• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген

1
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 28.04.2015 жылғы № 246 Бұйрығын қараңыз
1. «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (одан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижелерiн беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жылжымайтын мүлiк объектiсiнің орналасқан және көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру жазбаша өтініш келіп түскен кезден бастап екінші жұмыс күнінде жүргізіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзiмі аяқталудан бір күн бұрын береді).
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат беретін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді көшiрме (қағаз жеткізгіште).
7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызмет көрсеткені үшін төлем алым төлеген күні қолданыста болған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды және көрсетілетін қызметті берушінің есепшотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшалай нысанда «Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына сәйкес енгізіледі.
8. Жұмыс кестесі – орталықта, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзiлiссiз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады.
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жазбаша сұрау салу;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат;
4) тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде ұсынылған құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтерімен салыстырады, содан кейін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы орталық арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған жағдайда ол ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға орталық берген нысанда жазбаша келісімін ұсынады.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілген қызметті алушының жеке куәлігі және заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат көрсетілген кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы қызмет көрсету нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа дайын құжаттарды алу үшін бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметі алушыға береді.
Құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
2) сұрау салынатын мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің түрi;
4) мемлекеттік қызметтің көрсетілу күнi (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
1
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы орталықтың кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметтің көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайында байланысты орталыққа өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінікі – www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі;
15. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
1
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі
жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
1-қосымша
Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі жөнінде анықтама беру № ____ сұрау салу
(паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және жеке тұлғаның
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беруді
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе кепіл берушінің заңды тұлғасының атауы)
(кепіл беруші бойынша деректер болған кезде толтырылады)
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі
жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты
2-қосымша
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет
көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды