• Мое избранное
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген

  • 2
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдігiн тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының «Жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы: екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы мәліметтерді қамтитын кепіл туралы шартты немесе өзге шартты жеке немесе заңды тұлғалармен жасасқан жағдайда (бұдан әрі – электрондық тіркеу) «Екінші деңгейдегі банктердің» ақпараттық жүйесі мен өзара іс-қимыл арқылы (бұдан әрі – ЕДБ АЖ) көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) Орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет екі жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң дайын құжаттарын алуға орталыққа жүгінген кезде орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді;
2) көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
ЕДБ АЖ арқылы:
мемлекеттік қызмет жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуі үшін алымның төленгені туралы немесе алымды төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне түскен кезден бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – орталық арқылы қағаз жеткізгіште:
1) кепіл шарты немесе мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiкті тіркеу туралы белгiсi бар кепiл талаптарын және тiркеу туралы куәлікті қамтитын өзге де шарт немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған тіркеуден дәлелді бас тарту;
2) берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасы немесе ЭЦҚ-мен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауап.
ЕДБ АЖ және портал арқылы электрондық нысанда:
1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша көрсетіледі:
міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін тіркеу алымының сомасы:
1) жеке тұлғалардан – айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 1 мөлшерлемесі;
2) заңды тұлғалардан – 5 АЕК құрайды.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталықта, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзiлiссiз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады;
2) ЕДБ АЖ арқылы екінші деңгейдегі банктердің жұмыс кестесіне сәйкес;
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
орталық арқылы:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);
3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі үшін);
4) бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат;
5) өтініште қамтылған мәліметтерді тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылатын кепіл шарты немесе кепіл талаптарын қамтитын өзге де шарт.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын 2) тармақшада көрсетілген құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);
3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі үшін);
4) бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталық арқылы алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын куәлікті және заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
орталыққа – көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
1) құжаттың нөмірі және оны қабылдау күнi;
2) сұрау салынатын мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
4) мемлекеттік қызметтің көрсетілу күнi (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
ЕДБ АЖ арқылы:
1) кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысандағы өтініш (сұрау салу);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);
3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (кепіл берушінің) өкілеттіктерін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының (кепіл берушінің) уәкілетті өкілі үшін);
4) кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтінішті жіберуге жеке және заңды тұлғаның жазбаша келісімі;
5) бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат;
6) кепіл шарты немесе көрсетілетін қызметті алушының (кепіл берушінің) немесе кепіл ұстаушының ЭЦҚ куәландырылған, кепiл талаптарын қамтитын электрондық құжат нысанындағы өзге де шарты.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттар туралы мәліметтерді кепіл ұстаушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЕДБ АЖ арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Екінші деңгейдегі банктерде электрондық тіркеу кезінде құжаттар ЕДБ АЖ рұқсаты бар банк қызметкеріне беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі ЕДБ АЖ-ге және кепіл берушінің «жеке кабинетіне» порталға сұрау салудың қабылданғаны туралы және электрондық тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында нәтижесі туралы хабарлама жібереді.
  • 1
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) егер кепіл шартында немесе кепіл талаптарын қамтитын өзге де шартта кепіл нысанасы және оның бағалануы, мәні, көлемі және кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындау мерзімі және кепілге қойылған мүлік тараптардың қайсысында болғаны туралы және оны пайдалануға рұқсаты туралы мәліметтері көрсетілмеген.
Кепіл нысанасын бағалау теңгемен көрсетіледі және егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін. Шетелдік валютада міндеттемелерді қамтамасыз ететін кепіл нысанасын бағалау теңгемен және кепіл шартын жасасу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша міндеттемелер валютамен көрсетіледі;
2) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн өтінішті тiркеуге ұсыну кезінде;
3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті адам жүгінбесе;
4) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың болмауы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы орталықтың кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, орталықтың қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) орталықтың – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн
тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн
тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру»
мемлекетiк көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
 ____________ өтініш
Кепіл беруші ________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(тұратын жері, туған күні мен жылы)
_____________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі)
Жеке басты куәландыратын құжат: түрі _______ сериясы _______ № ______
____________________________ берілген, берген күні __________________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________
________________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні мен жылы және заңды тұлғаның атауы
мен тіркеу нөмірі)
_____________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаты: түрі _______ сериясы _______ № _____
_________________________________ берілген, берген күні _____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________
________________________________________________ атынан әрекет ететін
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_____________________________________________________________________
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуді сұраймын: ____________________
Шартты жасасқан күн _________________________________________________
Шартты жасасқан орын ________________________________________________
Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы) __________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің ақшалай баламасы _______
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге қойылған мүлік:
кепіл берушінің _________ кепіл ұстаушының ___________ иелігінде және
пайдалануында қалады.
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ
(керек емесін сызып тастау)
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ
(керек емесін сызып тастау).
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және
кім берген)
1. Төлем туралы құжат: түрі ____________ № _________ сомасы _________
2. __________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе: Иә/Жоқ
(керек емесін сызып тастау)
Өтінішті берген күні: __________________ 20__ ж.
Өтінішті қабылдаған күні: ______________ 20__ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ________________________________________
Уақыты: _________________________ сағат ______________________ минут.
_________________________
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде
қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___» _____________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек
көрсету комитетінің
«Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК
Жылжымалы мүл i к кеп i л i н т i ркеу туралы куәл i кт i ң телнұсқасын алу туралы № ____________ өтініш
Мен,
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә)
_____________________________________________________________________
(паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және жеке тұлғаның
тұратын жері)
___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың деректемелері)
________________________________________________ атынан әрекет ететін
(заңды тұлғаның атауы мен деректемелері)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті өкіл толтырады)
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беруді
сұраймын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе кепіл берушінің заңды тұлғасының атауы)
Жылжымалы мүлік объектісінің түрі ___________________________________
_____________________________________________________________________
(кепіл беруші бойынша деректер болған кезде толтырылады)
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. Төлеу туралы құжат: түрі ________, № _________, күні _______
______________________________________________________________ сомаға
2. Өкілеттікті растайтын құжат ________________________________
Күні ___________/__________________/________________________________/
(өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті тапсырған күні: «___» _____________ 20__ ж.
Уақыты: __________ сағ. ________ мин.
Өтінішті орындау/қарау/нәтижесі: ____________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілді: күні _________________ ж.
_____________________________________________________________________
(тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)
_________________________
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде
қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___» ___________
(қолы)
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн
тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн
тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру»
мемлекетiк көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет
көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
4) ___________________________________________________________;
5) ___________________________________________________________;
6) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Алдым: ______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының/Т.А.Ә.қолы
20__ жылғы «___» ____________