• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2015 г

Отправить по почте

Прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 7 наурыздағы № 22 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Бас Прокурорының 27.03.2015 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
Редакция 18.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Прокуратура органдарында тергеу функциясын одан әрі жетілдіру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Бас Прокурордың 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 36 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасары 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Н.М. Исаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың, Бас прокуратура жанындағы С. Есқараев атындағы Институт басшыларының назарына жеткізілсін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 22 бұйрығымен
бекітілген
Прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК-сі) 191 бабының 3 бөлігі, 197 бабының 1 бөлігінің 12 тармағы және 198 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес прокуратура органдарында қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудің ұйымдастырылуын реттейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 18.07.2013 жылғы № 72 Бұйрығымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Прокуратура органдарында алдын ала тергеу жүргізу түріндегі қылмыстық қудалау функциясын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Департаменті (бұдан әрі - Департамент), облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың арнайы прокурорлар басқармасы (бұдан әрі - басқарма) жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 18.07.2013 жылғы № 72 Бұйрығымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Алдын ала тергеу өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне (бұдан әрі тиісінше - ҚК, ҚІЖК), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарына, нұсқаулықтарына, нұсқауларына, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы прокурор - өзінің құзіреті шегінде тергеуге дейінгі тексеруге, қылмыстық істі тергеуді тергеу тобын құру арқылы немесе тікелей жүргізуге уәкілеттік берілген Департамент басшысы, Департамент басшысының орынбасары, Бас Прокурордың (тергеу және тергеу тобын басқару, криминалист) аға көмекшісі (көмекшісі), басқарма бастығы, облыс прокурорының (тергеу және тергеу тобын басқару, криминалист) аға көмекшісі (көмекшісі) және оларға теңестірілген, басқарманың аға прокуроры және прокуроры (криминалист) қызметіндегі лауазымды тұлға.
3-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 18.07.2013 жылғы № 72 Бұйрығымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4. Арнайы прокурор ҚІЖК-нің 64 және 199-баптарымен көзделген тергеуші мен тергеу тобы басшысының барлық өкілеттіктерін иеленеді.
5. Департамент бастығы, оның орынбасары, басқарма бастықтары ҚІЖК-нің 63 бабында көзделген тергеу бөлімінің бастығының барлық құзіретіне ие.
5-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 18.07.2013 жылғы № 72 Бұйрығымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен белгіленген міндеттер мен принициптерге сәйкес жүзеге асырылады.
7. Арнайы прокурорларға осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдын ала тергеуді жүзеге асырумен байланысты емес міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.
2. Қылмыстық істер бойынша тергеуді ұйымдастыру
8. Материалдар бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізу, қылмыстық істі өндіріске қабылдау және алдын ала тергеуді, соның ішінде тергеу тобына жетекшілік ету нысанында жүзеге асыру туралы мәселені шешу кезінде:
азаматтардың конституциялық құқықтарын елеулі бұзу, соның ішінде азаптау;
қоғамдық пікір тудыратын лауазымдық, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ мемлекеттің мүддесін қозғайтын экономикалық қылмыстар басым санатта болып табылады.
9. Ерекше жағдайларда тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы прокурор өзге санаттағы қылмыстар туралы материалдар бойынша тергеуге дейінгі тексеруді және қылмыстық істер бойынша тергеуді Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарының, облыс және оған теңестірілген прокурордың (бұдан әрі - облыс прокуроры) тапсырмасымен жүргізуі мүмкін.
10. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізу, сондай-ақ қылмыстық істі тікелей өндіріске қабылдау үшін негіздер болған кезде, арнайы прокурор:
Бас прокуратурада - Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарының алдында;
облыс прокуратурасында - облыс прокурорының алдында тиісті өтінішке бастамашылық етеді.
10-1. Бірнеше органдардың тергеушілерінен тергеу тобын құру реті ҚІЖК-нің 198 бабының 2 бөлігінде анықталған.
Нұсқаулық 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 18.07.2013 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес
11. ҚІЖК-нің 198-бабының 3-бөлігіндегі тәртіппен тергеу тобын құру туралы Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары, Департамент бастығы, облыс прокуроры Бас Прокурордың алдына өтініш енгізеді.
Көрсетілген өтініштер бойынша шешімдер келіп түскен күннен бастап 3 тәуліктің ішінде қабылданады.
Тергеу тобын құру, оның құрамы мен саны, орналасқан жері туралы мәселені шешу кезінде қылмыстық істің күрделігі мен маңыздылығын, тергеудің толық және объективті еместігі фактілерінің болуын негізге алу қажет.
Тергеу тобына енгізілетін тергеушілердің кандидатуралары алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдардың басшыларымен жазбаша келісіледі.
11-1. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың арнайы прокурорларымен қылмыстық істерді өндірісіне қабылдаған күннен, оның ішінде ҚІЖК-нің 198 бабының 2, 3 бөліктеріне сәйкес, тергеу тобын құрған кезден бастап үш тәулік ішінде Департаментке хабарлайды.
Нұсқаулық 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 18.07.2013 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес
12. Негіздер болған кезде арнайы прокурор қадағалаушы прокурор арқылы қылмыстық істі жан-жақты және толық тергеуге қол жеткізу үшін күштер мен құралдар бөлу туралы құқық қорғау немесе арнайы органның аумақтық бөлімшесі басшысының алдында өтініш жасайды.
Аумақтық прокуратура органдарының басшылары тергеуді ұйымдастыруға, тергеу тобын қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен, ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.
13. Қажет жағдайларда, жоғарыда көрсетілген санаттағы істерді тергеу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, арнайы прокурор Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарының, облыс прокурорының алдында «Маңызды және аса маңызды қылмыстық істер бойынша тергеу және сотта қарау барысында толассыз қадағалау тобының жұмысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 45 бұйрығымен құру тәртібі көзделген толассыз қадағалау тобын құру туралы өтініш жасайды.
14. Қылмыс белгілерін тікелей анықтаған кезде арнайы прокурор бұл туралы прокуратура органының басшысына баянатпен баяндайды, оны ҚІЖК-де, сондай-ақ Бас Прокурордың 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстар, оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты, соның ішінде электрондық форматта қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау туралы» Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен тіркейді, және осы Нұсқаулықтың 10-тармағында көзделген талаптарға сәйкес тиісті іс жүргізу шешімін қабылдай отырып, тергеуге дейінгі тексеруді жүргізе алады.
15. Қылмыстық істі қозғалғаннан кейін Бас Прокурор, оның жетекшілік ететін орынбасары, сондай-ақ облыс прокуроры тиісті қылмыстық ізге түсу органына немесе өзінің тікелей өндірісіне қабылдайтын және алдын ала тергеуге кірісетін арнайы прокурорға береді.
Облыс прокуроры және қылмыстық ізге түсу органдары Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарының алдында Департаменттің арнайы прокурорларының қылмыстық істі өндіріске қабылдауы туралы өтініш жасай алады.
16. Қылмыстық істі тергеу Бас прокуратурада - Департамент бастығы, облыс прокуратурасында - облыс прокуроры бекітетін негізгі жоспарға сәйкес жүргізіледі. Тергеу жоспары тергеу және басқа да әрекеттер, орындау мерзімдері мен орындаушылар айқын көрсетілген барынша нақты болуы тиіс.
Бақылау мақсатына тергеу тобының мүшелері топ басшының жанында жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша үнемі тыңдалады.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жоспарымен танысуға прокуратура органдары басшылығы Бас Прокурор, оның жетекшілік ететін орынбасары, оны бекіткен лауазымды тұлғалар, оның өндірісіндегі осы іс бойынша арнайы прокурор, сондай-ақ оның тармақтарын олардың ұұзыретіне тікелей қатысты бөлікте іске асыруға тартылған прокуратураның, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің құқығы бар.
17. Арнайы прокурордың өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша азаматтарды күдікті ретінде негізсіз ұстаудың, заңсыз қамау мен қылмыстық жауапкершілікке тартудың әрбір фактісі бойынша Департамент, облыс прокуратурасы тиісті тексеру жүргізіледі.
18. Қылмыстық істі тергеу кезінде анықталған, тексеру жүргізуді және тиісті прокурорлық шараларын қабылдауды талап ететін, заң бұзушылықтар жөнінде арнайы прокурор қадағалаушы прокурорға хабарлайды.
Сонымен бір мезгілде арнайы прокурордың міндетіне қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы тиісті ұсыным енгізу жатады. Мемлекеттік органдардың орталық аппаратына енгізілетін ұсынымдар, бас әскери және көлік прокуратураларын қоспағанда, Бас прокуратура арқылы жіберіледі.
19. Тергеу тобы мүшесінің қызметтік немесе атқарушылық тәртіпті бұзуы туралы тергеу тобының жетекшісі дереу жазбаша нысанда оның жауапкершілігі және топ құрамынан шығару туралы мәселені қоя отырып, қадағалаушы прокурорды хабардар етеді.
Әрбір жағдайда топ жетекшісі облыс прокурорының жанында жедел жиналыс өткізумен және топ тергеушілері жұмысының нәтижелерінен қылмыстық ізге түсу органдарының тиісті басшыларының атына қылмыстық ізге түсу органдарының тергеушілерін көтермелеу не жазалау туралы хат жіберумен жұмысты аяқтайды.
20. ҚІЖК-нің 89-92-баптарында көрсетілген негіздер болған кезде арнайы прокурорды облыс прокуроры қылмыстық істі тергеуден шеттетуі мүмкін.
Бас Прокурордың аға көмекшісі мен көмекшісі арқылы арнайы прокурорды көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі тергеуден шеттетуді Бас Прокурор, оның жетекшілік ететін орынбасары жүргізеді.
21. Бас Прокурордың салаға жетекшілік ететін орынбасары, Департамент бастығы және оның орынбасары, облыс прокурорлары, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма бастықтары алдын ала тергеудің ұйымдастырылуына ведомствалық бақылауды жүзеге асырады.
21-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 18.07.2013 жылғы № 72 Бұйрығымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларымен әр тоқсан сайын алдын ала тергеуді ұйымдастыру келесідей көрсеткіштер бойынша талданданады:
арнайы прокурорлардың тергеу алды тексеру жүргізуді практикалауы және материалдардың басымдылық санатына сәйкес қылмысқа жататындықтары;
арнайы прокурорлармен қозғалған қылмыстық істердің уақытылы және негізді қабылдануы, олардың басымдылық санатына сәйкестігі;
қинау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің тергелуі;
келтірілген шығынның өндірілуі;
қылмыстық істердің басқа тергеу органдарына жолдануы мен қайтарылуының негізділігі;
арнайы прокурорлар қабылдаған шешімдердің ҚІЖК-нің 109 бабы негізінде сотқа шағымдалуы және ҚІЖК-нің 387 бабының талаптарына сәйкес соттардың жеке қаулы шығаруы;
Нәтижелері туралы ҚР Бас прокуратурасына есептік айдан кейінгі айдың 10-на ақпарат жолданады.
Бұл бағыт бойынша жұмыс жағдайы Департаментпен тоқсан сайын талдау жасалады.
22. Департамент бастығы, оның орынбасары, облыс прокуроры, жетекшілік ететін орынбасар және арнайы прокурор тергеу жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы үшін, сондай-ақ атқарушылық тәртіптің жай-күйі үшін толық жауапкершілік атқарады.
23. Арнайы прокурорлардың қылмыстық істерді алдын ала тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру тәртібі «Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру туралы» Нұсқаулықпен реттеледі.
24. Бас Прокурор, оның жетекшілік ететін орынбасары, облыс прокуроры жекелеген ерекше жағдайларда арнайы прокурорға нақты қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруды жүктеуге құқығы бар.
25. Қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер облыс прокуратураларында, Бас прокуратурада, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарында «Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының заттай дәлелдемелерді, қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы» Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1043/ца, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 111 Бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес олардың сақталуы үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда сақталады.
Олардың сақталуы үшін арнайы прокурор немесе тиісті прокурордың бұйрығымен осы міндет жүктелген тұлға жауапкершілік көтереді.
3. Арнайы прокурорлар тергейтін істер бойынша статистикалық есептілік
26. Қылмыстық істі қозғаған және оны өзінің тікелей өндірісіне қабылдаған кезде немесе тергеу тобына жетекшілікті жүзеге асыру кезінде арнайы прокурор Бас Прокурордың бұйрықтарымен бекітілген ұсыну мерзімдері мен нысандарына сәйкес прокуратура органдарының статистикалық есептілігіне енгізілетін тиісті ақпараттық есепке алу құжаттарын толтырады.