• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген

2
«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
1) орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезде бастап:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда береді;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасы (қағаз жеткізгіште).
Тіркеу алымы салық салу объектісі тіркелген орны бойынша Қазақстан Республикасының бюджетіне айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшерлемесі көлемінде, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді.
Төлем сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі: орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, (электронды) кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады.
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы өтiнiш;
2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
3) құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісі тіркелген орны бойынша жергілікті немесе республикалық газеттің данасы;
4) жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын берілгені үшін алым төлегенiн растайтын құжат не төлем шлюзi арқылы берiлетiн төлем туралы чек.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы жеке куәлігін және заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін жүгінбеген жағдайда, орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін дайын құжаттарды алу үшін орталыққа жүгінген кезде, орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, содан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
2) сұрау салынып отырған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің түрi;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнi, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғалар үшін) атау, байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні көрсетіле отырып, сұрау салуды алғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
1
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы орталықтың кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметтің көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайында байланысты орталыққа өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінікі – www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі;
15. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
1
«Жылжымайтын мүлікке құқық
белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
(Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы)
Құқық белг i лейт i н құжаттың телнұсқасын немесе меншік құқығы туралы куәлікті беру туралы № _____ өтініш
(Туған күні, ЖСН, жеке басын куәландыратын құжат болса, құжаттың
(Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы, болған кезде
__________ мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiсiне
Құқық белгілейтін құжаттың немесе куәліктің жоғалуына, бүлінуіне
1. Төленгенi туралы құжат: түрi ______ № _____________ теңге сомасына
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде
«Жылжымайтын мүлікке құқық
белгілейтін құжаттың телнұсқасын
беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет
көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды