• Мое избранное

Отправить по почте

ҚР-ның ҚНмЕ А.2.2-1-2001 «Кәсіпорындар, үй-жайлар және ғимараттар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамымен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұсқауды бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 17 мамырдағы № 109 бұйрығының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 160-НҚ бұйрығы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҚР-ның ҚНмЕ А.2.2-1-2001 «Кәсіпорындар, үй-жайлар және ғимараттар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамымен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұсқауды бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 17 мамырдағы № 109 бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 9 шілдеде тіркелді. Тіркеу № 1566, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен орталық атқарушы органдардың құқықтық нормативтік актілері Бюллетенінде жариялаған, 2001 жылғы № 28, 460-бет).
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (Ұ.Е. Жазылбек) бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзім ішінде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев