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы арызы.
7) Субъектінің мүлкімен мәмілелер – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес стратегиялық объект болып табылатын мүлікпен мәмілені қоспағанда, Субъектінің мүлкіне құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттер;  
8) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық байланысты өзге қызметі - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жүзеге асыруы онсыз техникалық мүмкін емес, не Субъект қызметінің технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылатын қызмет;
9) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.  
3. Субъект уәкілетті органға қолдаухатты оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген орны бойынша береді.
Егер Субъект бір мезгілде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық және жергілікті бөлімдеріне енгізілген жағдайда, онда қолдаухат Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген орны бойынша беріледі.  
4. Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштер«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде беріледі.
5. Уәкiлеттi орган Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, табиғи монополия субъектісінің мүлікті жалға алуға, табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша мәмілелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына келісім беру туралы өтінішті алған күнінен бастап оны отыз күннен кешiктiрмей қарайды және Субъектіге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.  
6. Заңның 18-1-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның қажетті құжаттар мен ақпарат қоса берілген осы қолдаухатты алған және (немесе) Субъектінің бұрын ұсынылған материалдарында қамтылған фактілердің өзгеруі туралы жазбаша хабарламасын не Субъектінің пікірі бойынша өтінішті қарау үшін маңызды болып табылатын ақпаратты алған күн қолдаухат берілген күн деп есептеледі.
7. Уәкiлеттi органмен Субъектiнi қайта құру немесе таратуға келiсiм беру туралы 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімді құрайды.
8. Субъект өтініш берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпаратқа (мәліметтерге) өздігінен қосымша ретінде, уәкілетті органға Субъектінің пікірі бойынша маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты жібереді.
9. Құжаттар мен ақпаратта коммерциялық құпияның болуы уәкілетті органға оларды ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Сонымен бірге, Субъект және өзге де мүдделі тараптар уәкілетті органға құжаттар мен ақпаратты ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін айқындайтын ішкі актінің көшірмесін қоса, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетеді.
10. Құжаттардың және (немесе) ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болуы оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
11. Шешім қабылдау үшін маңызы бар өтініште, құжаттар мен ақпаратта қамтылған фактілердің өзгерісін Субъект уәкілетті органның назарына жазбаша түрде дереу жеткізеді.