• Мое избранное
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген

  • 1
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 24.04.2015 жылғы № 233 Бұйрығын қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну:
1)көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) жүзеге асырады;
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш берушіде электронды-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:
заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы қосымша қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті тапсырған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Орталыққа көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсыну қажет.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
2) порталда – заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу өтініш берген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе оның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша қағаз жеткізгіштерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап;
порталда - «жеке кабинетке» заңды тұлғаны тарату туралы немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу туралы бұйрық не осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаты нысанында дәлелді жауап жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінде (бұдан әрі – Комитет) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) орталықтарда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
3) порталда – тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат арқылы өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Министрлік белгілеген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешімі;
3) заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың кінә қою арыздарының тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжаты;
4) кеден баждары, салық және кеден алымдары бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
5) акциялар шығарудың күшін жою туралы куәлікті (акционерлік қоғамдар үшін);
6) заңды тұлғаның мөрін жойғаны туралы құжат;
7) заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
8) құрылтай құжаттары;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:
табиғи монополия субъектiсi үшін табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмi ұсынылады;
мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорынның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркегені үшін көрсетілетін қызметті алушы:
мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) шешімін;
мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады;
10) филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығарғаны үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Министрлік белгілеген нысандағы өтінішті;
филиалы (өкілдігі) туралы ережені;
филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығарғаны үшін тіркеу алымын бюджетке төлегенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
10. Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату мемлекеттік тіркеу соттың шешімі және тарату іс жүргізуінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.
Оған қатысты сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:
1) филиал (өкілдік) туралы ережені;
2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарғаны үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты қоса бере отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
11. Салық қызметінің органдары Бизнес – сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің), шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоғы (бары) туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға, филиал (өкілдік), шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешек туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.
12. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілетін күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Орталықта дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде күн сайын жүзеге асырады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді.
13. Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (басшы) не сенім білдірілген адам тіркеу органына порталға осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды сканерленген түрде қоса бере отырып және «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, электрондық құжат нысанында толтыру арқылы заңды тұлғаның немесе филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы өтініш береді.
14. Орталыққа не портал арқылы заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) қызметін тоқтатуды тіркеу үшін құжаттарды беру кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаға (филиалға немесе өкілдікке) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығында бұрын берілген (электрондық цифрлық қолтаңбаның иесiн сәйкестендіруге мүмкiндiк беретiн) тіркеу куәліктерін қайтарып алуға өтініш береді.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіздер:
1) заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті тарату тәртібін бұзу, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның, есептік тіркеуден шығарылған филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайларда;
2) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не салық қызметі органдарының мұндай заңды тұлғаның (шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешек туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартуы негіз болып табылады.
16. Құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша анықталған кемшіліктер жойылғанша немесе тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанға дейін заңды тұлғаның тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу мерзімін көрсетілетін қызметті беруші тоқтата тұрады.
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, орталық және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 21-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау оларды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (штамп, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркеуден кейін жауапты орындаушыны анықтау және қажетті шараларды қолдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
2) орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы стандарттың 21-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның орталық кеңсесінде қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін орталықтың қызметкеріне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетін» өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділігі болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
19. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
20. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өздерінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға, мемлекеттік көрсетілетін кызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдау, орталық қызметкерлерімен көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жері бойынша барып көрсетіледі.
21. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайы интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) қызмет беруші - www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) орталық - www.con.gov.kz.
22. Қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
23. Қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
24. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын
мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Алым мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымдарды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, есептеледі және мыналарды құрайды:
 
р/с
Тіркеу іс-қимылдарының түрлері Алым мөлшерлемелері
(АЕК)
1. мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару үшін 6,5
2. шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің 2
3. саяси партиялардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің 14
4. бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындар мен үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркеу, қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығару үшін 1
5. бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындар мен үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік қайта тіркеу, есептік қайта тіркеу үшін 0,5
6. балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу, қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркеуден шығару үшін 2
7. балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу 1
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын
мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
_____________________________
тіркеу органының атауы
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтатуын тiркеу туралы өтiнiш
1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) заңды тұлға ___________ 2) филиал ________ өкілдік _______________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____________________
_____________________________________________________________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (тіркеу нөмірі болмаған
жағдайда)
_____________________________________________________________________
4. Қызметтi тоқтату негiздемесi мынаның нәтижесінде туындады (тиiстi
ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) тарату _______ 2) қосылу жолымен қайта ұйымдастыру _______________
5. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату (тиiстi
ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) ерікті _______________ 2) мәжбүрлі _______________________________
6. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы
хабарламаны жариялаған баспа органының атауы, нөмiрі және жариялану
күні ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Заңды тұлғаның филиалдары (өкiлдiктерi) туралы мәлiметтер (тиiстi
ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) иә ____________________________ 2) жоқ ___________________________
Өтінішке: ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ қоса беріледі
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
20__ жылғы «___» _____________
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын
мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
_____________________________
тіркеу органының атауы
Тіркеу куәліктерін (заңды тұлғадан) кері қайтарып алуға (күшін жоюға) өтініш
 Заңды тұлғаның сәйкестендіру деректері БСН: _________________________
ұйымның атауы: ______________________________________________________
оның қызметі тоқтатылуына байланысты жоғарыда аталған заңды тұлғаның
қызметкерлеріне берілген барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктерін
кері қайтарып алуыңызды сұраймын
 Күні 20__ жылғы «___» ______________
Басшысы ____________________________
          (Т.А.Ә.)
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын
мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеуден алу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
_________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
      1) ________________________________;
      2) ________________________________;
      3) ________________________________;
толық тапсырмауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
       (ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә.                               (қолы)
 Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./___________________/қолы
 20__ жылғы «___» _________