• Мое избранное
«Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары бекітілсін.  
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
Осы Ереже «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияны құру тәртібін анықтайды.  
2. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілеттік берілген комиссия.
3. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызметі органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың, қоршаған ортаны қорғау органдарының, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
4. Комиссия Заңда белгіленген мүлікті жария етуді жүргізу кезеңіне құрылады және тиісті жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.  
5. Тиісті жергілікті мемлекеттік орган әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
6. Комиссия мүшелерінің лауазымдық деңгейі мемлекеттік органның және ұйымдардың бірінші басшысы орынбасарынан төмен болмайды.  
7. Комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (оның ішінде республикалық және облыстық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құрады.  
8. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ережемен айқындалады.  
«Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА  
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі



2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 18 шілдегі № 104-р Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға алып келмейді

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Осы жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі



«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылуы нәтижелері туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Өткізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді-көшірмелер) беру

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат



Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің www.minregion .gov.kz сайтында «Кеңінен талқылау үшін ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары» тарауында орналастырылған

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)



Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің www.minregion .gov.kz сайтында «Кеңінен талқылау үшін ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары» тарауында орналастырылған

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Б. Жәмішев 
 2014 жылғы «_____»___________