• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген

2
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
1) орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тіркеу органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда береді);
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.
Құқықтық кадастрдың тiркеу iсiндегi құжаттардың көшiрмелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыреттеріне сәйкес сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сұрау салулары бойынша беріледі. Өзге адамдарға көрсетiлген ақпарат құқық иеленушінің келiсiмi бойынша берiледi.
8. Жұмыс кестесі: орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз.
Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы бронға қоюға болады.
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салу;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
3) заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкiлінің өкілеттігін куәландыратын құжат.
Құқық қорғау, сот және басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреттерiне сәйкес жүгінген жағдайларда, сұрау салуда ақпаратты талап етудің негіздері, сондай-ақ сұрау салынатын ақпаратты пайдалану мақсаты (нысанасы) көрсетiледi.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы жеке куәлігін және заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін жүгінбеген жағдайда, орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін дайын құжаттарды алу үшін орталыққа жүгінген кезде, орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
2) сұрау салынып отырған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің түрi;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнi, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
1
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы орталықтың кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметтің көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайында байланысты орталыққа өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінікі – www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі;
15. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Жылжымайтын мүлiк объектiлерi
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi
құжаттарының көшiрмелерiн беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)
Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүл i кке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекетт i к т i ркеу туралы ақпарат алуға № ________ сұрау салу
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
(паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы;
жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiметтер
жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (сызбанұсқасын) қоса
алғанда, тiркеу органы растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi.
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде
Жылжымайтын мүлiк объектiлерi
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi
құжаттарының көшiрмелерiн беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет
көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды