Bestprofi Logo

Өзге НҚА-дің жобалары от 2014-06-13г./null

«Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы ________ № __________ қаулысымен бекітілген

Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары

1. Осы Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8 бабы 24-14) тармағына сәйкес әзірленді және белгіленген үлгідегі арнайы маркаларды енгізу арқылы ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың бірыңғай жүйесін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

сыйымдылық – уылдырықпен тікелей байланыстағы ыдыс;

көз коды – шартты балық көзіне сәйкес келетін әріп: W – жабайы, С – жасанды өсірілген;

маркалардың қозғалысы – Балық шаруашылығы комитетіне келіп түсуінен бастап өтініш берушіге беру сәтіне дейінгі кезеңдерді өзіне қамтитын маркалар қозғалысы;

СИТЕС (CITES) – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция.

топтаманың сәйкестендіру нөмірі –қайта өңдеу зауыттарында және орау кәсіпорындарында пайдаланылатын, уылдырықты бақылау жүйесіне жататын нөмір;

тығыздалған уылдырық – бекіре балықтарының бір және одан көп түрлерінің ұрықталмаған жұмыртқаларынан (уылдырықтарынан) тұратын, неғұрлым жоғары сапалы уылдырықты қайта өңдеуден және өндіруден кейін қалған уылдырық;

уылдырық – бекіре балықтарының қайта өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары);

3. Осы Қағидалардың қолданылуы бекіре балық түрлерінің сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға таралады.

Бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі рынокта сатуға арналған марканын берілуін қосады.

4. Осы Қағидалар бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

5. Таңбалауды ішкі және сыртқы рыноктарда уылдырықты сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар транзитінің кедендік режимінде орны ауыстырылатындарды қоспағанда, барлық уылдырық түрлері таңбалауға жатады.

7. Ішкі және сыртқы рыноктарда сатылатын бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын таңбалау үшін мынадай маркалар қолданылады:

1) осы Қағиданың 1 қосымшасында берілген нысанға сәйкес, ішкі рынокта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі – ішкі рынокқа арналған марка);

2) осы Қағиданың 2 қосымшасында берілген нысанға сәйкес, сыртқы рынокта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі – сыртқы рынокқа арналған марка).

2. Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібі

8. Ішкі рынокқа арналған марканың дайындалуы әкімшілік органмен қамтамасыз етіледі.

Сыртқы рынокқа арналған марканың дайындалуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысына сәйкес, Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге берілген рұқсат қағазында көрсетілген көлемді таңбалауға қажет мөлшерге сәйкес бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен (бұдан әрі – уылдырықты сатумен айналысатын тұлғалар) қамтамасыз етіледі.

9. Маркаларды жабыстырғанда қолданылатын желім оның кеуіп, тауардан ажырамауын және марканы қайта пайдалануының болмауын қамтамасыз ету үшін жоғары және төмен температураларға, әртүрлі ылғалдылыққа төзімді болуы тиіс.

Марка сыйымдылыққа жабыстырылғанда оның көріну мүмкіндігі ескеріледі.

10. Ішкі рынокқа арналған маркаларды беруді әкімшілік орган жүзеге асырады.

Ішкі рынокқа арналған маркалардың құны дайындауды ескере отырып айқындалады.

11. Ішкі рынокқа арналған маркаларды алу үшін, әкімшілік органға осы Қағиданың 3-қосымшасында берілген нысанға сәйкес өтініш жолданады.

12. Ішкі рынокқа арналған марканы алу үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі (жеке тұлға үшін);

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтамасының көшірмесі;

3) заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі;

4) құрылтай құжатының көшірмесі (заңды тұлға үшін) (болған жағдайда);

отандық-табиғи (яғни жабайы) болса, өтінілген уылдырық алынған бекіре балық түрлерін заңды аулауды дәлелдейтін жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат қағазын ұсыну қажет;

импорттық болса, әкімшілік органның Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге берілген рұқсатының көшірмесін ұсыну қажет;

тәркіленген болса, тәркіленгені туралы сот қаулысын ұсыну қажет;

6) маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының түпнұсқасы.

13. Әкімшілік орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды, бұдан кейін маркалар беруді жүргізеді немесе дәлелді бас тарту жолдайды.

Ішкі рынокқа арналған маркаларды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:

1) өтінішті белгіленген нысан бойынша ұсынбау, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;

2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болуы;

14. Алынған маркалар әкімшілік органға қайтарудан басқа, қайта сатуға және беруге жатпайды.

15. Ішкі және сыртқы рыноктарға арналған маркалар өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға маркалар есебі журналына (бұдан әрі - журнал) қол қоя отырып беріледі.

16. Әкімшілік орган ішкі рынокқа арналған маркалардың есебін жүргізу, сақтау, беру және есептілігі үшін жауапты лауазымды тұлғаны бұйрықпен тағайындайды.

17. Ішкі рынокқа арналған маркаларды берген кезде әкімшілік органның уәкілетті тұлғасы екі данада жүкқұжат жазады. Жүкқұжаттың бір данасы алушыға беріледі.

Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:

ішкі рынокқа арналған марканы алушының сенімді тұлғасының жеке басын куәландыратын деректері;

ішкі рынокқа арналған марканы алушының қолы.

18. Алушыларға маркаларды беру өтініште көрсетілген саны мен түрлеріне сәйкес жүргізіледі.

19. Ішкі рынокқа арналған марка қатаң есептілік құжаты болып табылады. Маркаларды беру туралы мәліметтер осы Қағиданың 4-қосымшасында берілген нысан бойынша нөмірленген, түптелген, әкімшілік органның мөрімен расталған ішкі рынокқа арналған маркалар есебі журналына жазылады.

20. Ішкі рынокқа арналған маркаларды алушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға алынған маркаларды пайдалану туралы және пайдаланылмаған жағдайда пайдаланбау себептерін көрсете отырып мәлімет ұсынады.

21. Бүлінген ішкі рынокқа арналған маркалар әкімшілік органға қайтарылады.

Ішкі рынокқа арналған маркалардың қайтарылуы алушының ерікті нысанда жазылған қайтару туралы өтінішінің негізінде, қайтару себептерін көрсете отырып және олар алынған жүкқұжатты көрсеткен кезде жүргізіледі. Алушы бүлінген маркаларды жеке параққа жабыстырады, ал олардың жеке бөлшектері біріктірулері тиіс.

22. Бүлінген маркалардың жойылуы құрамы әкімшілік органның үш лауазымды тұлғасынан кем емес комиссиясымен іске асырылады.

Бүлінген маркаларды жою актісінде, жойылған маркалардың түрлері, нөмірлері және саны көрсетіледі.

Комиссия қол қойған актілер әкімшілік органның мөрімен расталады.

Қазақстан Республикасында бекіре балық түрлерінің уылдырығын ішкі және сыртқы нарықтарда саудалау үшін таңбалау қағидаларына 1-қосымша

Ішкі рынокқа арналған марканың сипаттамасы

2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырыққа арналған маркасының негізгі реңі жасыл, импортталған уылдырық үшін – қызыл.

металсыздандырылған мыс жолағы, «уылдырық» микро мәтіні орналастырылған.

4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.

нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «CITES» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады.

Қазақстан Республикасында бекіре балық түрлерінің уылдырығын ішкі және сыртқы нарықтарда саудалау үшін таңбалау қағидаларына 2-қосымша

Сыртқы рынокқа арналған марканың сипаттамасы

металсыздандырылған мыс жолағы, «уылдырық» микро мәтіні орналастырылған.

4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.

нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «CITES» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады.

*Ескертпе: Бекіре тұқымдас балықтарының бірдейлендіру кодын көрсеткен кезде келесі кесте қолданылады:

Түрлері



Код ы

Сібір бекіресі

Сибирский осетр

Acipenser baerii

BAE

Орыс бекіресі

Русский осетр

Acipenser gueldenstaedtii

GUE

Пілмай

Шип

Acipenser nudiventris

NUD

Парсы бекіресі

Персидский осетр

Acipenser persicus

PER

Сүйрік

Стерлядь

Acipenser ruthenus

RUT

Шоқыр

Севрюга

Acipenser stellatus

STE

Қортпа

Белуга

Huso huso

HUS

Ескектұмсық

Веслонос

Polyodon spathula

SPA

Калуга

Калуга

Huso dauricus

DAU

Аралас түрлер

(Тығыздалған уылдырық)

Различные виды (Паюсная икра)

Mixed species ( for ‘pressed’ caviar exclusively )

MIX

Қазақстан Республикасында бекіре балық түрлерінің уылдырығын ішкі және сыртқы нарықтарда саудалау үшін таңбалау қағидаларына 3-қосымша

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

Бекіре балық түрерінің уылдырығын ішкі рынокта сатуға арналған маркаларды беруді сұраймын.

1

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауымен уылдырық түрі



2

Уылдырықтың шығу тегі (отандық, импортталған, тәркіленген), Қазақстан Республикасында жасанды өсірілген болса, әкімшілік органда тіркелгені туралы куәлігінің нөмірі мен мерзімін көрсету қажет



3

Өтінім берушінің мемлекеттік және орыс тіліндегі заңды мекенжайы (жеке тұлға үшін – үй мекенжайы, паспорттық деректері), олардың телефондары



4

Банкалар саны және уылдырықтың түрі мен салмағы



20__жылғы _____________ Мөр орны ________________________

(өтініш берілген күні) (өтінім берушінің қолы және

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қазақстан Республикасында бекіре балық түрлерінің уылдырығын ішкі және сыртқы нарықтарда саудалау үшін таңбалау қағидаларына 4-қосымша

Ішкі және сыртқы рыноктарға арналған маркалар есебі журналы

Маркаларды алушы заңды тұлғаның атауы

Алынған маркалар саны

Жүкқұжат нөмірі немесе сыртқа шығару рұқсат қағазының нөмірі

Алушыға марка-ларды беру күні

Марканың түрі, сыйымдылық

Алу-шының ЖСН

Маркалар алушысы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)



Маркалар алушысы өкілінің құжаттарының деректері









«Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

р /с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздемесі

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8 бабының 24-14) тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау өзімен бірге кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қажет емес

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Бекіре балық түрлерінің уылдырығын саудалауды басқарудың тиімділігін арттыру арқылы бекіре балық түрлерін қорғауды қамтамасыз ету

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 121-ө «Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы»

7.

Заңнаманы кейін жобаға

сәйкес келтіру қажеттігі



Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша

(құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Өткізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқ сат ет і лед і

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің www.eco.gov.kz сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды





12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

« Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары жобасы туралы » баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің www.eco.gov.kz сайтында орналастырылды

Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание