Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1570 қаулысымен
бекітілген
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей:
орналасқан жері өзгерген;
жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргізіледі;
2) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жүнінде жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды;
3) акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) орналасқан жері ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкілдік) нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органға бұл жүнінде орналасқан жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.
Орталыққа көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны: қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама беру не осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша қағаз жеткізгіштерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап;
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушілердің:
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде (бұдан әрі – Комитет) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) орталықтарда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Министрлік белгілеген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді-көшірме;
3) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;
4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің телнұсқалары;
5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат;
заңды тұлға мөрімен бекітілген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалар, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін нақты орналасқан жерін растайтын құжат ұсынылады.
10. Мемлекеттік және орыс тілінде қарастырылған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен куәландырылады.
11. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілетін күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Орталықта дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері күн сайын «бір терезе» арқылы онда көрсетілген мерзімде, қолхат негізінде жүзеге асырады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдігі) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының (ереженің) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі;
2) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салу, қамауға алу) болуы.
13. Құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін немесе тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанға дейін заңды тұлғаның, филиал немесе өкілдіктің құрылтай құжаттарына (ережелеріне) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу мерзімін көрсетілетін қызметті берушілер тоқтата тұрады.
14. Қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізіміне сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
15. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, орталық және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 18-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау оларды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (штамп, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркеуден кейін жауапты орындаушыны анықтау және қажетті шараларды қолдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
2) орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы стандарттың 18-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның орталық кеңсесінде қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін орталықтың қызметкеріне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділігі болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
17. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өздерінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін кызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдау, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жері бойынша барып көрсетіледі.
18. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайы интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) қызмет беруші - www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) орталық - www.con.gov.kz.
19. Қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
20. Қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
21. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын
заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың
филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеу» мемлекеттiк көрсетілеті
қызмет стандартына
1-қосымша
_____________________________
тіркеуші органның атауы
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш
1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшыққа х деп көрсетiңiз)
1) заңды тұлға _____________ 2) филиал __________ 3) өкiлдiк ________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________
4. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды
енгізудің негіздемесі (тиісті ұяшыққа х деп көрсетіңіз)
1) мекенжайын ауыстыру ______________________________________________
2) жарғыны (ережені) жаңа редакцияда бекіту _________________________
5. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
Пошталық индексі: ______________ Облысы: ____________________________
Қала, аудан, қаладағы аудан: ________________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, орам, даңғыл: ___________________________
Үйдің нөмірі _________, пәтер, бөлме: _______________________________
телефон нөмірі (факс): ______________________________________________
6. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшыққа х деп
көрсетіңіз, сандық көрсеткіште):
1) заңды тұлға _________________ 2) жеке тұлға ______________________
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
Жарғылық капиталдың үлесі % ________ Үлес соммасы (мың теңге) _______
Жеке тұлғаның Т.А.Ә._________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
Жарғылық капиталдың үлесі % _________ Үлес соммасы (мың теңге) ______
Егер құрылтайшылары біреуден көп болса олар жөнінде мәлімет:
Т.А.Ә. жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып (жеке тұлға
үшін), атауы және БСН (заңды тұлға үшін), сондай-ақ олардың жарғылық
капиталдағы үлесі пайыздық және ақшалай түрде көрсете отырып,
өтінішке қосымша бөлек парақта қоса беріледі.
8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
9. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
10. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны _________
11. Өзгерістер енгізу негіздемесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде
туындады (тиiстi ұяшыққа х деп көрсетiңiз):
1) иә ________________________________ 2) жоқ _______________________
12. Қосылу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету қажет: қосылатын
заңды тұлғалардың атауы _____________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)____________________________________
13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиiстi ұяшыққа х деп көрсетiңiз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі ______________________________________
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
20 жылғы «___» ________________
Өтінішке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын
заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың
филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеу» мемлекеттiк көрсетілеті
қызмет стандартына
2-қосымша
_____________________________
тіркеуші органның атауы
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Акционерлік қоғамның атауы _______________________________________
_____________________________________________________________________
2. Құрамына шетел инвесторларының қатысуы (тиiстi ұяшыққа х деп
1) иә _________________________ 2) жоқ ______________________________
3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиiстi ұяшыққа х деп
1) иә _________________________ 2) жоқ ______________________________
4. Құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізудің негіздемесі (тиiстi
ұяшыққа х деп көрсетiңiз):
1) Мекенжайының өзгеруі _____________________________________________
5. Акционерлік қоғамның мекенжайы
Пошталық индексі: _______________________ Облысы: ___________________
Қала, аудан, қаладағы аудан: ________________________________________
Елді мекен (ауыл, кент): ____________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, орам, даңғыл: ___________________________
Үйдің нөмірі ________________, пәтер, бөлме: ________________________
телефон нөмірі (факс): ______________________________________________
6. Басшының Т.А.Ә. __________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
8. Жарғылық капиталының мөлшері _____________________________________
9. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшыққа х деп
көрсетіңіз, сандық көрсеткіште):
1) заңды тұлға ____________________ 2) жеке тұлға ___________________
10. Артықшылығы бар акция бойынша дивидендтің кепіл мөлшерін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бекітілген көрсеткіште немесе оның мәні қол жетімді және жүйелі
болған жағдайда қандай да бір көрсеткішке қатысты индекстелген)
11. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу
мерзімділігін көрсетіңіз: ___________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Міндетті жариялануға жататын ақпаратты жариялау үшін
пайдаланатын, уәкілетті орган айқындаған бұқаралық ақпарат құралдарын
көрсетіңіз: _________________________________________________________
13. Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің саны ____________________
Үлгілік жарғының 37-тармағының талаптары қаржылық ұйымдарға
14. Қоғамды басқару мүшелерінің саны ________________________________
15. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) _________
16. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшыққа х деп көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі ______ 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі
17. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті
ұяшыққа х деп көрсетіңіз):
1) қайта құру ____________________ 2) бірігу ________________________
3) бөлініп шығу _________________ 4) бөліну _________________________
5) қосылу ___________________________________________________________
18. Қайта құруға қатысатын заңды тұлғалардың саны ___________________
19. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
20. Біріккен жағдайда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Бірігуге қатысатын заңды тұлғалардың атауы __________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
21. Бөлініп шығу жағдайында келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаның
атауы _______________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
22. Бөлінген жағдайда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы
_____________________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
20 жылғы «___» ________________
Өтінішке: ___________________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
Басшының Т.А.Ә. және қолы
Қолдың дұрыстығы нотариалдық тәртіпте куәландырылуға тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын
заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік
қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың
филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеу» мемлекеттiк көрсетілеті
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
толық тапсырмауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./___________________/қолы
20__ жылғы «___» _________