Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 2-2/425 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Аталған Жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшесі олардың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жоспар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.03.2013 жылғы № 12-1/110 Бұйрығымен (06.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) Жоспар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2014 жылғы № 2-2/310 Бұйрығымен (12.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.01.2015 жылғы № 2-2/24 Бұйрығына сәйкес (19.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |