Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 167-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8)-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге тікелей өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері (бұдан әрі – ЖПД) қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға нысан бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардан анықтама.
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелді, 2011 жылғы 24 ақпандағы «Казахстанская правда» газетінде № 68-69 жарияланған) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 079/е нысаны бойынша Сауықтыру лагеріне баратын мектеп оқушысына медициналық анықтаманың жарамдылық мерзімі – 10 күн.
№ 907 бұйрығымен бекітілген 035-2/е нысаны бойынша диспансерлік есепте тұратынына немесе тұрмайтынына анықтаманың жарамдылық мерзімі - 30 күн.
7. Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс сенбі және жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін);
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға соңғы сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 30 (отыз) минут бұрын қабылданады (жұмыс күндері 19.30-ға дейін).
9. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар (не сенімхат бойынша оның өкілі) - жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану : шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.
Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
____________________________
«Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететін

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |