• Мое избранное
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген

  • 1
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 24.04.2015 жылғы № 233 Бұйрығын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынуды:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) жүзеге асырады;
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің электрондық - цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда көрсетілетін жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу портал арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына хабарламаның түсуі негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын, (өкілдіктерін) қоспағанда) қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
үлгілік жарғы болып табылмайтын, қызметін жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда), қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Орталыққа көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
2) порталда – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады және бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама беру не осы стандарттың 14-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
порталда – «жеке кабинетіне» шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде (бұдан әрі – Комитет) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) орталықтарда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
3) порталда – тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеуді қоспағанда) үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат арқылы өкіліне) көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес Министрлік белгілеген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаның жарғысын немесе ережесі не филиалдың және өкілдіктің ережесі;
акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды;
3) жиналыс (конференция, съезд) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін – конференция, съезд) хаттамасы немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешімі;
4) түбіртек немесе бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат;
5) заңды тұлға басшысының (жеке сәйкестендіру нөмірі) және құрылтайшысының (егер құрылтайшы заңды тұлға болып табылса, бизнес сәйкестендіру нөмірі) жеке басын куәландыратын құжаты (шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестер құрылтайшыларын қоспағанда);
6) қоғамдық бірлестіктер қосымша бастамашы азаматтардың тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, үй мен қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген тiзiмiн ұсынады;
7) діни бірлестіктер қосымша тегі, аты, әкесінің аты, күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, тұрғылықты жері, үй мен қызмет телефон нөмірі, өз қолы көрсетілген бастамашы азаматтардың және діни бірлестіктерді құрушы басшы органдардың, электронды және қағаз жеткізгіштегі тізімін; дінтану негіздері және пайда болу тарихын ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдарын ұсынады;
8) саяси партиялар қосымша партия бағдарламасын; құрамында олардың әрқайсысының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын, құжаттың нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрған жерiнiң мекенжайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы кемiнде алты жүз мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерді (филиалдар мен өкiлдiктердi) білдіретін кемінде қырық мың партия мүшесi болатын партия мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады;
9) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шетелдік қатысуы бар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар қосымша:
сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса берілген басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қосымша: