• Мое избранное
«Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидалары бекітілсін. 
2. «Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 267 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007ж., №11, 123-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы №
қаулысымен бекітілген
Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
Қағидалар жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту тәртібін белгілейді және автомобиль жолдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бекітілген мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - мемлекеттік нормативтер) талаптары ескеріле отырып әзірленді.
2. Қағидалар жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамаларын әзірлейтін жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - әзірлеуші) қолданылады.
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісуге және бекітуге жататын нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды.  
2. Құжаттаманы келісу және бекіту тәртібі
4. Әзірлеуші жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісуге ұсынады.
5. Уәкілетті орган нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісуді күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүргізеді.
6. Жобалық құжаттаманы келісу мемлекеттік нормативтер белгіленген тәртіппен осы құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткенге дейін жүзеге асырылады.
7. Жобалық құжаттама мемлекеттік нормативтердің талаптарын есепке ала отырып, келісуге ұсынылады.
8. Қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ұсынылған жобалық құжаттаманы келіседі не оны келісуден бас тартады.
Құжаттаманы келісуден бас тартқан кезде уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы әзірлеушіні жазбаша хабардар етеді.
Жобалық құжаттамасының мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі бас тарту негіздемесі болып табылады.
Әзірлеуші бас тартумен келіспеген жағдайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның іс-қимылына шағымдануға құқылы.
9. Әзірлеуші келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін материалдар қайта келісуге жіберіледі. Қайта келісу күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
10. Бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімде келісуге жатады.
11. Жобалық құжаттамасын бекіту жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде келесі сметалық құнымен жүзеге асырылады:
1) ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін болса - мемлекеттік органдар - бағдарламалар әкімшілері бекітуге тиіс;
2) ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары болса - сәулет, кала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітуге тиіс.
«Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 2-тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді

5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары,

күтілетін нәтижелердің

мерзімі мен болжанатын

тиімділігі

Жобаны қабылдау автокөлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі нің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 267 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың 2014 жылғы 20 маусымдағы №01/5-4010 қорытындысы

9.

Өзге де мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасыны ң ескертулері Қағидаларың 5-тармағына, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісудің мерзімін күнтізбелік 20 күннен бастап күнтізбелік 10 күнге дейін қысқарту, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органы қабылдамады, өйткені құжаттаманы қараудан басқа қосымша жобалау институттарымен жобалауға арналған автожолының орнына шығуға, қосымша жергілікті атқарушы органмен мал өтетін орындарын салуға, қар жібермейтін қоршауларын, жаяу жүргіншілердің (жер бетінде, астындағы, көшелердегі ) өту жерлерін келісу қажет, сондай-ақ бірнеше томда ұсынылатын көлемді құжаттамалар егжей-тегжейлі қарауға және келісу үшін қосымша уақытты талап етеді

10 .

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсына Microsoft Word, өлшемі 2,17 Мб орналастырылды

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Пресс-релиз 2014 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация  министрі
Келісу  
ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы: «Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Әзірлеуші-мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 
 

Алынған күн

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарыл ған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі











Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі











Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі









Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі











Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі





































Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың  
ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы







2.

Жобаға түсіндірме жазба







3.

Жіберу көрсеткіші







4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері







5.

Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының көшірмесі







6.

Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі







7.









8.









9.







 Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.
Қолы ___________ күні ________
«Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп - ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына анықтама - негіздеме  
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп - ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттамасын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты күшін жойған «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асырумен қабылданған «Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 267 қаулысының орнына әзірленді.  
Осыған байланысты, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, қаулы жобасын қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің келесі шешімінің күші жойылды деп тану қажет:
Қаулы жобасын қабылдау қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді.
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі  Ж. Қасымбек