• Мое избранное

Отправить по почте

«Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы, жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға, және а тыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы, жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға, және атыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтау және алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Заңды тұлғаларға жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Заңды тұлғаларға атыс тирлерін (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 190 қаулысының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметтіоблыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының лицензиялық және рұқсат беру жүйесінің бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға жүгінген сәттен бастап:
  2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт –             40 (қырық) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут.
6. Мемлекетік қызметті көрсету нәтижесі – жеке/заңды тұлғаларға қағаз тасымалдағыштарында берілген азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдамасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: қағаз түрінде.
Мемлекетік қызметтің көрсетілгені үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және өзге бюджеттік міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 540-бабына сәйкес, келесіні құрайтын мемлекеттік баж өндіріледі:
заңды тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз пайызы;  
жеке тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы.
Мемлекеттік баж төлем көлемі мен күні расталатын құжат (түбіртек) берілетін Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы  төленеді.
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9.  Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қызмет берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1, 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;  
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдаманы алу үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;
азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге берілген рұқсаттың түпнұсқасын;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдаманы алу үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпарат, екінші деңгейлі банктер арқылы төленген жағдайда қағаз жеткізгіштегі түбіртек сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде тігіледі;
азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге берілген рұқсаттың түпнұсқасын ұсынады.