• Мое избранное
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 514-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидасында:
19 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыру кеме қатынасы мүмкін болатын уақыт ішінде жүргізіледі.
Жеке тұлға шағын көлемді кемені жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынған кезде, жеке тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралына салық төленгенін растайтын құжатты немесе оны төлеуден босатылғанына құқықты растайтын құжатты ұсынуы тиіс.  
Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің өзгермеуі, кеменің негізгі элементтерінің өзгермеуі, оның техникалық жай-күйі, оның жүзуге жарамдылығы, белгіленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексеріледі, пайдалану шарттары нақтыланады.
Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемді кемелер сол жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.
Корпустың айтарлықтай тозуы немесе оның деформациясы анықталған жағдайда, кеме иесі аумақтық бөлімше қызметкерінің талабы бойынша шағын көлемді кемені жағалауда көрсетеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына салыстырма кесте
 

п/п

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Ескертпе

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысымен бекітілген

Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидасы

19-тармақ

19. Жыл сайынғы техникалық куәландыру шағын көлемді кемеге бастапқы куәландыру жүргізілген сәттен бастап бір жыл ішінде жүргізіледі.

Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің өзгермеуі, кеменің негізгі элементтерінің өзгермеуі, оның техникалық жай-күйі, оның жүзуге жарамдылығы, белгіленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексеріледі, пайдалану шарттары нақтыланады.

Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемді кемелер сол жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.

Корпустың айтарлықтай тозуы немесе оның деформациясы анықталған жағдайда, кеме иесі аумақтық бөлімше қызметкерінің талабы бойынша шағын көлемді кемені жағалауда көрсетеді.

19. Шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыру кеме қатынасы мүмкін болатын уақыт ішінде жүргізіледі.

Жеке тұлға шағын көлемді кемені жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынған кезде, жеке тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралына салық төленгенін растайтын құжатты немесе оны төлеуден босатылғанына құқықты растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің өзгермеуі, кеменің негізгі элементтерінің өзгермеуі, оның техникалық жай-күйі, оның жүзуге жарамдылығы, белгіленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексеріледі, пайдалану шарттары нақтыланады.

Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемді кемелер сол жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.

Корпустың айтарлықтай тозуы немесе оның деформациясы анықталған жағдайда, кеме иесі аумақтық бөлімше қызметкерінің талабы бойынша шағын көлемді кемені жағалауда көрсетеді.

Шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыру кеме қатынасы және кеменің жүзгіштігі, тұрақтылығы және батпайтындығы сияқты сапасын тексеруді жүзеге асыруға мүмкін болатын навигация кезеңінде жүргізу қажет.

Сондай-ақ Салық кодексінің 3-тармағын іске асыру мақсатында көлік құралдары міндетті техникалық тексеруден өткен жағдайда, көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін салықты бюджетке аудару мен төлеуді Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізу қажет.



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Ж. Қасымбек
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші – мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыру кеме қатынасы және кеменің жүзгіштігі, тұрақтылығы және батпайтындығы сияқты сапасын тексеруді жүзеге асыруға мүмкін болатын навигация кезеңінде жүргізу қажет.

Сондай-ақ Салық кодексінің 3-тармағын іске асыру мақсатында көлік құралдары міндетті техникалық тексеруден өткен жағдайда, көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін салықты бюджетке аудару мен төлеуді Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізу қажет

3.

Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің шағымдану рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысы



7 .

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9 .

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10 .

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www . mtc . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www . mtc . gov . kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрі Ж. Қасымбек  
 2014 ж. « » ___________