• Мое избранное
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiктiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген

  • 2
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiктiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – БНАЖ) өзара іс-қимыл жасау арқылы құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы мәмілені куәландырғаннан (бұдан әрі – электрондық тіркеу) кейін жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орталыққа жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтардың ауыртпалықтардың) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш орталыққа келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер орталықта өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);
мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу – көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келіп түскен кезден бастап дереу (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);
егер «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамы субсидиялаған қарыз шарты, «Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Мурабаха, Иджара және Истисна шарттары бойынша мiндеттемелердi орындауды кепiл қамтамасыз еткен жағдайда, жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң туындауын немесе өзгеруiн тiркеу, сондай-ақ ипотека куәлiгiн беру бойынша - өтiнiш көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді).
Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
3) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамаудың негізі болып табылмаса, осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы;
5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдамаудың негізі болып табылмаса, түсініктеме алу немесе мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты олардан қажетті ақпарат сұратып алу үшін;
6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгілейтін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген жағдайда олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкіліне) беру үшін тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, орталыққа жазбаша хабарлама жібереді.
БНАЖ арқылы электрондық тіркеу кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған жағдайда, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде «жылжымайтын мүлік тіркелімінің» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) автоматты түрде «Тоқтатыла тұрады» деген мәртебе беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуді тоқтата тұрған кезде БНАЖ-ға, порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған жағдайда) мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге тиіс. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімдерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі үшін жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң дайын құжаттарды алу үшін орталыққа жүгінген кезде орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушының нотариусқа жүгінген кезінен бастап, электрондық тіркеу ЖМТ МД-ның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымды төлеуден босату туралы растау келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi – жүргiзiлген тiркеу туралы белгiсi бар құқық белгiлеуші құжат не Заңда көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы дәлелді жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру.
БНАЖ-ға электрондық тіркеуге жүгінген жағдайда құқық белгілеуші құжатты және көрсетілетін қызметті берушінің (құқық иеленушінің) уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тіркеу туралы хабарламаны не тіркеуді тоқтату немесе бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарламаны порталдағы жеке кабинетке және ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына (бар болған жағдайда) жолдау.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берген жағдайда, тіркеу үшін алымның төленгені туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайталап берген кезде ұсына алады.
7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша көрсетiледi:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 457-бабына сәйкес алым төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 456-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша есептелген сома салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді, тіркеу алымы кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген;
2) электрондық тіркеу көрсетілетін қызметін алуға электрондық сұрау салуды БНАЖ арқылы берген жағдайда, порталда ЭҮТШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде үш жұмыс күні ішінде төлем жүзеге асырылады;
3) порталда - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік алымды төлеу туралы электрондық түбіртек жолданады. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтер төлемдері тарихында сақталады.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, (электронды) кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады.
2) БНАЖ арқылы, нотариустардың жұмыс кестесіне сәйкес.
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) не оның өкілі (сенімхат бойынша) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
орталыққа:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);