• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген

1
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 24.04.2015 жылғы № 233 Бұйрығын қараңыз
1. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынуды:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш берушіде электронды-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде:
Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызмет алушы порталға электронды сұрау салу берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (автоматтандырылған).
1) орталықта – қолма қол (алушының немесе сенім хат бойынша өкілінің жеке болуы);
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат түрінде мынадай анықтамалар беру:
2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;
4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;
5) заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы;
6) құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;
8) көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы;
9) құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы;
10) заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы;
1) орталықтарда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не өкілі (сенімхат бойынша):
ұсынылған ақпарат түрі көрсетілген, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін беріледі);
заңнамада көзделген жағдайларда өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжатты ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қойылған жеке тұлғаның жеке басын, тұрғылықты жерін растайтын құжаттар туралы, заңды тұлғаның атауы мен деректемелері туралы мәліметтерді орталық қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.
Порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салуы өтініш берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған көрсетілетін қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жолданады.
Порталға жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы есеп – хабарлама жіберіледі.
10. Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталықтың қызметкері осы стандарттың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, сәйкес келмеген жағдайда аталған құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзе асырылады.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:
2) сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Орталықта дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді орталықтың қызметкері күн сайын «бір терезе» арқылы онда көрсетілген мерзімде, қолхат негізінде жүзеге асырады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандарттың 2-қосымшасындағы нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, орталық және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, телефоны: 8 (7172) 74-07-37 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау оларды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (штамп, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркеуден кейін жауапты орындаушыны анықтау және қажетті шараларды қолдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
2) орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы орталық басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның орталық кеңсесінде қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін орталықтың қызметкеріне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділігі болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өздерінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін кызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдау, орталық қызметкерлерімен көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жері бойынша барып көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайы интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) қызмет беруші - www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
16. Қызмет алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.
17. Қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер
қорынан анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру анықтама алуға сұрау салу
 (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда), паспорт деректерi (жеке
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру анықтама
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер
қорынан анықтама беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты
(бұдан әрі - Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
_________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
толық тапсырмауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін
қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./___________________/қолы