• Мое избранное
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген

  • 2
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
порталға жүгінген кезде:
мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама (электрондық жеткізгіште).
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
орталыққа:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салу;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
3) заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде орталықтың қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін осы құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
орталықта – көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
1) сұрау салудың нөмірі мен қабылдау күні;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру заңнамада белгіленген жағдайларда қолхаттың негізінде, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігі және өкілеттіктерін куәландыратын құжаты берілген кезде жүзеге асырылады.
Порталға: ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Порталға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтыру қажет.
Порталға жүгінген кезде электрондық сұрау салуды жіберу көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдалған мемлекеттік көрсетілетін қызметке сәйкес автоматты түрде адресат – көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
  • 1
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда орталықтың қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы орталықтың кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, орталықтың қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) орталықтың – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
  • 1
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар және тоқтатылған
құқықтар туралы анықтамалар беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)
Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүл i кке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) мемлекетт i к т i ркеу туралы ақпарат алуға № ________ сұрау салу
Мен,
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және деректемелерi)
___________________________________________________________ негізінде
өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
_________________________________________________ атынан әрекет етушi
(уәкiлеттi өкiл толтырады)
Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу


жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;


жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы;


жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiметтер
қамтылған техникалық паспортқа қосымшаларды;


жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (сызбанұсқасын) қоса
алғанда, тiркеу органы растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi.
Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi _________________________________
Объектiнiң орналасқан жерi __________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
_____________________________________________________________________
Күнi _____/__________________________________________/_______________
(өтiнiш берушiнiң/уәкiлеттi өкiлдiң (Т.А.Ә.) (қолы)
_____________________________________________________________________
(сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Сұрау салуды орындау /қарау нәтижесi: _______________________________
тексерiлдi: күнi 20__ ж._________ ___________________________________
_____________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)
_________________________
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде
қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___» ________
(қолы)
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар және тоқтатылған
құқықтар туралы анықтамалар беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет
көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Алдым: ______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы
20__ жылғы «___» ____________