• Мое избранное
"Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 791 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи уран концентратына (U3 O8 ) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына (U3 O8 ) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 11 шілдедегі
 № 791 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2011 жылғы 3 ақпандағы
 № 74 қаулысымен
 бекітілген
Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға арналған келісімшарттарға сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар:
1) ұзақ мерзімді келісімшарт – қолданылу мерзімі үш және одан да көп жылға табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға жасалған келісімшарт.
2) орта мерзімді келісімшарт – қолданылу мерзімі бір жарым жылдан үш жылға дейін табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға жасалған келісімшарт.
3) споттық келісімшарт – қолданылу мерзімі алты айдан бір жарым жылға дейін табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға жасалған келісімшарт.
4) қысқа мерзімді келісімшарт – қолданылу мерзімі алты айдан аспайтын табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға жасалған келісімшарт.
5) оферта – егер жеткілікті түрде айқындалған болса және ол (акцепт) қабылданған жағдайда ұсыныс жасаған тұлға өзін байланысты деп санайтын ниетін білдірген болса, табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшартын жасасу туралы ұсыныс. Егер онда шарттың маңызды талаптары немесе оны айқындайтын тәртібі көрсетілген болса, ұсыныс жеткілікті түрде айқындалған болып табылады. Бұл ретте қысқа мерзімді келісімшарт жасауға негіз болатын офертаны қоспағанда, осы Қағидалардың мақсаттары үшін офертаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап қабылданған (акцепт) күніне дейін алты айдан аспауға тиіс. Қысқа мерзімді келісімшарт бойынша офертаны қолдану мерзімі берілген күнінен бастап қабылдағанға (акцепт) дейін екі айдан аспауға тиіс.
6) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған баға – «UxСоnsulting LLC» (АҚШ) және «Тradе Тесh LLC» (АҚШ) компанияларымен
Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен жария етілген, U3 O8  фунты* үшін АҚШ долларымен белгіленген U3 O8  фунтына* ұзақ мерзімді, орта мерзімді немесе споттық бағаның индикаторы.
7) мәміле бағасы – осы Қағидаларға сәйкес келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген табиғи уран концентратының фунтын өткізу бағасы. Егер келісімшарт бойынша төлем валютасы АҚШ доллары болып табылмаса, онда мәміле бағасына АҚШ долларын меншік құқығы ауысқан күні қолданыстағы бағамы бойынша төлем валютасына ауыстыру коэффициенті қолданылады.
8) эскалация коэффициенті – төлем валютасын шығарушы елдің уәкілетті органы жариялаған деректер бойынша төлем валютасының құнсыздану деңгейін көрсететін (егер төлем валютасы АҚШ доллары болып табылса, онда АҚШ Коммерция департаменті; егер төлем валютасы Евро болса, Орталық Еуропалық Банкі, басқа валюта үшін – төлем валютасын шығарушы елдің келісімшартта көрсетілген уәкілетті органы) және базалық бағаға қолданылатын көрсеткіш.
Эскалация коэффициенті жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) сатып алушыға тауардың меншік құқығы өтетін тоқсанның алдындағы бір тоқсанға жарияланатын баға дефляторы индексі және ЖІӨ-нің келісімшартты жасаған тоқсанда немесе офертаны берген тоқсанда жарияланатын баға дефляторы индексі шамаларының арақатынасы ретінде айқындалады.
Келісімшарттар бойынша меншік құқығы келісімшарт күшіне енген күннен бастап бес жылдан кейін ауысқан жағдайларда, эскалация коэффициенті сатып алушыға тауардың меншік құқығы өтетін тоқсанның алдындағы бір тоқсанға жарияланатын және келісімшарт бойынша жеткізілімнің бірінші жылғы бірінші тоқсанына ЖІӨ баға дефляторы индексі жарияланатын ЖІӨ-ның баға дефляторы индексі шамаларының арақатынасы ретінде айқындалуы тиіс.
9) табиғи уран концентратының фунтын уран килограмына аудару коэффициенті – конвертор зауыт белгілейтін, уранның бір килограмындағы табиғи уран концентраты фунтының мөлшерін айқындайтын шама.
10) дифференциал – табиғи уран концентратының бір фунтына АҚШ долларымен немесе уранның бір килограмы үшін теңгемен көрсетілген, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес мәміле бағасын немесе ақпарат көздерінен алынған бағаны салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері. Дифференциалдың құрамдас бөлшектері құжаттамамен немесе ресми қабылданған ақпарат көздерімен расталуға тиіс.
11) дисконт – сатушы сатып алушыға ұсынатын, табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға арналған келісімшартта анықталатын, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын мәмілелер кезіндегі 0 (нөлден) 8 (сегіз) пайызға дейінгі, экспорттық мәмілелер кезінде 0 (нөлден) 5 (бес) пайызға дейінгі мәнге тең бағадан шегерім, пайызбен (%) көрсетіледі.
12) FР (floor price) – U3 O8  фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген мәміле бағасының төменгі шегі**.
13) СР (ceiling price) – U3 O8  фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген мәміле бағасының жоғарғы шегі**.
14) табиғи уран концентраты – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 569-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген «Уран рудасының концентраты. Техникалық шарттар» СТ 1909-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес келетін, уран тотығы-шала тотығы (U3 O8 ), аммоний диуранаты (NH4 )2 U2 O7 , уран пероксиді (UO4 xH2 O) нысандағы уран концентраттары және табиғи құрамында U-235 изотопы бар уран оксидтерінен тұратын басқа концентраттар.
3. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі
3. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = SР х (100 % - D): 100 % - Т, мұнда:
Р – мәміле бағасы (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
SР (spot price) – оферта берілген немесе келісімшарт жасалған күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
D (discount) – дисконт, %;
Т (transport and price differential) – табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға сәйкес ескерілетін дифференциал (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*).
4. Егер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі.
5. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелсе, онда  U3 O8  фунты үшін АҚШ долларымен* есептелген Р-ға U3 O8  фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С, мұнда:
С (conversion factor) – U3 O8  фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3 O(conversion factor) фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.
6. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100% - D): 100% - Т) х ЕR, мұнда:
ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.
7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған кезде мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С х ЕR.
4. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі
8. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = SР х (100 % - D): 100 % - Т, мұнда:
Р (price) – мәміле бағасы, (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
SР (spot price)– меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Меншік құқығы ауысатын күнге споттық баға индикаторлары ресми түрде танылған ақпарат көздерінде болмаған кезде меншік құқығы ауысатын күн алдындағы күнге жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
D (discount) – дисконт, %;
Т (transport and price differential) – трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға сәйкес табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты ескерілетін дифференциал (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*).
9. Егер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі.
10. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелген жағдайда, онда U3 O8  фунты үшін АҚШ долларымен* есептелген Р-ға  U3 O8 фунттарын уран килограмдарына ауыстыру коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С, мұнда:
С (conversation factor) - U3 O8  фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3 O8  фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.
11. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаған жағдайда, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х ЕR, мұнда:
ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.
12. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған кезде мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С х ЕR.
5. Орта мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі
13. Орта мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = (1-К) х ВР х (100 %-D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 %-D1): 100 % - Т, бұл ретте:
егер Р < FР, онда Р = FР
егер Р > СР, онда Р = СР, бірақ егер СР < (SР – 10 %), онда Р = (SР – 10 %)**, мұнда:
Р (price) – мәміле бағасы, (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
ВР (base price) – базалық баға – келісімшартты орындаудың бүкіл мерзімінде тұрақты болатын мәміле бағасының құрамдас бөлігі, табиғи уран концентратына оферта беру немесе келісімшарт жасасу күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*) споттық және орта мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. ВР мынаған сәйкес айқындалады:
BP = (AMTP+ASP): 2, мұнда:
AMTP = (AMTP 1 + AMTP 2): 2,
ASP = (ASP 1 + ASP 2): 2,
AMTP (average mid-term price) - ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған жарияланатын орта мерзімді индикаторлардың орташа арифметикалық мәні (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде AMTP ретінде жалғыз жарияланатын мән (орташаландырылмай) қолданылады және AMTP мынаған сәйкес айқындалады:
AMTP = AMTP 1 немесе AMTP 2, қай мәннің жарияланатынына байланысты;
ASP (average spot price) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған жарияланатын споттық индикаторлардың орташа арифметикалық мәні (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде ASP ретінде жалғыз жарияланатын мән (орташаландырылмай) қолданылады және ASP мынаған сәйкес айқындалады:
ASP = ASP 1 немесе ASP 2, қай мәнінің жарияланатынына байланысты;
SР (spot price) – споттық баға – мәміле бағасының ауыспалы құрамдас бөлігі – сатып алушыға меншік құқығының ауысу күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде меншік құқығы ауысатын күнгі споттық баға индикаторлары болмаған кезде меншік құқығы ауысатын күннің алдындағы күні жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады;
К (коэффициент) - ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды орта мерзімді бағалардың серпіні мен өзгеру деңгейіне байланысты тәуекелдерді барынша азайту үшін мәміле бағасының формуласымен базалық бағаның және споттық бағаның үлестері айқындалатын коэффициент.
К мынадай формула бойынша айқындалады:
К = 0,5 х k, мұнда:
0,5 – келісімшарт бағасын есептеудің бастапқы кезеңінде базалық баға мен споттық баға үлестерінің теңдігін айқындайтын К коэффициентінің тұрақты бөлігі;
k – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды бағалар өзгерісінің деңгейін белгілейтін К коэффициентінің ауыспалы бөлігі. Егер k екіден көп болған жағдайда, онда есептеу үшін екіге тең мән алынады. Есептеулерде үтірден кейін екі мағыналы цифры бар мән пайдаланылады;
k мынадай формула бойынша айқындалады:
k = РР: ВР, мұнда:
ВР (base price) - базалық баға – келісімшартты орындаудың бүкіл мерзімінде тұрақты болатын мәміле бағасының құрамдас бөлігі, табиғи уран концентратына оферта беру немесе келісімшарт жасасу күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*) споттық және орта мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні.
РР (price projection) - табиғи уран концентратына ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды бағалар индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Есептеу үшін табиғи уран концентратына (Міd Рrісе Аnnuаl Міdроіnt), Ux Соnsulting LLC «Urаnіum Маrкеt Оutlооk» және «Uranium Market Price Projections» (Term Ref) есебінде тоқсан сайын және Trade Tech LLC «URANIUM Market Study» есебінде ай сайын және тоқсан сайын жарияланатын баға индикаторларының өзгеру болжамының базалық сценарийінің орташа мәні пайдаланылады. Есептеу үшін оферта берілген және/немесе келісімшарт жасалған күні қолданыстағы, есеп берудің қайсысы соңғысы болғанына байланысты ай сайынғы, сол сияқты тоқсан сайынғы соңғы мәндер қолданылады. РР үшін кезекті жеткізу жүзеге асырылған тоқсан есеп айырысатын кезеңнің басталуы болып табылады. Орта мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімінің соңғы тоқсаны РР үшін есеп айырысу кезеңнің аяқталуы болып табылады (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана болжамды бағалар индикатоларын жариялаған кезде РР есептеу үшін жалғыз жарияланған мәндер қолданылады.
D (discount) – дисконт, %;
Т (transport and price differential) - табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*).
Егер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген жағдайда, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі;
Esc (escalation) - эскалация коэффициенті.
14. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелген жағдайда, онда U3 O8  фунты үшін АҚШ долларымен* есептелген Р-ға U3O8 фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsc + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С, мұнда:
С (conversion factor) – U3 O8  фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3O8 фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.
15. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаған жағдайда, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х ЕR, мұнда:
ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысатын күні қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.
16. Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген жағдайлар бір уақытта қолданылған кезде мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С х ЕR.
6. Ұзақ мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі
17. Ұзақ мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формулалардың біреуі бойынша есептеледі:
1) Р = (1 - K) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Esc + K х SP х (100 % - D2): 100 % - Т,
бұл ретте:
егер Р < FР, онда Р = FР
егер Р > СP онда Р = CP, бірақ егер CP < (SР – 10 %), онда Р = (SР – 10 %)**, мұнда:
Р (price) – мәміле бағасы, (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
ВР (base price) – базалық баға – келісімшарттың барлық орындалу мерзімінде тұрақты мәміле бағасының құрамдас бөлігі – оферта берілген немесе келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күнінен бастап әрбір бесінші жылы қайта қарауға жататын келісімшартты жасасу күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Осындай әрбір қайта қарау кезінде ВР, келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күннен бастап әрбір бесінші жылдың басына келетін күнгі жағдай бойынша ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәніне сәйкес келтіріледі.
BP мыналарға сәйкес айқындалады:
BP = (AMTP+ASP): 2, мұнда:
AMTP = (AMTP 1 + AMTP 2): 2,
ALTPP = (ALTP 1 + ALTP 2): 2,
AMTP (average mid-term price) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*), жарияланатын орта мерзімді индикаторлардың орташа арифметикалық мәні. Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде AMTP ретінде жалғыз жарияланатын мән (орташаландырылмай) қолданылады және AMTP мынаған сәйкес айқындалады:
AMTP = AMTP 1 немесе AMTP 2, қай мәннің жарияланатынына байланысты;
ALTP (average long-term price) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған жарияланатын ұзақ мерзімді индикаторлардың орташа арифметикалық мәні (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде ALTP ретінде жалғыз жарияланатын мәні (орташаландырылмай) қолданылады және ALTP мынаған сәйкес айқындалады:
ALTP = ALTP 1 немесе ALTP 2, қай мәннің жарияланатын болып табылатынына байланысты;
Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың әрбір бесінші жылының бірінші күні табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары болмаған кезде, келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың бесінші жылының бірінші күнінің алдындағы күні жарияланған табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары қолданылады (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
SР (spot price) – споттық баға – бағаның ауыспалы құрамдас бөлігі – сатып алушыға меншік құқығы ауысатын күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде меншік құқығы ауысатын күнгі споттық баға индикаторлары болмаған кезде меншік құқығы ауысатын күннің алдындағы күні жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады.
К (коэффициент) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды орта мерзімді бағалардың серпіні мен өзгеру деңгейіне байланысты тәуекелдерді барынша азайту үшін мәміле бағасының формуласымен базалық бағаның және споттық бағаның үлестері айқындалатын коэффициент.
К мынадай формула бойынша айқындалады:
К = 0,5 х k, мұнда:
0,5 – келісімшарт бағасын есептеудің бастапқы кезеңінде базалық баға мен споттық баға үлестерінің теңдігін айқындайтын К коэффициентінің тұрақты бөлігі;
k – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамдық бағалар өзгерісінің деңгейін айқындайтын К коэффициентінің ауыспалы бөлігі. Егер k екіден көп болған жағдайда, онда есептеу үшін екіге тең мән алынады. Есептеулерде үтірден кейін екі мағыналы цифры бар мән қолданылады;
k мынадай формула бойынша айқындалады:
k = РР: ВР, мұнда:
ВР (base price) – базалық баға – келісімшарттың барлық орындалу мерзімінде тұрақты мәміле бағасының құрамдас бөлігі – оферта берілген немесе келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күннен бастап әрбір бесінші жылы қайта қарауға жататын келісімшартты жасасу күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Осындай әрбір қайта қарау кезінде ВР, келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күннен бастап әрбір бесінші жылдың басына келетін күнгі жағдай бойынша ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәніне сәйкес келтіріледі.
Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың әрбір бесінші жылының бірінші күні табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары болмаған кезде, келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың бесінші жылының бірінші күнінің алдындағы күні жарияланған табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары қолданылады (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
РР (price projection) – табиғи уран концентратына ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Есептеу үшін табиғи уран концентратына (Міd Рrісе Аnnuаl Міdроіnt), Ux Соnsulting LLC «Urаnіum Маrкеt Оutlооk» және «Uranium Market Price Projections» (Term Ref) есебінде тоқсан сайын және Trade Tech LLC «URANIUM Market Study» есебінде ай сайын және тоқсан сайын жарияланатын баға индикаторларының өзгеру болжамының базалық сценарийінің орташа мәні пайдаланылады. Есептеу үшін оферта берілген және/немесе келісімшарт жасалған күні қолданыстағы, ол есеп берудің қайсысы соңғысы болғанына байланысты ай сайынғы, сол сияқты тоқсан сайынғы есеп берудің соңғы мәні қолданылады. РР үшін кезекті жеткізу жүзеге асырылған тоқсан есеп айырысатын кезеңінің басталуы болып табылады. Кезекті жеткізу күнінен бастап бесінші жылдығы келетін тоқсан РР үшін есеп айырысу кезеңнің аяқталуы болып табылады (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*). Тек бір ғана ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды баға индикатоларын жариялаған кезде РР есептеу үшін жалғыз жарияланатын мән қолданылады.
D (discount) – дисконт, %;
Т (transport and price differential) – табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
Табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі;
Еsс (escalation) — эскалация коэффициенті;
2) P = MP x (100 % - D): 100 % - Т, бұл ретте:
Р – мәміле бағасы (U3 O8  фунты үшін АҚШ долларымен*);
MP (market price) – нарыққа байланған бағаның ауыспалы құрамдас бөлігіне байланысты баға – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратына споттық баға (жеке-жеке), орта мерзімді баға (жеке-жеке), ұзақ мерзімді баға (жеке-жеке) индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3 O8  фунты үшін АҚШ долларымен*) немесе меншік құқығы сатып алушыға ауысу күніне қолданылатын солардың ішіндегі кез келген комбинациясы. Меншік құқығының өту күніне баға индикаторлары ресми мойындалған ақпарат көздерінде болмаған кезде меншік құқығының өту күні алдындағы күніне жарияланған баға индикаторы қолданылады (U3 O8  фунты үшін АҚШ долларымен*);
D (discount) – дисконт, %;
Т (transport and price differential) – табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (U3 O8  фунтына АҚШ долларымен*);
Табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі.
18. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелсе, онда табиғи уран концентраты (U3 O8  фунты үшін АҚШ долларымен*) есептелген Р-ға табиғи уран концентраты (U3 O8 ) фунттарын уран килограмдарына ауыстыру коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С, мұнда:
С (conversion factor) – U3 O8  фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3 O8  фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.
19. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х ЕR, мұнда:
ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күніне қолданыста болған және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.
20. Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған жағдайда, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х ЕSс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С х ЕR.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасында ресми түрде танылған ақпарат көздері – Trade Tech LLC және UX Consulting LLC, табиғи уран концентратына қатысты тек U3O8 уран тотығы-шала тотығына арналған споттық баға индикаторларын жариялайды. Осыған байланысты, U3 O8  уран тотығы-шала тотығынан өзгеше табиғи уранның басқа концентраттарына қатысты U3 O8  бір фунты үшін АҚШ долларымен ұқсас баға индикаторлары қолданылады.
** Егер осы Қағидаларға сәйкес табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы FР-дан төмен болған жағдайда, мәміле бағасы ретінде FР мәні қолданылады.
Егер осы Қағидаларға сәйкес табиғи уран концентратын (U3 O8 ) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы СР-нен жоғары болған жағдайда, мәміле бағасы ретінде СР мәні қолданылады. Егер СР меншік құқығы ауысқан күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратының споттық бағасы индикаторларының он пайызға азайтылған орташа арифметикалық мәнінен төмен болған жағдайда, меншік құқығы ауысқан күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратының споттық бағасы индикаторларының он пайызға азайтылған орташа арифметикалық мәні мәміле бағасы ретінде қолданылады.
Төменгі және (немесе) жоғарғы шектер мәміле бағасы ретінде, егер осындай шектер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген жағдайда ғана қолданылады.
Коэффициенттерді мәміле бағасын айқындау үшін пайдаланған кезде дөңгелектеу қағидалары табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшарттарында (шарттарда) белгіленеді.