Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 141 бұйрығы
Редакция 11.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық қомиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бірінші вице-министр А. Рау
Қазақстан Ресбуликасының
Индустрия және жаңа
технологиялар
бірінші вице-министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына 1-қосымша
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі № 141 бұйрығына
2-қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық қомиссия туралы ереже