1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Облыстар, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу орны арқылы;
www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы техникалық паспортты алуға өтініш беру бөлігінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір күн бұрын ұсынады):
жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорттың телнұсқасы бірінші жұмыс күнi берiледi;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасы екінші жұмыс күні беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорттың телнұсқасы үшінші жұмыс күні берiледi.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне белгіленген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жылжымайтын мүлік объектісі техникалық паспортының телнұсқасы болып табылады (қағаз жеткізгіште).
Порталға жүгінген кезде: электрондық өтінішті қабылдау туралы хабарламаны алу.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу комитеті төрағасының 2010 жылғы 31 тамыздағы № 277 бұйрығымен бекітілген Бағалар прейскурантына (бұдан әрі – Бағалар прейскуранты) сәйкес айқындалады және көрсетілетін қызметті берушінің есеп айырысу шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде енгізіледі.
Ақы төлеу сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзінің (бұдан әрі – ЭҮТШ) порталы арқылы жүргізіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, (электронды) кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті бронға қоюға болады;
2) порталда тәулік бойы (жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі, құқық иеленушісі) (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет құжаттардың тізбесі:
орталыққа:
1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салу;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкiлінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат;
4) техникалық паспорт бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісімін береді.
Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын куәлікті және заңнамада белгіленген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қолхат негізінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алу үшін бір ай мерзім өткеннен кейін орталыққа жүгінген кезде, орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жасайды. Көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды орталыққа бір жұмыс күн ішінде жолдайды, одан соң орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
орталыққа – мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
1) құжатты қабылдау нөмірі және күнi;
2) сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
4) мемлекеттік қызметтің көрсетілген күнi (уақыты) және құжаттардың берілген орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін), байланыс мәліметтері көрсетілген қолхат беріледі.
Порталда:
1) ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) техникалық паспорт телнұсқасын беру үшін ақы төленгенін растайтын құжат (сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі немесе ЭҮТШ арқылы ақы төлеу жүргізіледі).
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, құқық белгілеу туралы мәліметтерді, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ЭҮТШ арқылы жүргізілген ақы төлеуді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаты нысанында алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылдану статусы көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі;
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы орталықтың кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, орталықтың қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) орталықтың – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша
Техникалық паспортты беруге № _______ өтініш «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК бөлімшесі
Жеке тұлғалар үшін:
Азамат (ЖСН) ________________, сенiм білдірілген адам (ЖСН) _________
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты және болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) туған жылы)
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_____________________________________________ атынан іс-әрекет етеді.
Заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы __________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі __________________________
Мемлекеттік тіркелген күні ____________________, БСН ________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
Т.А.Ә. (басшысының немесе уәкілетті өкілдің)_________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_____________________________________________ атынан іс-әрекет етеді.
_____________________________________________________________________
Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Қабылданған құжаттардың тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім
берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі ______________ № _________ күні _________
сомаға __________________ (жазбаша) _________________________________
учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк
объектiсiне құқық белгiлейтiн (құқық растайтын) құжаттар (түпнұсқада)
_____________________________________________________________________
3. Өзге де құжаттар* ________________________________________________
4. Байланыс телефоны ________________________________________________
Мынадай жұмыстарды орындауды сұраймын:
- мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу (жылжымайтын мүлік
объектісінің мақсаты)
Ескертпе ____________________________________________________________
Жұмысты бітірген соң төлемнің толық төленуіне (қосымша ақы) кепілдік
беремін.
Өтініш берушінің қолы ________, _____ жылы, күні «___» ______________
Қабылдады ___________________________________________________________
(маманның және инспектордың Т.А.Ә.)
жылы _______________, күні «___» ___________
уақыты: ____ сағат. ___ минут.
Маманның шығу күні __________________________________________________
Құжаттарды беру күні _____________ Тізілімдік нөмір _________________
*осы жол қосымша құжаттар болған жағдайда толтырылады
___________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
______________ 20__ ж. ___, __________
(қолы)
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет
көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚКО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Алдым: ______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы
20__ жылғы «___» ____________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |