• Мое избранное
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін енгізу тәртібі
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті төрағасының 2005 ж. 18 қарашада № 411 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін енгізу тәртібі
Тәртіп күшін жойды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 18.06.2014 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін (әрі қарай тізілім) енгізу тәртібіне, мазмұнына және құрылымына негізгі талаптарды орнатады.
2. Тізілімді жүргізу тәртібі
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нысандарды, жұмысқа қатысушыларды, құжаттарды тіркеуді есептеу құжаты.  
3. Техникалық реттеу және метрология комитетінің (әрі қарай уәкілетті орган) тапсырмасы бойынша тізілімді жүргізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» қаулысына сәйкес қызметін «Қазақстан метрология институты» РМК (әрі қарай МҒМО) атқаратын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық және оның ведомствосына қарасты ұйымдар жүзеге асырады.
4. Тізілім нысандарын тіркеуді, оларды есептеуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің ақпараттық деректемелерінің орталықтандырылған қорын құру және тізілім нысандары бойынша ақпараттармен жүйелі қызмет көрсету мақсатында жүргізеді.  
5. Нысандар бойынша тізілім мынадай бөлімдерден тұрады:
1) 1 бөлім - шама бірлігінің эталоны;
2) 2 бөлім - өлшем құралдарының бекітілген типтері;
3) 3 бөлім -  заттар мен материалдың қасиеті және құрамының стандартық үлгісінің бекітілген типтері;
4)  4 бөлім -  өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
5) 5 бөлім - өлшем құралдарын өндіруге және жөндеуге құқығы бар лицензиаттар;
6) 6 бөлім - акредиттеу нысандары;
7) 7 бөлім - өлшемдерді орындау әдістемелері;
8) 8 бөлім - метрологиялық аттестация өткен өлшем құралдары;
9) 9 бөлім - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар;
10) 10 бөлім - өлшем құралдарының мемлекеттік эталондарын оқымысты сақтаушылар;
11) 11 бөлім - өлшем құралдарын салыстырып тексеруші.
6. Тізілім жүргізу тәртібі ескереді:
- нысандарды тіркеу;
- тізілім істерін жинақтау және сақтау;
- ақпаратық қызмет көрсету.
7. 1, 2, 3, 4 (сынау нәтижелерін мойындау процедуралары және типті бекіту негізінде және типті бекіту мақсатында сынау нәтижелері бойынша тізілімге енгізілген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі бөлігінде), 5, 6, 7 (ТМД әзірленген өлшемді орындау әдістерін мойындау бөлігінде), 8 (өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мойындау бөлігінде) тарауларының тізілім нысандарын тіркеу, 9, 10 тараулары уәкілетті орган шешімінің негізінде жүргізіледі, 4, 7, 8, 11 тараулары - МҒМО шешімінің негізінде.  
8. Тіркеу кезінде әр тізілім нысанына келесі құрылымдағы тіркеу нөмірін меншіктейді:
 KZ.XX.XX.XXXXX-XXXX  
                                                            Жыл цифры
                                            Реттік нөмір
                                Тізім бөлімшесінің коды
                         Тізім бөлімінің коды
                  Қазақстан Республикасының коды
1) KZ - Қазақстан Республикасының коды.
2) Тізілім бөлімінің коды екімәнді саннан тұрады және тізілім бөлімінің нөмірі болып көсетіледі.
3) Тізілім бөлімшесінің коды екімәнді саннан тұрады және тізім бөлімшесінің нөмірі болып көсетіледі.
4) Әр тізілімнің бөлімі бойынша реттік нөмір 00001-ден 99999-ға дейін көрсетіледі.
5) Жыл цифры - нысанды тізілімге енгізу туралы уәкілетті орган немесе МҒМО шешім қабылдаған жыл.
Мысал - KZ.01.00.00002-2000 - шама бірлігі эталонының тіркеу нөмірі;
KZ.05.02.00022-2002 - өлшем құралдарын өндіруге құқы бар лицензиаттың тіркеу нөмірі;  
KZ.02.00.00025-2001 - өлшем құралының бекітілген типінің тіркеу нөмірі.
9. Шетелде өткізілген халықаралық келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасында ратифицирленген метрологиялық жұмыс нәтижелерін мойындау процедурасы кезінде, тізілім нысандарына Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінің тіркеу нөмірі және бөлшек сызық арқылы жазылған, шетелдік метрология бойынша ұлттық мүшенің мемлекеттік тізілім нөмірі бар, тіркеу нөмірлері тағайындалады.
10. Нысанды тізілімнен шығарғанда және уәкілетті органның  немесе МҒМО шешімімен тізілім нысандары бойынша ақпараттық деректемелерді өзгертуде тізілімге сәйкес ақпарат енгізіледі, тізілім ісі сәйкес құжаттармен толықтырылады.
11. Тізілім 1 қосымшада келтірілген пішін бойынша электронды тасымалдағыштарда жүргізіледі. Тізілім деректемелері ай сайын журнал түрінде басылып шығарылады және тігіледі, ал парақтары жылдың аяғында нөмірленеді, бау өткізіледі және МҒМО мөрімен бекітіледі.
12. Тізілім істері, нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес рәсімделген және ұсынылған құжаттардан немесе өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттардан және бекітілген құжаттар көшірмесінен (сертификат, шешім, акредиттеу аттестаты, лицензия) тұрады. Тізілім істерін 2 қосымшаға сәйкес сақтайды.
3. 1 бөлім «Шама бірлігінің эталоны»
13. 1 бөлімдегі тіркеуге жататындар:
1) шама бірлігінің мемлекіттік эталоны;
2) метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың шама бірлігінің алғашқы эталондары
14. Мемлекеттік басқарма органының метрологиялық қызметі шама бірлігінің мемлекеттік және алғашқы эталондарын және заңды тұлғаларды тіркеуде 3 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
4. 2 бөлім «Өлшем құралдарының бекітілген типтері»
15. 2 бөлімдегі тіркеуге жататындар:
1)республикамызда өндірілген және шетелден әкелінген өлшем құралдарының бекітілген типтері;
2) бекітілген тәртіпте сынақ нәтижелерін мойындау процедурасынан өткен бекітілген өлшем құралдары типтері.
16. Бекітілген өлшем құралдар типін тіркеу кезінде 4 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
17. Өлшем құралдарының бекітілген типтерін, типті бекіту туралы сертификаттың іс-әрекеттегі мерзімінің аяқталуы бойынша немесе уәкілетті орган шешімі бойынша тізілімнен алып тастайды.
5. 3 бөлім «Заттар мен материалдардың қасиеті және  құрамының стандартық үлгілерінің бекітілген типтері»
18. 3 тарауда тіркеуге жататындар:
1) Қазақстан Республикасында әзірленген заттар мен материалдар құрамы мен қасиетінің стандарттық үлгілерінің бекітілген типтері;
2) шетелде шығарылған заттар мен материалдар құрамы мен қасиетінің стандарттық үлгілері типтерінің қолданысқа жіберілгендері.
19. Заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгілерінің бекітілген типтерін тіркеу кезінде 5 қосымшасының пішіні пайдаланылады.
20. Қазақстан Республикасында әзірленген заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгілерінің бекітілген типтері, типті бекіту туралы сертификаттың қолданыстағы мерзімінің екі еселенген мерзімінің ішінде осы типті шығару жаңартылмаса немесе стандарттық үлгінің жарамдылық мерзімін ұзарту мақсатында стандарттық үлгідегі метрологиялық сипаттамалардың тұрақтылығына бағалау жүргізілмесе тізілімнен шығарылады.  
21. Шетелдік өндіріс материалдарының және заттарының құрамы мен қасиетінің стандарттық үлгілері қолданысқа рұқсат етудің мерзімі аяқталған соң тізілімнен шығарылады.
6. 4 бөлім «Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері»
22. 4 бөлімдегі тіркеуге жататындар:
1) Қазақстан Респубикасында әзірленген салыстырып тексеру әдістемелері;
2) Қазақстан Респубикасында ратификацияланған және Қазақстан Республикасының аймағында пайдалануға мүмкіндік берілген халықаралық келісім шарт мүшелес елдерінің метрологиялық қызметтерімен дамытылған салыстырып тексеру әдістемелері;
3) Шетел кәсіпорындарымен әзірленген және өлшем құралдары түрлерін бекіту мақсатында  сынақ жүгізу кезінде тексерілген салыстырып тексеру әдістемелері;
4) Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері.
23. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін тіркеу кезінде 6 қосымшаның пішіні қолданылады.
7. 5 бөлім «Өлшем құралдарын өндіруге және жөндеуге құқығы бар лицензиаттар»
24. 5 бөлімдегі тіркеуге жататындар:
1) өлшем құралдарын, аттестатталған қоспалар, материалдар және заттар құрамы мен қасиетінің стандарттық үлгілерін өндіруге құқығы бар лицензиаттар;
2) өлшем құралдарын жөндеуге құқығы бар лицензиаттар.
25. Лицензиаттарды тіркеу кезінде 7 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
26. Лицензияны қайтару негізіндегі уәкілетті орган шешімімен немесе лицензиялау туралы заңға сәйкес, лицензиаттар тізілімнен шығарылуы мүмкін.
8. 6 бөлім «Акредиттеу нысандары»
27. 6 бөлімдегі тіркеуге жататындар:
1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына  аккредиттелген заңды түлғалар;
2) өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттелген заңды түлғалар;
3) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар;
4) жұмыстардың басқа түрлерін жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың мемлекеттік метрологиялық қызметінің бөлімшелері;
5) метрология саласындағы тәуелсіз сараптамалық бағалауды жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар.
28. Аккредиттеу нысандарын тіркеуде барлық бөлімшелерге бірдей 8 қосымшаның пішіні қолданылады.
29. Аккредиттеу аттестатын қолдану мерзімінің аяқталуы бойынша немесе уәкілетті орган шешімінің негізінде тізілімнен аккредиттеу нысандарын алып тастайды.
9. 7 бөлім «Өлшемдерді орындау әдістемелері»
30. 7 бөлімдегі тіркеуге жататындар:
1) Қазақстан Республикасында әзірленген өлшемдерді орындау әдістемесі;
2) Шетелік кәсіпорындармен әзірленген, Қазақстан Республикасының аймағында пайдалануға мойындалған өлшемдерді орындау әдістемесі.
31. Өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу кезінде 9 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
32. Тікеуді қолдану мерзімінің аяқталуы бойынша немесе МҒМО немесе уәкілетті орган шешімінің негізінде тізілімнен өлшемдерді орындау әдістемесін алып тастайды.
10. 8 бөлім «Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары»
33. Метрологиялық аттестаттаудан өткен немесе метрологиялық аттестаттау нәтижелерін мойындаудан өткен өлшем құралдарын тіркеуде 10 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
11. 9 бөлім «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар»
34. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларды тіркеу кезінде 11 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
35. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификат мерзімінің аяқталуы бойынша немесе уәкілетті орган шешімінің негізінде сарапшы-аудитор тізілімнен шығарылады.
12. 10 бөлім «Шама бірлігінің мемлекеттік эталонын оқымысты сақтаушылар»
36. Шама бірлігінің мемлекеттік эталонын оқымысты сақтаушыларды тіркеу кезінде 12 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
37. Шама бірлігінің мемлекеттік эталонын оқымысты сақтаушылар біліктілігін беру туралы сертификат мерзімінің аяқталуы бойынша немесе уәкілетті орган шешімінің негізінде шама бірлігінің мемлекеттік эталонын оқымысты сақтаушыларын тізілімнен шығарады.
13. 11 бөлім «Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілер»
38. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде 13 қосымшаның пішіні пайдаланылады.
39. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру біліктілігін беру туралы сертификатты қолдану мерзімінің аяқталуы бойынша немесе МҒМО шешімінің негізінде өлшем құралдарын салыстырып тексеруші тізілімнен шығарылады.  
14. Тізілім деректері бойынша ақпараттық қызмет көрсету
40. Тізілім ресми ақпарат негізі болып табылады. Тізілім құрамындағы мәліметтер бойынша мүдделі мемлекеттік орган басқармаларына, жеке және заңды тұлғаларына, сонымен қатар шетелдерге ақпаратты қызмет көрсетеді.
41. Тізілім деректері туралы ақпарат уәклетті органның мерзімді басылымында, МҒМО және арнайы ақпараттық жинақтарда жарияланады, сонымен қатар  Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын аймақтық және халықаралық ұйымдардың сұранысы бойынша бағытталады.
42. Жеке және заңды тұлғалар сұранысы бойынша тізілім ақпараты келісім шарт негізінде ұсынылады.  
Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережесіне
1 қосымша
Электрондық тасымалдағыштағы тізілімді жүргізу тәртібі
1. Электрондық тасымалдағыштағы тізілімге объектіні тіркеу кезіндегі қағаз жүзіндегі қарастырылған ақпарат кіруі тиіс, сонымен қатар уәкілетті орган қабылдамаған өзгерістерді енгізуін болдырмауға арналған шектелген мүмкіндігін қамтамасыз ету жүйесі болу тиіс.
2. Тізілім нысандары туралы ақпарат алу мақсатында тізілім деректерін оқуға  оларды өзгертуге құқығы жоқ оның пайдаланушыларына рұқсат бар.
3. Тізілім деректерін оқуға оларды өзгертуге құқығы бар МҒМО бұйрығымен мамандар арасынан тағайындалған бірыңғай осы салада жұмыс істейтін, және тізілім жүргізуге арнайы жауап көтеретін жауапты тұлғаға рұқсат бар.
4. Тізілімнің бағдарламалық құрылымын қамтамасыз етуге бағдарламаны қамтамасыз ету дамытушысына рұқсат бар. Бірақ компьютерге шектелген рұқсат болуы мүмкін, егер де дамытушы тізілім жүргізуге жауапты тұлға болмаса.
5. Тізілімнің электрондық вариантында қарастырылуға тиіс:
- деректерді іздеу функциясы;
- деректерді таңдау және іріктеу функциясы;
- деректерді қағаз және басқа да электрон жүзіне тасымалдауға мүмкіндігі;
- тізілім деректерін мерзімді резервтік көшірмесін жасау (кем дегенде бес күнде бір рет);
- бөлімдермен өзара байланыс, жеделдік байланыс.
6. Деректерді іздеу функциясы бір жазуды немесе тізімнің электрондық вариантының бір алаңдағы бір топ жазуды өте жедел іздеуі үшін қажет.
7. Деректерді таңдау және іріктеу функциясы бойынша осыған сәйкес бір немесе көбірек алаңдағы деректердің негізгімен жазылған жазу іріктелуі мүмкін.
8. Ақпаратты қызмет ету үшін тізілімді қамтамас ету бағдарламасы деректерді қағаз және басқа да электрон жүздеріне тасмалдауын қамтамасыз ету тиіс.
9. Тізілім жүргізуге жауапты маман, тізілімді қамтамасыз ету бағдарламасы жаңылыуы немесе зақымдануы мүмкіндігі жағдайынан деректі сақтап қалуын қамтамасыз ету үшін оның мерзімді резерв көшірмесін жасауы тиіс.
10. Деректі талдау және жүйелеу үшін тізімді қамтамасыз ету бағдарламасы бөлімдер арасында өзара байланысын және жедел байланысты қамтамасыз етуі тиіс.  
Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережесіне
2 қосымша
Тізілім істерін сақтау
1. Тізілім нысандарын тіркеу кезінде тағайындалған цифрлы белгісі бар әр тізілім ісі жеке папкаларға тігіледі.
2. Тізілім істерінен тұратын құжаттар айқын және теңдестіріліп сақталуы тиіс.
3. Тізімнің әр бөлімінің папкалары шектелген мүмкіндігі бар арнайы жайларда жеке шкафтарда немесе сөрелерде сақталынады. Арнайы жайларда:
1)тізілім істерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін температура-ылғалдылық және санитарлы-тазалық жағдайларын жасау қажет;
2)тізілім істерінің тиімді жайғастырылуын және бүтіндігін қамтамасыз ету қажет.
4. Тізілімнің 2, 4, 8 тарауларының істері үнемі сақталады, қалғандары нысандарды тізілімнен шығарғаннан кейін кемінде бес жыл сақталады.
5. Тізілім жүгізумен және тізілім істерін сақтаумен айналысатын мамандар:
1) тізілім деректерін жүйелеуі, талдауы және өзектендіруі тиіс;
2) тізілім істерін мерзімді ревизиялауы тиіс;
3) тізілім істерінің тіркелуін (құрамын және мөлшерін) қамтамасыз етуі тиіс;
4) тізілім істерін іздеудің ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс;
5) тізілім ісінің түсуін, беруін белгілейтін тізілім істерін сақтауда бекітілген пішіндегі есептеу құжатын жүргізуі тиіс;
6) ескірген құжаттарды байқаусыз қолдануды болдырмауы тиіс.
Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережесіне 3 қосымша
1 бөлім
 Шама бірлігінің эталоны
1.1 Шама бірлігінің мемлекеттік эталоны
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Эталонның толық аты

Эталон разряды

Эталонның белгіленуі

Жаңғыртылған және (немесе) шама бірлігі мемлекеттік эталонындағы сақтауындағы номиналдық мәні немесе шаманың диапазондық мәні

Өлшем нәтижесінің орта шаршылы аутқуының бағасы

Өлшемнің белгісіздігі

Шығарылмаған жүйелік қателік

Қателіктің болу шегі және сенімдік шекарасы

Жасалу орны және жылы

Қашан және кіммен бекітілген

Эталонды ғылыми сақтаушының қызметі аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі және лауазымы (болса)

Салыстыру, салыстырып тексеру мерзімділігі

Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына арналған құжаттың номірі

Эталон сақталатын мекеменің аты

Кеңейтілген белгісіздік

Қамту коэффициенті

Сенім денгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

 1.2 Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметінің  
 және заңды тұлғалардың шама бірлігінің алғашқы эталоны
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Эталоны бар заңды тұлғаның аты

Аккредиттеу аттестатының №

Аккредиттеу белгісі

Эталон аты

Тип

Өлшем түрі

Зауыттық номері

Пайдалануға енгізілген жылы

Эталон разряды

Дәлдік класы

Қателік

Өлшем диапазоны

Метрологиялық аттестаттау/салыстырып тексеру мерзімі

Метрологиялық аттестаттау/салыстырып тексеру туралы құжаттың №

Метрологиялық аттестаттау/салыстырып тексеру кіммен жүргізілген

Аккредиттеу саласына сәйкес тағайындау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Ескерту- электрондық түрде толтырылады.
Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
4 қосымша
 2 бөлім  
 Өлшем құралдарының бекітілген типтері
 

Сертификатың номері

Тіркеу номері

Өлшем құралдарының аты

Өлшем құралдары типінің белгілері

Дайындаушы-кәсіпорын (орналасқан жері)

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаты алушы

Салыстырып тексеру әдісі

Өлшем құралын бірінші салыстырып тексеруін мойындау туралы мәлімет

Типті бекіту туралы сертификат қызметінің мерзімі (қолдануға рұқсат)

Тізілімге өлшем құралдарын енгізу туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешімін бекітетін құжаттың номері мен күні

Типті бекіту туралы сертификаттың іс-әрекеттегі мерзімі

Өндіруші-кәсіпорын

(тұрған жері)

Өлшем құралдар типін бекітуі туралы сертификатты алушы

дан

дейін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
5 қосымша
3 бөлім
 Заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгілерінің бекітілген типтері
 

Тіркеу номері

Заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгілерінің бекітілген типтері туралы сертификат номері

Заттар мен материалдардың қасиеті мен құрамының стандарттық үлгілерінің аты

Стандартық үлгісінің қасиеті және құрамының аттестатталған мәні

Стандарттық үлгідегі аттестатталған белгінің мәні

Заттар мен материалдардың қасиеті және құрамының стандарттық үлгілерін тізілімге енгізу туралы уәкілетті мемлекеттік орган шешімін бекіткен құжаттың номері мен күні

Заттар мен материалдар құрамы мен қасиетінің стандарттық үлгілері типін бекіту туралы сертификат тың іс-әрекет мерзімі/ қолданысқа жіберу мерзімі

Затар мен материалдың қасиеті және құрамының стандарттық үлгілерін бекіту туралы сертификаттың іс-әрекет мерзімін создыруын растайтын құжаттың номері және мерзімі

Затар мен материалдың қасиеті және құрамының стандарттық үлгісін тізілімнен шығару туралы уәкілетті органның шешімін растайтын құжаттың номері және мерзімі

Әзірлеуші - кәсіпорын

(тұрған жері)

Мәлімдеуші-кәсіпорын (тұоған жері)

Ескерту

дан

дейін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
6 қосымша
4 бөлім
 Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістері
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Салыстырып тексеру әдісінің аты және белгіленуі

Салыстырып тексеру әдісін әзірлеу күні

Салыстырып тексеру әдісін әзірлеуші-ұйым

Салыстырып тексеру әдісін бекіткен ұйым

Салыстырып тексеру әдісін тізілімге енгізу туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешімін растайтын құжаттың номері мен мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
7 қосымша
5 бөлім
 Өлшем құралдарын, аттестатталған қоспалар және заттар мен материалдар құрамы мен қасиетінің стандарттық үлгілерін өндіру құқығына және өлшем құралдарын жөндеу құқығына лицензиаттар
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Лицензия сериясы және номері

Лицензия берілген мерзім

Лицензия аты

Лицензиаттың мекен-жайы, телефоны

Лицензиат филиалының аты

Лицензиат филиалының мекен-жайы, телефон

Қызмет түрі

Өлшем түрінің коды (лицензиялау саласы)

Лицензия лау облысын өзгерту

Лицензияның іс-әрекетін тоқтатып қою

Лицензия іс-әрекетінің тоқтауы

мезгілі

ТСБ орындаушы

Ескерту

Іс №

Шығару белгісі

ҒТК метр шешімінің №

мезгілі

Тоқтатылу мерзімі

ҒТК метр шешімінің №

Қайтадан басталу мерзімі

ҒТК метр шешімінің №

ҒТК метр шешімінің №

себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Калибрлеу және салыстырып тексеру зертханалары (орталық) үшін, өлшем құралдарының 20 түрі бар лицензиялау саласы 6 графада 11-қосымшасына сәйкес өлшем түрлері көрсетіледі  
Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
8 қосымша
6 бөлім
 Аккредиттеу нысандары  
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Аккредиттеу нысанының аты

Аккредиттеу нысанының мекен-жайы

Аккредиттеу нысаны филиалының аты

Аккредиттеу нысаны филиалының мекен-жайы

Қызмет түрі

Аккредитация нысандарын ҚР МӨЖ тізіліміне енгізу туралы уәклетті мемлекеттік органның шешімін растайтын құжаттың номері және мерзімі

өлшем түрінің коды (Аккредиттеу саласы)

Аккредиттеу аттестатының номері

Ескерту

Берілген күні

Жарамдылық шағы

Мерзімі

ҒТКметр шешімінің №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
9 қосымша
7 бөлім
 Өлшемдерді орындау әдістемелері
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Тіркеу іс-әрекетінің мерзімі

ӨОӘ аты

ӨОӘ белгісі

ӨОӘ іс-әрекетінің мерзімі

Тіркеуді мәлімдеуші

ӨОӘ таратылу саласы

ӨОӘ әзірлеуші

ӨОӘ аттестаттаған кәсіпорын

ӨОӘ аттестаттау туралы куәлік номері

ӨОӘ аттестаттау туралы куәлік іс-әрекетінің мерзімі

ӨОӘ тағайындау

Өлшенетін шама

Метрологиялық сипаттамалардың аттестатталған шегі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Ескерту - ӨОӘ тарату саласын анықтауда көрсетіледі: бір кәсіпорын шегінде, сала шегінде, республика шегінде
Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
10 қосымша
8 бөлім
 Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатының берілген күні және номері

Өлшем құралдарының аттары, зауыттық номері, шыққан жылы

Өлшем құралдары типтерінің белгіленуі

Негізгі метрологиялық сипаттамалар

Салытсырып тексеру аралық интервалы

Салытсырып тексеру әдістемесі

Дайындаушы -кәсіпорын

Өлшем құралдарының иесі

(тұрған жері)

Тізілімге енгізу туралы шешімді растайтын құжаттың номері мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
11 қосымша
9 бөлім
 Өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Сертификаттың номері

Сертификаттың берілген күні

Сарапшы -аудитор сертификатын алған тұлғаның аты-жөні, тегі

Сарапшы -аудитор іс-шарасының бағыты

Сарапшы -аудитор жұмысының түрлері

Контакт деректері

Уәкілетті орган шешімін растайтын құжаттардың номері және мерзімі

Ескерту

Жұмыс орыны, телефон

Үй мекен жайы, телефон

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
12-қосымша
10 бөлім
 Шама бірлігінің мемлекеттік эталонын ғалым сақтаушылар
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Сертификаттың номері

Сертификаттың берілген күні

Сертификат алған тұлғаның аты-жөні, тегі

Шама бірлігінің мемлекеттік эталонының аты, белгісі, разряды

Контакт деректері

Уәклетті органның шешімін бекіткен құжаттың номері және мерзімі

Ескерту

Жұмыс орыны, телефон

Үй мекен жайы, телефон

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының өлшем
 бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
 жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне
13 қосымша
11 бөлім
 Өлшем құралдарын салыстырып тексеруші
 

Тіркеу номері

Тіркеу мезгілі

Сертификаттың номері

Сертификаттың берілген күні

Сертификат алған тұлғаның аты-жөні, тегі

Өлшем түрі

Контакт деректері

Уәклетті органның шешімін бекіткен құжаттың номері және мерзімі

Ескерту

Жұмыс орыны, телефон

Үй мекен жайы, телефон

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10