• Мое избранное
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану мониторингiн жүзеге асыру ережесiнің 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес айқындалсын.
   2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
  1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
  3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қоршаған орта және су  
ресурстары министрінің  
 2014 жылғы « »
№ бұйрығына қосымша
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесі
  Тізбенің қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім.
 Жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілерін салу үшін немесе сәйкес жобалық зерттеу жұмыстарын өткізу үшін ЖЭК пайдалану объектiлерi құрылысына жер участкесін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешім көшірмесі.
 ЖЭК пайдалану бойынша жаңа объектіні салуға алдын-ала жобалау немесе жобалау құжаттамаларына мемлекеттік және/немесе жеке сараптаманың оң қорытындысының нотариалды расталған көшірмесі.
 ЖЭК пайдалану объектілерін электр желілеріне қосуға техникалық шарттың нотариалды расталған көшірмесі.
 Энергия өндіруші ұйымның нотариалды расталған құраушы құжаттардың көшірмелері.
   Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғаларға құқық қабілеттілігін растайтын құжаттар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) бойынша анықтамасы (куәлік) болып табылады.  
  Қазақстан Республикасының резиденттері емес-заңды тұлғаларға құқық қабілеттілігін растайтын құжаттар сауда тізілімнен үзінді көшірме немесе шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша шетел заңды тұлға заңды тұлға екендігін куәландыратын басқа құжат болып табылады.  
  Шет елдік тілде құрастырылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасымен беріледі.  
 Егер ЖЭК пайдалану объекттісі қолданыстағы негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып, реконструкцияланса, онда реконструкцияланып жатқан осы объекттегі қайта жаңарту жұмыстары басталған кездегі теңгерілген құнын растайтын, аудиторлық ұйыммен берілген қорытынды көшірмесін қоса береді.
________________________
 Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесіне  
 қосымша
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу өтінімі
  ________________________________________________________________________
 (Энергия өндіруші ұйымның толық атауы) 
  ұйымды жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне қосуды сұрайды.
  Осы өтінімге жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектісі бойынша келесі ақпарат қоса беріледі:  
  Энергия өндіруші ұйым туралы жалпы мәлімет (атауы; бизнес-сәйкестендіру нөмірі; орналасқан жері; Қазақстан Республикасындағы нақты мекен-жайы; Қазақстан Республикасындағы пошталық мекен-жайы; Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны; электрондық поштаның байланыс мекен-жайы).
 ЖЭК пайдалану объектісі туралы ақпарат (бұдан әрі - Объект):
   Объектінің атауы (электр энергиясын өндіру үшін ЖЭК қай түрін пайдаланатындығына байланысты);
 Объектінің генерациялайтын қондырғыларының жинақталған орнатылған қуаты, ЖЭК түрлері бойынша бөлінген;
 Объектінің жоспарланған іске берілу мерзімі;
 Объекті пайдаланудың жоспарланған мерзімі (жылмен);
 Объектінің қуатты пайдаланудың болжанған коэффициенті;
 Объектіні пайдалануға берілгеннен кейінгі Объектінің 15 жылға және Объектінің жоспарланған барлық пайдалану кезінде өндірілетін электр энергиясының болжанған көлемі;
 жер участкесінің кадастрлық нөмірін (болған жағдайда) көрсетілген Объектіні орналастыру ауданының мекен-жайы, алаң ауданы туралы ақпарат;
 ЖЭК пайдалану объектісі орналасқан аудан бойынша тапсырыс берушінің құқығы, осы құқықтың түрі, жасалған мерзімі және оның іске асу мерзімін көрсетілген ақпарат.
   Объектінің қондырғысы туралы ақпарат:
   объектідегі генерациялайтын қондырғының жеке бірлік қуаты көрсетілген, генерациялайтын қондырғылардың саны және түрі;
 объекті қондырғысының болжанған пайдалану мерзімі (аймен).
   Жобаның қаржы экономикалық көрсеткіштері:
   объектіні салуға немесе жаңартуға жоспарланған инвестиция көлемі (жобаны әзірлеу құнын, қондырғы құнын, жеткізу құнын, кедендік төлемдер шығынын және салу монтаждау жұмыстарының құнын көрсете отырып);
 жобаны қаржыландыру құрылымы (өзіндік және қарыз қаражат көлемін көрсете отырып);
 жобаның жоспарланған өтімділігінің қарапайым мерзімі.
   5. Қоса берілетін құжаттар тізімі:
  ____________________________________________________________
  ____________________________________________________________
  ____________________________________________________________.
_________________________________________________________________
 (Жетекші немесе уәкілетті тұлға, ТАӘ, қолы, күні)
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы _____________ № ______ бұйрығына анықтама-негіздеме
 



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану мониторингiн жүзеге асыру ережесiнің 12-тармағына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру.

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ





6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етілмейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)



  Заң департаментінің директоры Д. Акрачкова