1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Облыстар, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу орны арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы техникалық паспортты алуға өтініш беру бөлігінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуынан бір күн бұрын ұсынады);
1) жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi берiледi;
жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт жетінші жұмыс күнi берiледi;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт оныншы жұмыс күнінде беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап жиырмасыншы жұмыс күні берiледi.
Мерзiмдi одан әрi ұзарту көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің келiсiмі бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап үш айдан аспауы тиiс;
2) ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексеру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген тәртіпте жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бір және екі жұмыс күні ішінде беріледі;
жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт екі және төрт жұмыс күні ішінде берiледi;
алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт бес жұмыс күні ішінде беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден 2000 шаршы метрге дейін жылжымайтын мүлік объектiлеріне және ұзындығы 1000 шаршы метрден 10 000 шаршы метрге дейін сызықтық құрылыстарға техникалық паспорт он жұмыс күнi ішінде берiледi.
Бұл ретте, егер орталықта жеделдетілген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш сағат 18-ден кейін немесе сенбі күні қабылданған болса, көрсетілетін қызметті беруші үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне белгіленген мерзімде жүгінбеген жағдайларда, орталық оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай мерзім өткеннен кейін дайын құжаттарды алуға жүгінген кезде, орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды орталыққа бір жұмыс күн ішінде жібереді, одан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 минуттан аспайды.
Порталға жүгінген кезде:
1) жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi берiледi;
жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт жетінші жұмыс күнi берiледi;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт оныншы жұмыс күні берiледi;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап жиырмасыншы жұмыс күні берiледi.
Мерзiмдi одан әрi ұзарту көрсетілетін қызметті алушымен келiсiм бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап үш айдан аспауы тиiс;
2) ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексеру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетілген тәртіпте жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бір және екі жұмыс күн ішінде беріледі;
жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт екі және төрт жұмыс күн ішінде берiледi;
алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт бес жұмыс күні ішінде беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден астын жылжымайтын мүлік объектiлерін және ұзындығы 1000 шаршы метрден 10 000 шаршы метрге дейін сызықтық құрылыстарға техникалық паспорт он жұмыс күн ішінде берiледi.
Бұл ретте, егер орталықта жеделдетілген тәртiпте мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету туралы өтініш сағат 18-ден кейін немесе сенбі күні қабылданған болса, көрсетілетін қызметті беруші үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінен басталады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты (қағаз жеткізгіште).
Бұл ретте, орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының техникалық паспорттың берілуі үшін қосымша ақыны растайтын құжатты көрсетілетін қызметті алушы ұсынған кезде береді.
Порталға жүгінген кезде: электрондық өтінішті қабылдау туралы хабарламаны алу.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу комитеті төрағасының 2010 жылғы 31 тамыздағы № 277 бұйрығымен бекітілген Бағалар прейскурантына (бұдан әрі – Бағалар прейскуранты) сәйкес айқындалады және көрсетілетін қызметті берушінің есеп айырысу шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде енгізіледі.
Ақы төлеу сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзінің (бұдан әрі – ЭҮТШ) порталы арқылы жүргізіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталықтарда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, түскі үзiлiссiз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі (өзге де құқық иеленуші) (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
орталыққа:
1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушыны өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) бар болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар;
4) техникалық паспорт бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны бойынша жүргізіледі;
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша төлем) жүргізіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамның электрондық цифрлық қол таңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын куәлікті және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде беріледі.
Құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
орталыққа – мемлекеттік қызметті алушыға мыналар:
2) сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
4) мемлекеттік қызметтің көрсетілу күнi (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталда:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) бар болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар (сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі);
3) техникалық паспортты беру үшін ақы төленгенін растайтын құжат (сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі немесе ЭҮТШ арқылы ақы төлеу жүргізіледі) екі кезеңде беріледі:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны бойынша жүргізіледі;
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмысқа толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді ЭҮТШ арқылы жүргізілген ақы төлеуді көрсетілетін қызметті алушының қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты нысанында алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы орталықтың кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, орталықтың қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) орталықтың – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша
Техникалық паспортты беруге № _______ өтініш «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК бөлімшесі
Жеке тұлғалар үшін:
Азамат (ЖСН) ________________, сенiм білдірілген адам (ЖСН) _________
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты және болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) туған жылы)
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_____________________________________________ атынан іс-әрекет етеді.
Заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы __________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі __________________________
Мемлекеттік тіркелген күні ____________________, БСН ________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
Т.А.Ә. (басшысының немесе уәкілетті өкілдің) ________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_____________________________________________ атынан іс-әрекет етеді.
_____________________________________________________________________
Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Қабылданған құжаттардың тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім
берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі ______________ № _________ күні _________
сомаға __________________ (жазбаша) _________________________________
2. Қолда бар техникалық паспортты (бар болса кезде) және жер
учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк
объектiсiне құқық белгiлейтiн (құқық растайтын) құжаттар (түпнұсқада)
_____________________________________________________________________
4. Байланыс телефоны ________________________________________________
Мынадай жұмыстарды орындауды сұраймын:
- мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу (жылжымайтын мүлік
объектісінің мақсаты)
Ескертпе ____________________________________________________________
Жұмысты бітірген соң төлемнің толық төленуіне (қосымша ақы) кепілдік
беремін.
Өтініш берушінің қолы __________, ____ жылы, күні «___» _____________
Қабылдады ___________________________________________________________
(маманның және инспектордың Т.А.Ә.)
жылы _______________, күні «___» ___________
уақыты: ____ сағат. ___ минут.
Маманның шығу күні __________________________________________________
Құжаттарды беру күні _____________ Тізілімдік нөмір _________________
*осы жол қосымша құжаттар болған жағдайда толтырылады
___________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
______________ 20__ ж. ___, __________
(қолы)
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет
мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Алдым: ______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы
20__ жылғы «___» ____________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |