• Мое избранное
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 4-1/168 Бұйрығын қараңыз
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 23 маусымдағы
 № 695 қаулысымен
 бекітілген
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеуге арналған субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ) осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес бөлінеді.
3. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрамында аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциясының, тиісті ауылдық округ әкімінің, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері бар ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
6. Бөлім өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруды, ВАК-тың жұмыс тәртібін және басқа да қажетті мәліметтерді аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында орналастырады.
7. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - басқарма) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.
8. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидиялардың нормалары белгіленеді.
9. Бюджеттік субсидиялар үдемелі бақтарды инвестициялық субсидиялау бағдарламасына қатысатын АШТӨ-ге берілмейді.
2. Бюджеттік субсидияларды төлеу шарттары
10. Бюджеттік субсидиялар мыналарға арналған шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеуге арналады:
1) алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде жүргізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және оларды ағымдағы жылы өсіру.
Бұл ретте жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу:
жеміс дақылдары мен жүзімнің - кемінде 5 гектар алқапта, жидек дақылдарының — кемінде 2 гектар алқапта (пайдалы алқап (нетто) жұмыс жобасында көзделген жол, суару желілерін және желден қорғау жолақтары есепке алынбай есептеледі). Жұмыс жобасын жасау кезінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін бір алқап шегінде араластырып отырғызуға жол беріледі;
тамшылатып суару жүйесін орнатпай, бақты отырғызу мүмкін болатын алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін қоспағанда (бұл ретте бюджеттік субсидиялардың көлемі тамшылатып суару жүйесін орнатуға арналған шығындардың көлеміне шамалас азаяды), өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдану (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысым реттегішті, су есептегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен);
тіреуіш бағаналарды орнату: бірінші отырғызылған жылы - жеміс-жидек дақылдарының көпжылдық көшеттерін аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызған жағдайда, екінші жылы - жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсірген жағдайда;
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттар. Бұл ретте алманың «Апорт» сорттары вирусы жоқ отырғызу материалдарынан дайындалуы және Сиверс алмасының (Malus Sieversii) және Недзвецкий алмасының (Malus Niedzweskiana) биік бойлы телітушілерін пайдалана отырып алынған көшеттермен отырғызылуы тиіс;
көпжылдық көшеттерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ нақты жер учаскесіне бақтарды және (немесе) жидектіктерді және (немесе) жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген жүмыс жобасына (бұдан әрі - жұмыс жобасы) (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақты-мелиоративтік ізденістердің: 0,5 метр сайын рельеф қимасын жасай отырып, кемінде 1:2000 масштабта топотүсірудің, кемінде 1:5000 масштабта топырақты-мелиоративтік және топырақты-геологиялық ізденістердің (қажет болған кезде тұзды түсіру) жүргізілгенін растайтын отырғызу сызбасын, сорттық құрамын, жол және суару желісін, орман белдеулерін ұйымдастыруды көрсете отырып, көпжылдық көшеттерді отырғызудың бас жоспарын қамтитын) сәйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;
АШТӨ штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс.
Алманың «Апорт» сортының көпжылдық көшеттерін отырғызу теңіз деңгейінен кемінде 900 метр биіктікте тау етегі және төмен таулы аймақтар жағдайында жүзеге асырылады;
2) отырғызылуы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылған екінші вегетацияның (аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін), екінші-үшінші вегетацияның (жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін), екінші-үшінші-төртінші вегетацияның (республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2010-2012 жылдары дәстүрлі технология бойынша отырығызылғандар үшін), екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда (алманың «Апорт» сорты бойынша) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіру (күту).
11. Бюджеттік субсидия көпжылдық көшеттерді отырғызу схемасы мен сипаттамасына (түріне), жасына, 1 гектардағы көшеттер санына қарай және 1 гектарға ғылыми негізделіп ұсыным берілген шығындардың параметрлеріне сәйкес сараланып белгіленеді.
12. Бюджеттік субсидияларды төлеу АШТӨ жүргізген жұмыстардың және/немесе сатып алған шығыс материалдарының қорытындысы бойынша АШТӨ олардың әрқайсысы бойынша растайтын құжаттар ұсынғаннан кейін кезең-кезеңмен (тоқсанына бір рет) жүргізіледі.
13. Егер АШТӨ субсидиялаудың екінші және одан кейінгі кезеңдеріне қатыспайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік субсидия толық көлемде міндетті түрде қайтарылуға жатады.
3. Бюджеттік субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
14. АШТӨ осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде бөлімге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алуға өтінім береді. АШТӨ субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдеріне қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша береді.
15. Алдыңғы жылдары бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін тиісті жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде бөлімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алуға өтінімді және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдыңғы жылдары алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылғаны туралы есепті береді.
АШТӨ субсидиялаудың екінші және кейінгі кезеңдерінде қатысу үшін бөлімге тоқсан сайын көшеттерді күту бойынша жүргізілген жұмыстарды және сатып алған шығыс материалдарын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша береді.
4. ВАК жұмысының тәртібі
16. Бөлім тоқсан сайын:
1) АШТӨ өтінімі немесе жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттар көшірмелері келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімдер мен құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексереді;
2) ұсынылған өтінімдердің немесе жүргізілген жұмыстарды және (немесе) сатып алынған шығыс материалдарын растайтын құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексеру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, бірақ ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей, төртінші тоқсанда - 1 қарашадан кешіктірмей, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген бюджеттік субсидиялар алуға АШТӨ тізбесін қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне (бұдан әрі - аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбе) бекітуге жібереді.
17. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша тізбені бекітеді. Бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша бекітілген тізбені бір күн мерзімде басқармаға жібереді.
18. Басқарма:
1) келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша тізбелерді қарайды;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ алдын ала тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады.
19. ВАК:
1) ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін, ал төртінші тоқсанда - тиісті жылғы 10 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде жергілікті жерге барып:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызудың, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрі - отырғызу актісі);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды;
2) тоқсан сайын, ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсанынан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі, бірақ 15 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ-нің түпкілікті тізбелерін (бұдан әрі — аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбелер) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады, оларды бөлім өтінімдермен бірге аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.
20. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бөлім ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбелерді бекітеді. Бөлім бір күн мерзімде аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша бекітілген түпкілікті тізбелерді, өтінімдерді, әрбір АШТӨ бойынша отырғызу актілерін және әрбір АШТӨ бойынша тексеру актілерін басқармаға жібереді.