• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 Қаулысы

Осы редакция 11.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи уран концентратына (U3 O8 ) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он  күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 3 ақпандағы
 № 74 қаулысымен
 бекітілген
Табиғи уран концентратына (U3 O8 ) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) 1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи уран концентратына (U3 O8 ) баға белгілеу қағидасы  (әдістемесі) (бұдан әрі - Қағида) табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын (U3 O8 ) өткізу бағасын белгілеу (есептеу) тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар
2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар:
1) ұзақ мерзімді келісімшарт - табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алуға-сатуға үш жылдан және одан да көп жыл қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт;
2) орта мерзімді келісімшарт - табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алуға-сатуға бір жарым жылдан үш жылға дейінгі қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт;
3) споттық келісімшарт - табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алуға-сатуға алты айдан бір жарым жылға дейінгі қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт;
4) қысқа мерзімді келісімшарт - табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алуға-сатуға алты айдан аспайтын қолданылу мерзімімен жасалған келісімшарт;
5) оферта - егер ол жеткілікті түрде анықталған болса және ол (акцепт) қабылданған жағдайда ұсыныс жасаған тұлға өзін байланысты деп санайтын ниетін білдірген болса, табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сату келісімшартын жасасу туралы ұсыныс. Егер онда шарттың елеулі талаптары немесе оны анықтайтын тәртібі көрсетілген болса, ұсыныс жеткілікті түрде анықталған болып табылады. Бұл ретте осы Қағиданың мақсаттары үшін офертаның қолданылу мерзімі оның негізінде қысқа мерзімді келісімшарт жасалатын офертаны қоспағанда, оны берген күнінен оны (акцепт) қабылдау күніне дейін алты айдан аспауға тиіс. Қысқа мерзімді келісімшарт бойынша офертаны қолдану мерзімі оны берген күннен ол (акцепт) қабылдағанға дейін екі айдан аспауға тиіс;
6) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған баға - «Ux
Соnsulting LLC» (АҚШ) және «Тradе Тесh LLC» (АҚШ) компанияларымен
Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) долларымен жария етілген, U3 O8 фунты үшін АҚШ долларымен белгіленген табиғи уран (U3 O8 )  концентратының фунтына ұзақ мерзімді, орта мерзімді немесе споттық  бағаның индикаторы;
7) мәміле бағасы - осы Қағидаға сәйкес табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтын өткізу бағасы. Егер келісімшарт бойынша төлем валютасы АҚШ доллары болып табылмаса, онда мәміле бағасына АҚШ долларын меншік құқығы ауысқан күні қолданыстағы бағам бойынша төлем валютасына ауыстыру коэффициенті қолданылады;
8) эскалация коэффициенті - төлем валютасын шығарушы елдің уәкілетті органы жариялаған деректер бойынша төлем валютасының құнсыздану деңгейін көрсететін (егер төлем валютасы АҚШ доллары болып табылса, онда АҚШ Коммерция Департаменті; егер төлем валютасы Евро болса, Орталық Еуропалық Банкі, басқа валюта үшін - төлем валютасын шығарушы елдің келісімшартта көрсетілген уәкілетті органы) және базалық бағаға қолданылатын көрсеткіш;
Эскалация коэффициенті Жалпы Ішкі Өнімнің (бұдан әрі - ЖІӨ) сатып алушыға тауардың меншік құқығы өтетін тоқсанның алдындағы бір тоқсанға жарияланатын Баға Дефляторы Индексі және ЖІӨ-нің келісімшартты жасаған тоқсанда немесе офертаны берген тоқсанда жарияланатын Баға Дефляторы Индексі мөлшерлерінің арасалмағы ретінде анықталады;
9) табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтын уран килограмына аудару коэффициенті - зауыт-конвертормен анықталған уранның бір килограмындағы табиғи уран концентраты фунтының мөлшерін белгілейтін мөлшер;
10) дифференциал - табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтына АҚШ долларында немесе уран килограмы үшін теңгеде көрсетілген, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес, мәміле бағасын немесе ақпарат көздерінен алынған бағаны салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері; Дифферинциалдың құрамалары құжат ретінде немесе ресми қабылданған ақпарат көздерімен бекітілуі тиіс;
11) дисконт — сатушы сатып алушыға ұсынатын, табиғи уран  концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта анықталатын, уран нарығындағы сауданың жалпы қабылданған практикасына сәйкес сегіз пайыздан аспайтын баға жеңілдігі, пайызбен (%) көрсетіледі;
12) FР - табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген мәміле бағасының төмен шегі;
13) СР - табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, мәміле бағасының табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген жоғарғы шегі.
3. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын анықтау тәртібі
3. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула арқылы есептеледі:
Р = SР х (100% - D): 100% - Т, мұнда:
Р - мәміле бағасы (U3 O8 фунтына АҚШ долларымен);
SP - офертаны беру немесе келісімшартты жасасу күніне табиғи уран концентратына (U3 O8 ) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтына АҚШ долларымен);
D - дисконт, %;
Т - табиғи уран концентратын (U3 O8 ) жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтына АҚШ долларымен).
4. Егер табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта дисконт көзделген жағдайда, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есептемей жасалады.
5. Егер Р уран килограмы үшін АҚШ долларымен есептелсе, онда табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунты үшін АҚШ долларымен есептелген Р-ға табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунттарын уран килограмдарына ауыстыру коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100% - D): 100% - Т) х С, мұнда:
С - табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, табиғи уран концентраты (U3 O8 ) фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.
6. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100% - D): 100% - Т) х ЕR, мұнда:
ЕR (ехсhаngе rаtе) мөлшері - табиғи уран концентратын сатқан күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.
7. Осы Қағиданың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған жағдайда, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100% - D): 100% - Т) х С х ЕR.
4. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасын анықтау тәртібі
8. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула арқылы есептеледі:
Р = SР х (100% - D): 100% - Т, мұнда:
Р - мәміле бағасы (табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтына АҚШ долларымен);
SР - меншік құқығы сатып алушыға өтетін күні табиғи уран концентратына (U3 O8 ) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Ресми түрде танылған ақпарат кездерінде меншік құқығы өту күні споттық баға индикаторлары болмаған кезде меншік құқығы өтетін күн алдындағы күні жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады (табиғи уран концентратының (U3 O8 ) фунтына АҚШ долларымен);
D - дисконт, %;